2005 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданыныңәлеументтік экономикалық көрсеткіші



Дата24.02.2016
өлшемі47.47 Kb.
#15794
2005 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданыныңәлеументтік экономикалық көрсеткіші

Ұзақ мерзімге арналған “Қазақстан екі мың отыз” Стратегиясы және 2010 жылға дейінгі он жылдық стратегиялық жоспарына сәйкес, ауданының басым бағытының негізгі кешенді шаралары: индустриалды – инновациялық стратегиялардың орындалуын қамтамасыз ету, Мемлекеттік ауылшаруашылық жоспарын орындау, аймақтық ауылды дамыту бағдарламасы және әлеументтік бағдарламаларды іске асыру. 2005 жылдың қорытындысы төмендегідей. Өткен жылдардың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі жарты пайызға өсті немесе 10 миллиард 271 миллион теңге, соның ішінде – 54 пайызын ауылшаруашылық өнімі алса қалғаны өнеркәсіп өнімі болып табылады. Аудандағы 11 кәсіпорындық мекемелердегі өнім көлемі 2-ге азайған: ЖШС “Қазақмыс Корпарациясының” филиалы, Химиялық-мыс комбинаты және ЖШС “Иртышская редкоземельная компания”. Мыс – химия комбинатындағы өнім көлемі бірден төмен түсуіне байланысты: мыс концентратын үш жүз алпыс екі мың тоннадан бір жүз жиырма мың тоннаға дейін биылғы жылы төмендеген (физикалық индекс көлемі – 33,2 %) аудан бойынша жыл қорытындысында физикалық индекс көлемі 60,5 % құрайды. Аудан өндіріс кәсіпорындарындағы негізгі 2006 ж. келер жылдағы мақсаты МХК Артемовна кен орнын іске қосу, жаңа кәсіпорындар ашу және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды көбейту.

Биылғы жылы өнеркәсіптегі өндіріс көлемін 34 % өсіріп, жыл қорытындысында алты миллиард үш жүз жетпіс алты миллион теңгеге өнім өндіру, ал 2007 жылы алты миллиард 733 миллион теңгеге өнім өндіру. 2005 жылы аудан шаруашылықтарында 6431 тонна ет өндірілді.44643 тонна сүт, 6290 мың дана жұмыртқа өндірілді. Аудан бойынша ірі қара 35305 бас, оның ішінде сиырлар - 13733, қой-ешкі - 7809, шошқа – 19761, құстар – 69573, жылқы – 2474 бас. Өткен жылғы дәнді дақылдардың өндірілген жалпы ауданы – 83856 га, жиыны 102940 тонна, шығымдылығы – 13,2 ц/га. Күнбағыс 31800 га жиналды, жиыны 38200 тонна, орта шығымдылығы – 13,4 ц/га.





2006 жылдың жоспары:-кластарды құру жоспарын жалғастыру-ірі қара басын 40 мың басқа жеткізу-бір сауын сиырынан 3500 кг. сүт алу-дәнді дақылдардан орташа шығымдылығын он сегіз центенер гектарынан, күнбағысты 15 центенер гектарға дейін жеткізу.-Ауылдан несиелік серіктестер құру.

Біздің аудандағы жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан саланың бірі кіші кәсіпкерлік болып табылады. Бүгінгі күнде ауданда 1969 кіші кәсіпкерлік субъектілері тіркелген соның ішінде 186 заңды орындар, 1652 жеке кәсіпкерлер, 131 шаруа қожалықтары. Барлық кіші бизнес субъектілері жақсы жұмыс істеуде, олар бір мың тоғыз жүз адамға жұмыс беріп, жанұяларын қамтамасыз етуде. Аудан аймағындағы 5 базар, 378 сауда нүктелері (дүкендер, дәріханалар және дәріхана пунктері, сауда үйлері) 14 АЗС, 47 кафе және асхана, 85 басқа қызмет орындары, 36 наубайхана, макарон цехы, 2 пелмен цехы, 2 кондитер цехы, 6 диірмен және екі крупорушки өндірістік өнеркәсібі өнімдер өндіруде. Екі сүт өнімдер цехы жұмыс істеуде. Аудан бюджетіне кіші кәсіпкерлерден барлығы 199 миллион 253 мың теңге салық түсті, бұл 2004 жылғыдан 9,4 % -ға жоғары. Барлық түскен салық 27 % құрайды. Көрсетілген кезеңде құрылыс салуға 2 миллиард 357 миллион 633 теңге инвестиция тартылған немесе 156,6 % өткен 2004 жылмен салыстырғанда 87 үй жалпы ауданы 5418,25 кв.метр қолданысқа берілді.

Өткен жылы ауданда 296 жаңа жұмыс орны ашылды. Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 386 адам. Жұмыссыздар аудан бойынша (29270 адам) 1,7 % құрайды. 2004 жылы бұл көрсеткіш 2,1 болған (29414 адам) болғанда. Қоғамдық жұмысқа 380 адам тартылды. Жыл бойы 288 адам жұмысқа орналасты.Жұмыспен қамту Бағдарламасы толығымен орындалды. Кедейшілік күрес Бағдарламасы аясында бюджет қаржысынан аз қамтылған азаматтарға жалпы сомасы 4926,0 мың теңге, тұрғын үйге көмек сомасы – 5086,0 мың теңге берілді.

Аудан бюджеті 499 миллион 130 мың теңге аударылды немесе 100,1 % жоспардан. Барлық түсетін салық түрлерін 3-нен ғана орындалмады: жеке табыс салығы, табыс көзінен алынатыны, әлеументтік салық, акциздер (бензин және дизел отыны). 2005 жылғы бюджеттік қаржыны жұмсаудың басым бағыттары білім беру және халықты әлеументтік қорғау болып табылады. Қаржыландыру негізгі шығындарға және бағдарламаларды дамытуға жұмсалды (материалды-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге, жобалық сметалық құжаттарды дайындауға). 2005 жылғы бюджеттің жұмсалуы 99,5 % орындалуы немесе 804 млн.968 мың теңге, соның ішінде жоғарғы бюджеттен транспортпен 305 миллион 838 мың теңге жұмсалды. Ауданның бюджеттік есебінен Уба өзенінен өтілетін көпіртексеруден өткізілді. Шемонаиха қаласындағы № 2 және Выдриха ауылында мектеп күрделі жөндеуден өтті. Шемонаиха қаласындағы № 1 ОМ жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, облыстық бюджеттен бөлінген қаржымен күрделі жөндеу жүргізілді. Камышенка ауылында су құбыры қосылды бұған республикалық бюджеттен 80 миллион теңгеден артық қаржы бөлінді. Первомайка кентінде бюджеттік қаржыдан “110 миллион теңгеден артық) су қорғаны құрылысы салынып бітті. Әлеументтік салаға жете көңіл бөлінеді олар: білім беру, тұрғындарды әлеументтік қорғау, мәдениет, спорт және жастар саясаты. Ауданда 44 білім беру объектілері бар:-31 - жалпы білім беретін мектеп-2 – кешкі мектеп-2 – балалар бақшасы-2 – КМ (1-і әділет Министрлігі бойынша)-Мектептен тыс (СОК, Шығармашылық үйі, өнер мектебі, приют,психо-медико-педагогикалық консультация)-2 – Колледж (Гуманитарлық – техникалық колледж, “СССР халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев ат. Колледждің” филиалы).

Оқу жылы басында оқушылар саны 746 адам, соның ішінде мемлекеттік тілде білім алатындар – 211 адам. Өткен жылдың қараша айында аудандық бюджет қаржысынан Первомайка кентінде Карбышев атындағы ОМ кіші-мектепке дейінгі тәрбиелеу орталығы ашылды. Ауданда 2 бала бақша – б/б Аленушка және ведомствалық б/б Дошкольник 539 баланы қамтиды, 2004 жылмен салыстырғанда 21 бала артық. Бұлардан басқа мезгілді балалар бақшасы Октябрскі, Сугатовка, Выдриха ауылдарында жұмыс істейді. Олардың барлығы жергілікті шаруашылық есебінен қамтамасыз етіледі. Ауданда 31 Интернетке тіркелуге тиіс мектептің27 немесе 87 % , өткен жылы 4 мектеп қосылды.

Аудандағы денсаулықсазтауды 36 емдеу- профилактикалық мекемесі берілген соның ішінде:

3 аурухана,2дәрігерлік амбулатория,8ауылдық дәрігерлік амбулатория,18 фельдшерлі – акушерлік пункт,5стоматологиялық мекеме.

Өткен жылы қараша айында Усть-Таловка округіндегі Березовка ауылында фельдшерлік пункт ашылды. Өткен жыл бойы денсаулық сақтау объектілерінде жалпы сомасы 11 млн.200мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.



Ауданның мәдени-ағарту мекемелерін аудандық мәдениет Үйі, он бес ауыл клубы, он тоғыз кітапхана құрайды. Шемонаиха Достық Үйі өз жұмысын белсенді атқарады, онда ұлттық –мәдени орталықтар: аудандық “Қазақ тілі” қоғамдық бөлімі, славян мәдени қоғамдық орталығы, “Возрождение” неміс қоғамдық орталығы, украин және армян ұлттық мәдени орталығы. Қылмысқа қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Оларды мына көрсеткіштерден көруге болады. Аса ауыр қылмыстар 22,2 % кеміген (18-ден 14-ке), ауыр қылмыс 17,9 % (78-ден 64-ке), кісі өлтіру 23,1 % (13-тен 10-ға), тонау 45,5 % 22-ден12-ге), мал ұрлау 20,0 % (30-дан 24-ке), күш көрсету 50 % (4-тен 2-ге) кеміген. Қоғамдық орындардан жасалатын қылмыстар азайды. 12,5 % (32-ден 28-ге), соның көшеде жасалған қылмыс 38,7 % (31-ден 19-ға), жасөспірімдер арасындағы қылмыс 9,8 % (51-ден 46-ға), мас кезінде жасаған қылмыстар 24,5 % (151-ден 114-ке). “Рецедивті” қылмыстарда азайуда 8,4 % (95-тен 87-ге).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет