2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Құзырет – қандай да бір салада табысты қызмет ету үшін алған білімді, дағдылар мен тұлғалық қасиеттерді қолдана білу.  Мазмұн (контент)



бет38/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
ббжм

Құзырет – қандай да бір салада табысты қызмет ету үшін алған білімді, дағдылар мен тұлғалық қасиеттерді қолдана білу. 
Мазмұн (контент) – адам алатын және пайдаланатын кез келген ақпарат (мәтін, әуен, графика, видео- және аудиоматериалдар, т. б.). 
ФС – функционалдық сауаттылық. 
ЖҒС – жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық. 
ББЖМ – білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу.

11- сабақ


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін PISA форматындағы тапсырмаларды қолдану


PISA халықаралық зерттеуі
PISA (Programme for International Student Assessment) – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұйымдастыратын білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық зерттеу. Алғашқы тестілеу 2000 жылы өтті, содан бері үш жылда бір рет өткізіліп тұрады. Қазақстан PISA тестілеуіне 2009 жылдан бері қатысып келеді. 
PISA-ның басты мақсаты – міндетті орта білім беру бағдарламасын меңгерген оқушылардың алған білімін практикада пайдалану, соның арқасында қоғамда толыққанды жұмыс істеу қабілеттерін бағалау. Зерттеу нәтижелеріне негізделген объективті бағалауды қамтамасыз ете отырып, PISA тестілеуге қатысушы елдерге олардың білім беру жүйесіне қандай өзгерістер қажет екені туралы қорытынды жасауға көмектеседі. 
PISA зерттеуі оқушылардың сауатын үш басым бағыт: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық бағыттары бойынша бағалайды. Себебі осы үш компонент одан әрі оқудың негізін құрайды. 
Тестілеу академиялық білімді емес, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, яғни: 

  • білім мен дағдыларды практикада қолдана білу

  • кез келген мәселенің мәнін және себеп-салдарлық байланыстарын терең түсіну; 

  • шығармашылық мәселелерді шешу; 

  • ақпаратты іздеу, талдау және түсіндіру қабілеттері мен дағдыларын бағалайды. 


PISA форматындағы тапсырмалар оқушылардың жаратылыстану ғылымына тән білімді қолдану(мазмұндық білім), проблемаларды анықтау(процедуралық білім), қоршаған әлемді және ондағы адамның іс-әрекетінің әсерінен болатын өзгерістерді түсінуге және тиісті шешімдер қабылдауға қажет болатын негізделген қорытынды жасау(эпистемологиялық білім) қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 
PISA бағалаудың негізгі әдісі ретінде бірнеше жауапты таңдайтын сұрақ форматын қолданады, себебі бұл – сенімді, тиімді әрі ғылыми талдау жасауға қолайлы әдіс. Тест тапсырмалары мәтіндегі сөзді белгілеу, ақпарат бөліктерін біріктіру, ашылмалы мәзірден бірнеше элементті таңдау сияқты сұрақ түрлерін қамтиды. Бұдан бөлек, PISA тестіндегі сұрақтардың шамамен 1/3 бөлігін ашық сұрақтар құрайды. 
PISA форматындағы тапсырмалар: 

  • оқушылар үшін қызық, нақты әрі өмірде кездесетін проблемалық жағдаяттарға негізделген

  • мәтінді, графикті, кестені, диаграмманы, схеманы және т. б. қамтиды. 

Тапсырмалардың әрқайсысы мына санаттар бойынша жіктеледі: 

PISA–2025 тұжырымдамасын әзірлеу кезінде «Жаратылыстанушылық-ғылыми зерттеуді бағалау және әзірлеу» және «Деректер мен дәлелдемелерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру» деген екі құзырет «Жаратылыстанушылық-ғылыми зерттеуге арналған модельдерді әзірлеу және бағалау, ғылыми деректер мен дәлелдемелерді сыни көзқарас тұрғысынан интерпретациялау» деген бір құзыретке біріктірілді. Бұл өзгеріс модельдерді бағалауға көбірек көңіл бөлу үшін жасалды, өйткені эксперименттерді әзірлеуге қатысатын ересектер көп емес, сондай-ақ екі құзырет те зерттеуге қатысу процесінің бір бөлігі болып есептелетін. «Құбылыстарды ғылым тұрғысынан түсіндіру» құзыреті өзгеріссіз қалды. 
Қазіргі уақытта әлеуметтік контексте интернет желісіндегі дереккөздер басым болғандықтан және олардың көбі ғылыми дереккөздер болғандықтан, білім алушылардың бойында шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеу, бағалау және пайдалану дағдыларын қалыптастырудың айрықша қажеттілігі туып отыр. Сәйкесінше, үшінші құзырет пайда болады. Құзыреттердің жаңартылған тізімі мынадай: 

    • құбылыстарды ғылым тұрғысынан түсіндіру;

    • жаратылыстанушылық-ғылыми зерттеуге арналған модельдерді әзірлеу және бағалау, ғылыми деректер мен дәлелдемелерді сыни көзқарас тұрғысынан интерпретациялау;

    • шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеу, бағалау және пайдалану.

  • тапсырмада қарастырылатын жаратылыстану ғылымына тән білімнің түрі; 

  • контекст; 

  • танымдық деңгей (күрделілік дәрежесі). 

Жаратылыстану ғылымына тән құзыреттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет