2 Сұйық түсінігі анықтамасы



бет1/5
Дата25.01.2022
өлшемі2.54 Mb.
#454776
түріКонспект
  1   2   3   4   5
1-Лекция ЖТН


Дәріс конспектілері
1 дәріс - Кіріспе. Сұйықтар мен газдар механикасы әдісі және пәні. Сұйық түсінігі анықтамасы. Тығыздық. Сығылғыштық. Сұйық тұтқырлығы және Ньютонның тұтқыр үйкеліс заңы. Идеал сұйық. Сұйықтарға әсер ететін күштер: массалық және беттік. Қысым.
Жоспар:

1 Кіріспе

2 Сұйық түсінігі анықтамасы

3 Сығылғыштық немесе сұйықтың температуралық ұлғаюы

4 Сұйықтар тұтқырлылығы

5 Бақылау сұрақтар

6 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1 Кіріспе

Сұйықтар мен газдар механикасы – сұйықтар мен газдардың тыныштық күйі мен қозғалыстары заңдылықтарын зерттейтін тұтас орта механикасының бір саласын қарастыратын ғылым. «Сұйықтар мен газдар механикасы» құрамына келесі тараулар кіреді: гидравлика, гидрогазодинамика, техникалық гидродинамика және газ динамикасы.

«Гидро…» - су, немесе жалпы жағдайда сұйық дегенді білдіреді. «Аэро…» - ауа, жалпы жағдайда газ дегенді білдіреді.

Гидравлика, дәлірек гидростатика ғылыми пәні пайда болуы Архимед (біздің эрамызға дейінгі 287-212ж) есімімен байланысты. Архимед заңы «Жүзетін денелер жайлы» трактаты өзгеріссіз, әлі күнге дейін гидростатиканың негізгі заңы болып табылады. Гидравликаның ғылым ретінде екінші дүниеге келуі Қайта өрлеу дәуірінің ұлы итальян ғалымы Леонардо да Винчи (1452-1519ж) атымен байланысты. Оның гидравликалық пресс жұмысы, ұшу принциптері, тесік арқылы сұйық ағысы, каналдардағы сұйық ағысы сұрақтары эксперименталдық гидравлика бастамасының негізін салды. Сондықтан Леонардо да Винчи сұйықтар механикасының негізін салушылардың бірі.

Кейінгі гидравликаның дамуын әлемге белгілі ғалымдар: голланд инженер, математик С.Стивен (1548-1620ж) жазық фигурадағы гидростатикалық қысымды анықтады; Г. Галилей (1564-1642ж) гидравликалық кедергі сұйық ортаның тығыздығы мен жылдамдығынан тәуелділігін көрсетті; Б. Кастелли (1577-1644ж) еңбегі нәтижесінде гидравлика үзіліссіздік принципімен толықтырылды. Маңызды еңбек Э.Торричелли (1608-1647 ж). Ол сұйықтың тесіктен ағу заңын өрнектеп, ағу жылдамдығы үшін формула ұсынды. Бұл формула пеш ішінен шығатын газ мөлшерін анықтау үшін металлургиялық пештердің жылу жұмысын талдауда қолданылады. Б. Паскаль (1623-1662 ж) еңбегі кеңінен танымал. Оның атыне ие Паскаль заңы – сыртқы күштердің әсерінен сұйық бетіне түсірілетін қысым, сұйықтың барлық бағытына өзгеріссіз бірдей таралады. Ұлы ағылшын ғалымы И. Ньютон (1643-1727ж) «Табиғи философияның математикалық бастамалары» (1687) деген өзінің басты еңбегінде механика заңдарын негіздеп қана қоймай, ішкі үйкеліс заңдарын жуықтап сипаттады, денелердің қозғалысы кезінде кедергілер заңының теориялық қорытындысын беріп, динамикалық ұқсастық заңын орнатты.

Қазіргі сұйықтар механикасы теориялық фундаменты Россиялық академиктер Л. Эйлер мен Д. Бернулли еңбектерімен құрылды. Сұйықтар механикасының дамуын Д. Бернулли «Гидродинамика» (1738) еңбегінсіз қарастыра алмаймыз. Ол Бернулли заң орныққан ағыстағы ауыр сұйық қозғалысы жылдамдығы мен деңгей қысымы арасындағы байланысты орнатты. Сонымен қатар орыс ғалымы М. В. Ломоносов «Дененің қаттылығы және сұйықтығы жайлы талқылаулар» (1711-1765ж), «Рудникатардағы ауаның толқынды қозғалысы» (1742 ж) еңбегінде түтін құбырының тартылыс теориясын ұсынып, шахтаның табиғи вентиляция есебін берді.

Теориялық жұмыстармен қатар XVIII ғ ортасы мен соңында сұйықтар механикасының техникалық бағыты дамыды. Осы бағыттағы жұмыстар өнеркәсіптің практикалық есептерімен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет