2005 жылдың 9 айлық Катонқарағай ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысын жіберілді



Дата23.02.2016
өлшемі108.96 Kb.
#6030
2005 жылдың 9 айлық Катонқарағай ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысын жіберілді.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005 жылғы 9 айлық талдауы экономикасының өсуін көрсетті.2005 жылы егін салатын жер – 62607 га құрайды, соның ішінде бидай үшін – 27345 га, майлы дақылдар үшін – 16984 га, жем үшін – 16985 га, картоппен жеміс үшін – 1430га, дем алатын жер – 3963 га. 2005 жылы астық егуге жыртылған жер 23000 га (қысқыға), 5800 тонна – (тұқым) мөлшері 547 тонна болып келеді.2006 жылдың егін шаруашылығына 25000 га жер жыртылып 5800 тонна тұқым отырылғызды, 2100 тонна бидай сатып алынып егілді.Ауданда барлығы 26832 га бидай жиналып, 14252 тонна ұнтақталды. 15899 га күнбағыс жиналып, 845 тонна ұнтақталды. Ауданымызда 1239 ауылшаруашылық құрылымдары жұмыс істеуде: соның ішінде 1197 шаруа қожалығы, 40 ЖШС, әртүрлі кіші – гірім шаруашылықтар саны 8500 – ді құрады.Осы жылдың басынан бастап аудандағы ауылшаруашылық құрылымдар «Каз Арго Финанс» АҚ – нан лизингтік шарт арқылы 10 дәнді дақыл жинау комбайн мәшинелерін, 5 дөңгелекті трактор және 8 басқа да ауылшаруашылық құралдарын сатып алды. Осы сатып алған техниканың жалпы құны 35 млн. 762 мың теңге құрады.Ауданымызда ауылшаруашылық тауарларын өндірітін 102 кіші цехтар жұмыс істеуде. Ауданымыздың орталығы Үлкен Нарын ауылында куніне 2 тонна ет өнімдерін өндіретін цех жұмысқа кірісті. Май зауыты да өзінің жүмысын жалғастыруда. 12 ұн тарту, екі макарон өнімдерін өндейтін цех және 1 панта өнімін өңдіретін цех жұмыс істеуде.Қайта жөндеуден кейін 500 тонналық картоп және кәсіпкер А.В. Дяктеренко «Рахман Қайнары» деп аталатын табиғи су құю цехы ашу көзделген. «Белуха» ЖШС-де миниралды ауыз су цехының жұмысын жалғастыруда. Ал Новоберезовка ауылында шаруа қожалығының басшысы Жексембаев К. өсімдік майын өндіретін кіші - гірім цехын ашты.9 айдың ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі216 млн. 800 мың теңгені құрады. Соның ішінде сүт өнімдері 33 млн 800 мың теңге, ұн өнімдері 11 млн теңге, өсімдік майының өнімдері 18 млн теңге, пісірілген нанның бағамы 21 млн теңге және макарон өнімдері 720 мың теңге. Ауыл шаруашылық салада барлық категориялар бойынша 5509 тонна ет немесе өткен жылғы 105 пайыз, сүт 28141 тонна немесе 104 пайыз, жүн өнімдері 170 тонна немесе 113 пайыз, 6382,9 мың теңге жұмыртқа саны немесе 101 пайыз өткен жылға қарағанда, панта өнімі 12395 кг.Ауыл шаруашылықтың жалпы өнімі 1990,2 млн теңге, соның ішінде егін шаруашылығы – 744,8 млн теңге, мал шаруашылығы – 1245,4 млн теңге, өткен жылмен салыстырғанда өсім 104,6 пайыз болды.Ауданда барлық категориясында 9405 ара ұстайды. Балдың жалпы жиналуы 360 тонна және өсім 102,8 пайыз құрады. Бір ара ұфсынан 38,2 кг бал алынды. Жалпы ауданда 271 адам ара ұстайды.



Бюджеттің орындалуы.

Бюджеттің кіріс бөлімі 100,2 пайызға орындалды. 2005 жылғы 9 айлық қортындысына аудан бюджетіне салық пен басқа міндетті төлемдерге болжамдағы 608 млн 464 мың теңгенің есесіне 609 млн 525 мың теңге түсті, оның ішінде өзіндік кіріс сомасы болжамдағы 145 млн. 149 мың теңгенің есесіне 146 млн. 341 мың теңге құрады немесе болжамның 101 пайызын құрады.2005 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша мезгілінде төленбеген салық 3 млн. 549 мың теңге немесе жыл басына 59,7 паыйз құрайды оның ішінде жергілікті салық бойынша 2 млн 220 мың теңге немесе жыл басына 62,5 пайыз.2005 жылғы 9 айдағы аудандағы орта айлық еңбек ақы 15988 теңге немесе өткен жылдың осы деңгейімен салыстырғанда тиісінше 108,6 пайыз құрайды. Еңбек ақы қоры осы кезеңде 109,9 пайызға өсті.



Өнеркәсіп

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру және шығарумен 22 кәсіп орын шұғылданады. Меншік түрі сан алуан кәсіп орындар өндірген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 135 млн 772 мың теңгені, немесе өндірілген нақты көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 101,3 мың теңгені құрады. ШҚ АЭС ЖАҚ (ЗАО ВК РЭК), «Шығыс – Энерго - Трейд» ЖШС 67 млн. 834 мың теңгенің өнімін өндірді. Адам саны 1-ден 50-ге дейін кәсіпорыедар 34 млн 445 мың теңгенің немесе өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 131,3 пайыздың өнімін өндірді.



Автокөлік жолдары.

Ауданның автокөлік жолдарының көлемі 721 км, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар көлемі 277 км, жергілікті жол қатынастарының көлемі – 494 км. Қыс кезінде автокөлік жолдарының жергілікті жүйесінің атқарған жұмыстары, соның ішінде қысқы бораннан тазарту жұмыстары, көктайғақты болдырмау үшін төгілген құм да, көше бойларындағы тұрып қалған суды ағызу және жергілікті автокөлік жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.Жөндеу жұмыстары мен жергілікті жолды ұстау үшін жоспарланған 14,5 млн теңге игерілді.Автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстарын «Новоберезовка – Васильевская өткелінде» 25 км шақырымда жүргізілді, гравилік автокөлік жолдарын жөндеуі «Коробиха ауылының кірер жерінде», «Согорное – Белое», «Берель – Жамбыл», «Аршаты ауылының кірер жерінде» автожол «Новополяковка – Ульяновка», «Новополяковка – Сенное» – да жүргізіліп жатыр. 16481 тонна гравий шығарылды, сомасы 3млн 790,6 мың теңге құрады. 14 көпір жөнделді және 96,3 км ауыл ішіндегі көшелер жөнделді.Көктерек ауылында су өткізу жүйесін 1653 мың теңгеге жөндеу жүргізілді.



Автокөлік

Ауданымызда транспорттық жүйеде алдыңғы қатарлы орындарды автокөліктер алады. Ауданымызда автокөліктермен 26,7 мың тонна жүк тасымалданып, оның бағасы 8млн509,6 мың теңгені құрады.Жүк айналымы -669,5 тонна/км құрады. Соның ішінде ЖШС «Большенарымское АТП» - 6 млн 443 мың теңгеге қызмет көрсетті, 6,7 мың тонна жүк тасмалданды, жүк айналымы 401,0 мың тонн/км құрады. ЖШС «Дархан» 1 млн 999,6 мың теңге сомасына 26,7 тонна жүк тасымалданды, жүк айналымы 669,5 тонн/км құрады.

Тұрмыстық – коммуналдық шаруашылық

ТКШ – тың қызмет көлемі биылғы жылғы 1 қазанға 18541,8 мың теңгені құрады, оның ішінде жылу беру қызметі 17019,2 мың теңге, сумен жабдықтау 1522,6 мың теңге. Халыққа көрсетілген қызмет көлемі 2177,5 мың теңге, оның ішінде жылумен қамтамассыз ету – 1276 мың теңге, сумен жабдықтау – 901,5 мың теңге болды.



Құрылыс

2005 жылдың 9 айында аудан аумағында 4 сауда дүкені 1 мейрамхана салынып, пайдалануға қабылданды, сауда дүкендер мен кафелер үшін 25 нысан қайта жоспарланып жеке үй салушылар жалпы ауданы 175 шаршы метр бірпәтерлі бес үй тұрғызылып, пайдалануға берілді. Қазіргі сәтте Большенарым ауылында және тұрғын үйдің құрылып жүргізілуде. Жанарланған үй алаңы – 340 шаршы метр.2005 жылы 320 орын Новохайрузовка орта мектебінің құрылысы басталды. 2005 – 2006 жылдары республикалық бюджеттен 173,5 млн теңге, оның ішінде 2005 жылға – 100,0 млн бөлінді. 9 айда 62,0 млн теңге игерілді. Облыстық бюджеттен Жаңаүлгі орталау мектебін салуға 129,7 млн теңге, оның ішінде 2005 жылы 25,0 млн теңге бөлінді, оның 9547 мың теңгесі игерілді.



Көркейту

Көркейту жөніндегі жоспарланған шаралардан басқа, елді мекендерді санитарлық тазалау мен көгалдандыру бағдарламасы бойынша жоспардағы 12600 көшеттің , нақты 13434 түрлі ағаш өскіндері егілді. Барлық мектептер мен мекемелерде гүлзарлар мен көгалды алаңдар орналастырылды. Көркейту және санитарлық тазалау жұмыстарын атқару барлық мектептердің шәкірттері, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсене атсалысты екі айлыққа қатысқан адамдардың жалпы саны – 1700 құрады. Ауданның елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау жұмыстары барысында жергілікті бюджеттен 4988,0 мың теңгесі игерілді.



Шағын кәсіпкершілік

2005 жылдың 1 қаңтарында 1648 шағын және орта бйзнес нысандары жұмыс істесе 1 қазан күні – 1745 нысан іс-қызмет жасады. Немесе 105,9 пайыз ұлғайды, оның ішінде 74 – заңды тұлға немесе 108,8 пайыз, жоспар бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны – 189, жалпы ортақ режім бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны – 27, жеңілдетілген деклорация бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны – 206 болды.221 сауда дүкені, 28 – қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, 4-дәріхана, 25 дәріхана дүңгіршектері ,15 - ЖМҚ (АЗС), 28 – қызмет көрсету саласы кәсіпорындары. Шағын бизнес саласында еңбек етушілердің жалпы саны 5503 адам болды. Шағын кәсіпкерлік нысандарынан 24218,7 мың теңге салық түсті немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,5 пайыз құрады.Бүгінгі күні бірреттік толонмен жұмыс істейтін 63 жеке кәсіпкерлер тіркелген немесе 842,0 мың теңгенің алымы жиналды. Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаның дамуы мен шағын кәсіпкерлікті қолдауының негізгі бағыты бойынша облыс билігінің орындалуы мемлекеттік қолдау шаралары мен шағын кәсіпкерліктің дамуы.Базардың реконструкция мен модернизация бағдарламасы бойынша Катонқарағай ауылындағы базарда өндірілген тауар үшін ғимарат тұрғызылды, жеміс дүкені салыну сатында.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік дамыту және қолдауға бағытталған бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік отқарушы билік тарапынан шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасындағы шаралар жүзеге асырылуда.Базарларды жаңалау және қайта құру бағдарламасы бойынша Катонқарағайдағы базарды өнеркәсіп тауарлары сатылатын ғимараты салынды, көкөніс дүкенінің құрылысы аяқталды.



Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі 4 ауруханадан тұрады. Катонқарағай аудандық орталық ауруханасы, Катонқарағай ауылының №1 ауруханасы. Өрел ауылдық учаскелік ауруханасы, Новоберезовка ауылдық учаскелік ауруханасы, 9 мемлекеттік отбасылық дәрігерлік амбулаториялар 8 фельдшерлік-акушерлік пункттер мен 33 фельдшерлік пункттер. Сондай ақ 1 тіс емдеу емханасы мен 2 тіс емдеу кабинеті бар. Дәрігерлердің жалпы саны – 62 орта медициналық қызметкерлер саны – 243. 2004 жылғы 43200 төсек күннің есесіне 2005 жылдың 9 айында 40280 төсек – күн өткізілді, 2005 жылдың 9 айында 3958 адам, ал 2004 жылы – 4113 адам емделіп шықты. Төсек қоры – 150орынды құрайды.2005 жылдың 9 айында аудан бойынша ауруханаға қатынау 48886,0 ал 2004 жылы – 41087,0 құрады.2005 жылдың 9 айында ақысыз медициналық көмек көлемі 153671,6 мың теңгені құрайды, ал 2004 жылы -134198,4 мың теңге немесе 19473,2 мың теңгеге өсті. 2004 жылы бір тұрғын үшін медициналық шығын -2800 теңгені құрады, ал ағымдағы жылдың осы кезеңіне – 3839 теңге құрады. 2005 жылдың 9 айындағы медицина қызметкерлерінің еңбек ақысының қоры – 70615 мың теңге құрады немесе өткен жылға қарағанда 115,5 пайызға өсті, тиісінше, жұмысшылардың да еңбек ақысы 16 пайызға өсті. 2005 жылдың 9 айында дәрі-дәрмек сатып алуға 27536,0 мың теңге бөліндіДенсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базалары нығайды. 2004 жылдың 9 айында күрделі жөндеу жұмыстарына – 5900,0 мың теңге жұмсалса, 2005 жылдың 9 айында – 25000,0 мың теңге жұмсалды. Оның ішінде Үлкен Нарын ауылындағы емхананы жөндеуге 10 млн теңге, Катонқарағай ауылдың №1 ауруханасына - 10 млн. теңге Өрел учаскелік емханасын жөндеуге – 3 млн теңге және МОДА (ГСВА) №1 және№2 – 1 млн теңгеден игерілді. Ауылдың емдеу алдын алу мекемелерінен қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға 6690 мың теңге жұмсалды немесе өткен жылға қарағанда 2040 мың теңгеге көп.Барлық (ФАП) жөндеуден өткізілді, мұнда – 399,0 мың теңге игерілді. Медициналық жабдықтар сатып алуға 4500 мың теңге бөлінді.Ауданның барлық отбасылық – дәрігерлік амбулаторияларына, жүрек сырқаттарының диогностикасын жақсарту үшін ЭКГ аппарттары стып алынды, жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды.



Еңбек нарығы

Қазіргі уақытта ауданымызда жұмыссыздықтарды әлеуметтік қорғауды мақсатты түрде және кең ауқымда жұмыстар өткізілді. Қазіргі уақытта ауданымызда еңбек нарығы тұрақтанды, жұмыссыздық азайып, халықтың экономикалық хал – ахуалы өсті.Жыл басынан 598 адам өтініш жасады, соның ішінен консультацияға (кеңеске) 377 адам және жұмыспен қамты мәселелері туралы 261 адам, оның ішінде 189 әйел адам және 77 жас өспірімдер мен жасы 16-дан 24-ке дейін. Есеп беру кезеңінде 270 адам жұмысқа алынды соның ішінде аз қамтылған отбасыдан жұмыссыз – 132 адам немесе өтініш жасаушылардың 80,1 пайызы, өткен жылға қарағанда 41,8 пайызға өсті Жыл басынан 749 жұмыс орындары пайда болды, соның ішінен 537 орын – нақты және уақытша, маусымдық – 212 орын бар.Экономикалық саланың түрлерінен жұмыс орындары бар, ауылшаруашылықта – 420 орын, сауда-саттықта – 47 орын, білім беру мен денсаулық сақтау саласында – 17 орын, көлік және қатынас саласында – 2 орын, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларда – 25 орын.Басқа да салаларда 26 орын. Жылдық жұмыс орындарының орындалуы – 182,2 пайыз құрайды.



Әлеуметтік қорғау.

01.10.2005 жылына 1200 отбасы ММӘК – ке (ГАСП) өтініш жасады, өткен жылға қарағанда 108 отбасыға аз. Оның ішінде ММӘК – ке 1180 отбасы тағайындалды. 01.10.2005 жылдың сомасы 42262,1 мың теңге болып келетін ММӘК – ті 4458 адам алса, 01.10.2005 жылдың сомасы 42897 мың теңге 3951 адам ММӘК – ті алды немесе өткен жылға қарағанда 101,5 пайызға өсті.Мемлекеттік мекенжай әлеуметтік көмектің орта мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 153,03 теңгеге өсті және 01.10.2005 жылға 1206,4 теңге құрады. «Тұрғын үйді ұстау және тұрмыстық – коммуналдық қызметті» төлеу, тұрғын үй көмегін орындау үшін 1529 мың теңге. Осы жылдың 9 айында тұрғын үй көмегіне – 135 отбасы өтініш жасады, оның ішінен тағайындалған 130 отбаыға 979 мың теңге төленді.2005 жылғы 9 айының тұрғын үй көмегінің орташ мөлшері 836,8 теңге құрады, немесе өткен жылға қарағанда 121 пайызға көп.Осы жылдың 9 айының кедейлер саны 1244 адамға азайды, аудан бойынша кедейлер саны 3950 адам 1991 жылдың 21 тамызындағы «ҚР мүгедектерінің әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңының 23 бабын іске асыру. Оқыту мен тәрбиелеу үшін мүгедек балалары бар ата- аналарға материалдық көмегі – 1781,5 мың теңге сомасындатөленді, өткен жылға қарағанда 8,2 мың теңгеге көп.



Білім беру

Қазіргі сәтте ауданда жалпы білім беретін 54 мектеп жұмыс істейді. Соның ішінде 24 – орта, 18 – орталау, 7 – бастауыш мектеп. 54 мектеп ішінен қазақ тілінде оқытатын мектептер – 31, орыс тілінде оқытылатын мектептер – 9, 14 мектепке сабақ екі тілде оқытылады. Оқушылар саны 7681 адамды құрайды. Биыл 678 оқушы мектеп бітіріп, орта білім туралы аттестат алды. 2005 жылғы біріңғай ұлттық тестілеу бойынша аудан облыста екінші орын алды. Орта балл – 65 құрады. 284 оқушы жоғарғы оқу орнына, оның ішінде 174 грантқа түсті, колледжға 234 оқушы, соның ішінде 52 грантқа және 26 оқушы училищеге түсті. Білім беру жүйесін дамытуда компьютерлендіру үлкен рол атқарды. Ауданда барлық мектептер жумыс істеуде, жалпы компьютерлер саны – 360. 36 мектеп телефонмен жабдықталған және ауданның 44 мектебі интернет желісіне, соның ішінде 2 мектеп оқу теледидарына қосылған.Ауданда білім беру жүйесіне 1054 мұғаліммен тәрбиешілер жұмыс істеуде, соның ішінде жағарғы біліммен – 744 мұғалім, орта арнаулы білімді – 266, жоғарғы санатты – 48 мұғалім бар, бірінші санатты – 259, екінші санатты – 348 мұғалім жұмыс істейді. «Лотошное» - балалар лагерінде кедей отбасыларының 120 баласы демалды. Жолдама алу үшін жалпы оқу қорынан 766 мың теңге бөліп, жалпы білім беретін мектептер жанынан демалыс лагері ашылды, онда 2855 бала дем алды. Тамақтандыруды лагерде ұйымдастыру үшін 834 мың теңге бөлінді. Біркүндік жорық пен саяхатқа – 3012 оқушы қатысты, ал көпкүндік жорыққа - 964 оқушы қатысты.Сабақтар өткізу үшін дене шынықтыру, спорт шараларын ұйымдастырумен шұғылданатын жалпы білім беретін мектептерде 25 – спорт залы, 3 – спорт кешені, 7 – бейімделген орын, 47 – спорт алаңы мен 19 екешенді алаң бар. Аз қамтылған, көп балалы отбасылары мен жетімдерге көмек көрсету үшін 4 млн. 125 иың. теңге, соның ішінде киім – кешек сатып алу үшін 1 млн. 955 мың теңге бөлінді. Аудан Әкімінің қайырымдылық шыршасына және балаларды қорғау күніне 504 мың теңге бөлінді.Ауданда 2 мектеп жанында интернет жұмыс істейді, 60 орындық интернат Катонқарағай ауылының Ленин атындағы орта мектебінде, ал 40 орынды интернат Жамбыл орта мектебінде бар.Ауданда 2 балабақша жұмыс істейді оған 75 бала қатынайды, балалар спорт және балалар музыка мектептерінде 534 оқушы тәрбиеленеді. Жыл сайын білім беру саласының бюджеті өсіп келеді. 2005 жылы бюджет 580 млн. теңге құрайды немесе жалпы аудан бюджетінің 70,5 пайызы. Соның ішінде даму бюджеті 44,7 млн теңгені құрайды. Жалпы бюджет қаржысы өткен жылға қарағанда 103 млн теңгеге өсті немесе 21,6 пайыз, даму бюджеті 50 пайызға өсті. Білім беру саласындағы орташа айлық жалақы 1 жұмысшыға шаққанда 16473 теңге құрады немесе өткен жылға қарағанда 16 пайызға өсті.Аймақтық бағдарлама бойынша материалдық – техникалық базаны нығайту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудан бойынша 2005 жылы – 44709 мың. теңге терілді, соның ішінде: білім нысандарын күрделі жөндеуге – 14234 мың теңге, материалды – техникалық базаны нығайтуға – 15840 мың теңге, лингафон кабинеттерін астып алуға – 12014 мың теңге, оқулықтарды сатып алу және жеткізуге – 11815 мың теңге, соның ішінде: жергілікті бюджеттен – 9362 мың теңге, республикалық бюджеттен – 2453 мың теңге. Интернет желісіне қосу үшін республика бюджетінен – 2820 мың теңге бөлінді. Бір оқушының шығыны – 66,6 мың теңге құрайды, немесе өткен жылға қарағанда 8,3 мың теңгеге өсті.Ауданды сауықтыру және спорттық шаралар өткізілуде. Осы мақсаттарға биыл 2 млн. 238 мың теңге бөлінді. Осы уақыт ішінде ауданда 20 ірі спорт мерекесі өткізілді, оған 3 мың спортшы қатысты.

Мәдениет

Ауданымызда мәдениет ошақтары халыққа мәдени ақпараттық қызмет көрсетуде. Аудан бойынша 12 мәдени ошақ және 15 кітапхана жұмыс істейді. Жыл басынан 748 ірі мәдени – іс шаралар болып өтті. Сол өткізілген іс – шараларға 3 мың адам қатысты.2005 жылы жергілікті бюджеттен материалдық – техникалық жүйені жақсарту – 1600 мың теңге бөлінді.



Құқық бұзушылық

Ауданымызда қоғамдық қауіпсіздікті қорғауда, аудан аумағында оперативті мақсаттағы профилактикалы іс- шаралар өткізілді. Соның ішінде «Құқық қорғаушылық», «Допинг», «Іздеу салу» кәмелеттік жасқа толмағандар арасында «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Жұмыстылық» миграциялық полицияның саласында «Мигрант», ЛРС саласында «Кару», ГАИ саласында «Автокөлік». 6 айдың ішіндеқылмыстың азаюына шара қолданып, соның ішінде: әдейлеп өлтіру өз орнында қалды(3-3), әдейлеп денеге зардап тигізу, соғу 25 пайызға азайды (4-3) болды, ұрдық сол қалпында қалды – (3-3).01.10.2005. жылдың жағдайы бойынша 121 қылмыс тіркелді. Қылмыстың ашылуы 82,4 пайыз болып өсті. өткен жылы 80,2 пайыз болған.



Демографиялық жағдай

Ауданда тұрақты әлеуметтік – экономикалық жағдай болғандықтан ақырғы жылдары халықтың кетуі азайды. Аудан халқының саны 38,9 мың теңге құрады. 2005 жылдың қаңтар – қыркүйек айларының халқы – 399 адам құрады. 2005 жылдың 9 айында туу – 316 адам құрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет