2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Құбылыстарды ғылым тұрғысынан түсіндіру



бет39/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
ббжм

Құбылыстарды ғылым тұрғысынан түсіндіру
Ғылымның мәдени жетістігі – біздің табиғат әлемі туралы түсінігімізді өзгерткен теориялар жиынтығы. Сондықтан адамның материалдық дүниеде болып жатқан құбылыстарды түсіндіру құзыреті ғылымның осы негізгі идеяларын білумен байланысты. 
Білім алушылар: 

  • тиісті жаратылыстану ғылымына тән білімді өзектендіру және қолдану

  • ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалану және оларды өзара түрлендіру; 

  • тиісті ғылыми болжамдар мен шешімдерді жасау және негіздеу; 

  • модельдерді айқындау, құру және бағалау; 

  • материалдық әлемдегі құбылыстарды түсіндіретін гипотезаларды тану және әзірлеу

  • жаратылыстану ғылымына тән білімнің қоғам үшін ықтимал маңызын түсіндіру қабілетін көрсете отырып, бірқатар табиғи және технологиялық құбылыс пен міндеттердің түсіндірмелері мен шешімдерін тануы, жасауы, қолдануы және бағалауы тиіс. 

Ғылыми, технологиялық және экологиялық құбылыстардың түсіндірмелерін әзірлеу үшін теорияларды, түсіндіретін идеяларды, ақпарат пен фактілерді (пәндік білім) өзектендіру мен қолдану қабілеті аздық етеді. Ғылыми түсініктеме беру, сондай-ақ, мұндай білімнің қалай алынғанын және кез келген ғылыми мәлімдемеге қатысты сенімділік деңгейін түсінуді талап етеді. Бұл құзыретті қалыптастыру үшін жеке тұлға мұндай білімді алу үшін ғылыми зерттеуде қолданылатын стандартты процедуралар мен практикалар туралы білім (процедуралық білім), сонымен қатар олардың ғылым тудырған білімді негіздеудегі рөлі мен функциясын түсінуі (эпистемологиялық білім) қажет. 
Жаратылыстанушылық-ғылыми зерттеуге арналған модельдерді әзірлеу және бағалау, ғылыми деректер мен дәлелдемелерді сыни көзқарас тұрғысынан интерпретациялау
Жаратылыстану ғылымдарына тән білім дегенде, оқушылар оның қоғамда бағалануын және оның нәтижелерін жариялауға бейілділігін қоса алғанда, жаратылыстанушылық-ғылыми зерттеу міндеттерін түсінуі тиіс екені көзделеді. 
Білім алушылар ғылыми зерттеулерді, мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешу тәсілдерін жасауы, бағалауы және талдауы, деректерді түсіндіруі тиіс. Бұл ретте олар: 

  • ұсынылған жаратылыстанушылық-ғылыми жұмыста зерделенетін сұрақты анықтау; 

  • экспериментке лайық жоспарды ұсыну

  • сұраққа жауап беру үшін ұсынылған эксперимент жоспарының сай келетінін не сай келмейтінін бағалау; 

  • әртүрлі нысанда ұсынылған деректерді түсіндіру; деректерге сүйеніп, тиісті қорытындылар жасау және олардың салыстырмалы құндылығын бағалау қабілетін көрсетуі керек.

Бұл құзырет эксперименттік зерттеудің және ғылыми зерттеудің басқа да нысандарының басты ерекшеліктері мен практикаларын (мазмұндық және процедуралық білім), сондай-ақ ғылым ұсынатын кез келген тұжырымды негіздеудегі процедуралардың функциясын (эпистемологиялық білім) білуді талап етеді. Сондай-ақ деректерді талдауға немесе жалпылауға (қорытуға) арналған негізгі математикалық құралдарды пайдалану қажет болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет