2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет32/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
ббжм

Жалпы білім беру дағдылары – мектеп пәндерінің басым бөлігі бойынша білім алудың және оны қолданудың әмбебап әдістері (қандай да бір пәнге ғана тән пәндік дағдылардан айырмашылығы да осында).
Коммуникация (лат. communicatio, communico – бірлесіп жасау, байланыстыру, қарым-қатынас жасау) – қарым-қатынас жасауды, ой, білім, сезім, іс-әрекет алмасуды көздейтін адамдардың өзара іс-қимылы.
Креативті ойлау – адамның өз қиялын идеяларды дамыту және жетілдіру, жаңа білімді қалыптастыру, бұрын кездеспеген міндеттерді шешу үшін қолдана білуі.
Контекст – жазбаша немесе ауызша мәтіннің аяқталған ойы бар үзіндісі, оның жалпы мағынасы құрамындағы жеке сөздердің, сөйлемдердің және т. б. мағынасын нақтылауға мүмкіндік береді.
Құзырет – қандай да бір салада табысты қызмет ету үшін алған білімді, дағдылар мен тұлғалық қасиеттерді қолдана білу.
Мазмұн (контент) – адам алатын және пайдаланатын кез келген ақпарат (мәтін, әуен, графика, видео- және аудиоматериалдар, т. б.).
ББЖМ – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі.

10-сабақ



Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру
Оқу сауаттылығы
Сауатты оқу – кең мағынада, адамның мектептегі оқу кезеңінде де, болашақта да барлық іс-әрекеттің негізі. Бастауыш және негізгі мектепте табысты оқыту оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырусыз жүзеге аспайды. 
Оқу сауаттылығы – мәтінді оқу және түсіну қабілеті, мәтіннен ақпарат алу, түсіндіру, оны оқу немесе оқу-практикалық мәселелерді шешуде және күнделікті өмірде қолдану мүмкіндігі. Оқу сауаттылығы – функционалдық сауаттылықтың базалық дағдысы. 
Оқу сауаттылығы сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқушылар кітаппен немесе кез келген ақпарат көзімен кездескен кезде дамиды. 
Білім беруді дамытудың заманауи кезеңдерінің халықаралық тәсілдері мен спецификасын талдау нәтижесінде функционалдық сауаттылық мониторингінде оқу дағдылары төрт топқа топтастырылды. Оқу дағдыларының осы түрлерінің әрқайсысы биология сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстың маңызды шарты болып табылады. 

1. Ақпаратты табу және алу: 

  • қажет ақпарат бар орынды (мәтін үзіндісі, сілтеме, сайт және т. б.) анықтау;

  • мәтіннің бір немесе әртүрлі бөліктерінде орналасқан бір немесе бірнеше ақпарат бірліктерін табу және алу;

  • мәтінде қажетті ақпараттың болуын немесе болмауын анықтау.

2. Ақпаратты біріктіру және оған түсінік беру: 

  • фактологиялық ақпаратты түсіну; 

  • мәтіннің мазмұндық құрылымын түсіну; 

  • тұжырымдамалық ақпаратты түсіну; 

  • контекстке негізделген белгісіз терминнің немесе құбылыстың мағынасын түсіну; 

  • процесс немесе көріністер арасында байланыс орнату; 

  • қорытындыны тұжырымдау; 

  • сурет (кесте, график, диаграмма және т. б.) пен ауызша мәтінді байланыстыру. 

3. Мәтіннің мазмұны мен формасын зерделеу және бағалау: 

  • мәтіннің мазмұнын бағалау және оның құрылымдық элементтерінің мақсатын түсіну;

  • ақпараттың толықтығы мен шынайылығын бағалау; 

  • бір немесе бірнеше мәтіндегі қайшылықтарды анықтау

  • мәтінде талқыланатын мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және негіздеу; 

  • мәтін формасын бағалау. 

4. Мәтіндегі ақпаратты пайдалану: 

  • алынған ақпаратты, білімді қолданып немесе керісінше қолданбай, практикалық мәселені шешу үшін пайдалану

  • мәтін негізінде өзіндік гипотезаны тұжырымдау; ақпараттың мәтіні негізінде зерттеу нәтижелерін, биологиялық процестердің барысын және т. б. болжау;

  • мәтінде талқыланатын құбылыстардың сол класына жататын жаңа құбылыстың интерпретациясын ұсыну (оның ішінде бір пәндік аймақтан екіншісіне ауысу);

  • оқылған ақпарат мен қазіргі шындық арасындағы байланысты анықтау.

Мәтін және оқылым түрлері
МЖМБС негізінде жүйелі-белсенді тәсіл жатыр. Яғни білім мұғалімнің түсіндіруі барысында дайын түрде игерілмей, мұғалім ұйымдастыратын білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесі болуы керек. Осы орайда сабақ барысындағы оқыту құралдарының рөлі артады. Оқытудың негізгі құралдарының бірі – оқулық, ал оның негізі – мәтін. Сонымен қатар, биология сабақтарында диаграмма, кесте, график, схемалар да маңызды құрал болады.
Биология оқулықтарында тұтас мәтіндер сирек кездеседі, оқу материалының көп бөлігі тұтас емес мәтін түрінде ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет