2006 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



Дата23.02.2016
өлшемі59.41 Kb.
#2979
2006 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары  

Аудан бюджеті
Ұлан ауданы бюджеті 2006 жылдың бірінші жартыжылдығына меншікті кірістер бойынша жалпы 107,3 пайызға орындалды немесе 169036,0 мың теңге болжамды бағалауда 181393,5 мың теңге сомасында түсім қамтамасыз етіліп 12357,0 мың теңгеге асыра орындалды. Осының ішінде жетілдірілген кіріс көздерінің 32 түрінен болжамның орындалуы қамтамасыз етілді.

2006 жылдың бірінші жартыжылдығына аудан бюджетінің шығыстар бөлігі 97,6 пайызға орындалды, жоспардағы 483972,0 мың теңге 472355,2 мың теңгеге орындалды. Қолма қол есеп айырысу шотында 2006 жылдың 1 шілдесіне 22644,0 мың теңге сомасында игерілмеген қаражат қалды,оның 12357,0 мың теңгесі меншікті кірістер болжамының асыра орындалуының себебінен және 10287,0 мың теңгесі бағдарлама әкімшілерімен игерілмеген лимиттер.

Қаражаттардың игерілмеуінің ең басты себептерінің бірі: 2830,0 мың теңге соммасына автобус сатып алуға тендерлер өткізілуінің кешігуі, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы дайындауға халықтың сұранысының аз болуы 1700,0 мың теңге сомасында, 408,0 мың теңге сомасында бос орынның болуы, және де 2006 жылдың 31 маусымында келіп түскен 736,0 мың теңге сомасындағы Герасимовка ауылының мектебін жөндеуден өткізуге бөлінген мемлекеттік бюджеттің резервті қорындағы қаражат игерілмей қалуы.

2006 жылдың 1 шілдесіне ауданда 1823 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген бұл 13,1 пайызы немесе өткен жылға қарағанда 238 субъектіге көбейген. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысатын адам саны 310 ға өсті.


2006 жылдың 1 шілдесіне ауданда өз қызметін 655 жеке кәсіпкер атқарып жатыр, яғни 2005 жылдың 1 жартыжылдығына қарағанда 81 кәсіпкерге көбейген.
2006 жылдың 1 шілдесіне жұмыс істеп жатқан шаруа қожалықтары 2005 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 179 ға өсіп, 1087 шаруа қожалығын құрады.

Шағын кәсіпкерлік субъетілерінен түскен салықтар түсімі 30088,0 мың теңгені құрады,бұл өткен жылға қарағанда 2661,0 мың теңгеге көбейген.



Ауыл шаруашылығы
2006 жылың бірінші жартыжылдығына ауылшарушылығы өнімі 2503,8 млн.теңге өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2390, млн. теңге, 113,0 млн.теңге сомасына өсті.

2006 жылы аудандағы 90793 га егістік жердің 17040 га бу айналымында, 73753 га егістік алқабы. Өткен жылмен салыстырғанда егіс алқабы 5,2 пайызға өскен. 64386 га алқапқа егістік егілді,соның ішінде: бидай 36188 га жерге, арпа- 7386, қара құмық- 875, күнбағыс -15912, жүгері- 1865, біржылдық шөптер -571, көпжылдық шөптер-7448, көкөніс- 227,7 картоп- 775,8 га.

Егіс компаниясы агротехникалық мерзімде өтті, жаңа техника сатып алу әдістелді. 2006 жылы 68,6 млн.теңгеге «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамы арқылы 19 бірлік техника сатып алынды.

«Өсемен Құс фабрикасы» акционерлік қоғамында техникалық қайта жарақтау жұмыстары және негізгі өндіріс цехтарын қайта жаңарту өткізіліп жатыр.Негізгі цехтерді қайта жаңартуға байланысты етті балапандарды азықтандырмау 43 күннен 39-40 күнге дейін қысқарады.

Ауданның статистика бөлімінің деректері бойынша 2006 жылыдың бірінші жартыжылдығына аудан бойынша Ірі қара мал басы-54197, қой-101181, жылқы- 10334, шошқа-9615, құс-779392, түйе-56 бас бар. Өткен жылға қарағанда қой және қозы басы 11,6 пайызға, жылқы 7,8 пайызға, шошқа 15,3 пайызға, құс 93,5 пайызға, түйе 4 пайызға өскен.

Өнеркәсіп
2006 жылдың 1 шілдесіне өнеркәсіп өнімі 1756,9 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1918,2 млн.теңге немесе 161,0 млн.теңгеге азайған.

Білім беру
2006-2007 жылдың басына жалпы орта білім беру жүйесі өзгеріссіз қалдырылады. Халықтың көшіп-қонуы және туылудың азаюы есебінен ауданның мектеп оқушылары санының қысқаруына келіп соқты, 2005-2006 оқу жылында оқушылар құрамы 6096 болды, өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 526 балаға кеміген. Осыған байланысты жыл сайын азжинақталған мектептер сан көбеюде (2004-2005 оқу жылында 28, ал 2005-2006 жылы 29).

Жалпы Ұлттық тестілеуге аудан мектептерінен 416 мектеп бітірушілері қатысты. Аудан бойынша орташа балл 57,5 болды, өткен жылдың орташа балына сәйкес келеді.

ЖҰТ-ге қатысқан 416 қатысушының 139 босаға балын жинай алмады, яғни жалпы тесттен өтушілердің 33,4 пайызын құрайы, 273 қатысушы 50 ден 99 ға дейінгі аралықта балл жинады бұл 65,9 пайызы, төртеуі 100 балл және одан да жоғары жинады бұл 1 пайызы. Аудан бойынша баллды ең аз жинаған 2 мектеп бітіруші, олар Молодежный кентінен және Тайынты ауылындағы М.Таенов атындағы мектептен 22 балл жинады.

«Алтын Белгі» үлгілі аттестатына 2 үміткердің және үлгілі аттесатқа деген 6 үміткердің біреуі ғана улгілі аттетстатпен дәледеді, ол Саратовка ауылының Б.Ахметов атындағы мектептің үміткері.

Интернет жүйесіне 38 мектептің 36 – сы қосылған. Екатериновака және Қызыл-су мектептерінің Интернет жүйесіне қосылу мақсатқа сай келмейді, өйткені оқушылардың құрамы өте аз (3-4 бала).

(10+1) Гагарин атындағы орта мектептен, мектепті теледидарлы техникалық орталық (1+5) Митрафановка орта мектебіне компьютерлі сыныптарды беру жұмыстары жүргізіліп жатыр, 5 мектепке спутникті санды құрал жинағы ШҚО жаңа технологилар аймақтық орталығынан оқу теледидары үшін берілді.

2006 жылға білім беру объектілерінің 7 объектісін күрделі жөндеу және материалды-техникалық базаны нығайтудың білім беруді ұйыдастыруы бойынша аймақтық бағдарламасына сәйкес 7669,0 мың теңге соммасына күрделі жөндеу көзделіп отыр. ШҚО білім беру департаментінің келісімі бойынша осы соммаға 4 білім беру объектісінің сапалы күрделі кешенді жөндеу көзделіп отыр.

Тұрғын үй құрылысы
2006 жылдың бірінші жартыжылдығына жылпы көлемі 27,49 мың шаршы метр бағасы 66,4 млн. соммасын құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді.

Барлық инвестициялар көлемі халықтың өз қаражатының арқасында іске асып жатыр.Молодежный кентінің бас жоспары әзірлену сатысында, ТДО ТПО «Өскемен мұрағат қорымен» 4,7 млн. теңге көлемінде келісім шарт жасасты.

Сібе көлдері демалыс орнының бас жоспары (І кезең ТЭО) өндірісті кооператив «ГРАДО» жауапкерлігі шектеулі серіктстігінде әзірлену сатысында.

Бірінші жартыжылдыққа жеке құрылысшыларға 279 учаске бөлінлі.13 жеке тұрғынүй құрылысына ықшамдалған нобайлы жобалар келісілді.33 жер учаскесінің сұлбасы тұрғын үйлерге берілді, шығуға байланысты 7 жер учаскесі зерттелді.



Сумен жабдықтау
2006 жылы «Ішілетін сулар» бағдарламасы бойынша Таврия аулының имаратын және су құбыры жүйелерін қайта жаңарту бойынша жобалы-сметалы құжатқа 2445,0 мың теңге соммасында трансферттер бөлінді. Сумен жабдықтау жуйесін және су қайтарғыларын іске асыру үшін, аудан бюджеті қаражатынан 2,0 млн.теңге бөлінді. 950,0 мың теңге соммасында Таврия аулындағы су құбыры жүйесін ағымды жөндеу өткізілді, Алмасай аулындағы скважиналарды тазалауға 104,8 мың теңге, Молодежный кентінің имарат жүйесін іске қосу үшін 506,88 мың теңге жылдың аяғына дейін бөлінді (253,44 мың теңге игерілді).

Коммуналды-тұрғын үй саласы
2006 жылдың 2 тоқсанына 2005-2006 жылдар жылу кезеңінің бюджет саласындағы объектілер жұмысының қорытындылары шығарылды.Ауданның әкімшілік-шаруашылық ғимараттарының және білім беру объектілерінің жылу жүйелерінің жай-күйіне талдау жүргізілді. 2006-2007 жылдарда қыс жағдайларында жұмыс істеу объектілерін дайындау бойынша, міндетті түрде 27 кательная, 39 білім объектілері, 16 көпбөлмелі тұрғын үй, 4,5 км жылу және 61 км су құбыры жүйелерін дайындауға сәйкес іс-шаралар әзірленді. Аудан бюджетінен білім беру объектілерінің жабын және жылу жүйелерінің негізгі жөндеуіне 7668,0 мың теңге бөлінді, ағымды жөндеуге 494,0 мың теңге бөлінді. Бюджеттік мекемелерге қатты отын 3945 тонна және сұйық отын 255,0 мың литр қажет екені анықталды.

Автомобиль жолдары
Жергілікті маңызы бар автомобиль жодарының ұзындығы 555 км құрайды. 2006 жылы автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге және қамтамасыз етуге 22,0 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына 14507,0 мың тегңе игерілді.

Жол белгілерін орнатуға 840,0 мың теңге бөлініп игерілді. Жол белгілерін орнату жұмыстары Молодежный кентінде және Таврия аулында өткізілді.



Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына жұмыссыздық деңгейі 1,4 пайызды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 1,6 пайыз. Қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша бағдарлама 147,2 пайызға орындалды, немесе бірінші жартыжылдыққа 371 қосымша жұмыс орындары ашылды ұарастырылған 252 бағдарламаға қарсы. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына 327 адам жұмыспен қамтылды 211 қарастырылған бағдарламаға қарсы немесе жұмыспен қамту бағдарламасы 154,9 пайызға орындалды. Тек ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына жұмыспен қамту сұрақтары бойынша оралман 39 азаматтан сұраныстар түсті, оның 26 адамы жұмысқа орналастырылды, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 26 адамның 17 адамы жұмыспен қамьылды.

Спорт
2005 жылмен салыстырғанда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 934 адамға өсіп, 8394 адамды құрады. Штаттағы дене шынықтыру жұмысшылар саны 14 ек өсіп, 70 адамды құрады.

2006 жылы аудан әкімі сыйлығына Х ұлттық ойындар спорты Егінсу ауылдық округіндегі Улан ауылында өткізілді. Бас жүлдеге Айыртау ауылдық округі ие болды, екінші орынды Егінсу, ал үшінші орынды Бозанбай ауылдық округтері алды.



Шығыс-Қазақстан Облысы әкімінің сыйлығына Х ұлттық ойындар спорт жарысында аудандар командалары ішінен Ұлан ауданы І орынға ие болды. Осы жылдың сәуірінде Изгутты ауылында күрес және бокс залдары ашылды. Привольное ауылында екізалды спорт кешені салынып жатыр.

Аудан бойынша 2 Қазақстан Республикасы спорт шебері дайындалды, спорт шеберіне 5 кандидат, 10 бірінші разрядты, 70 І-ІІ-ІІІ жасөспірімдер және жалпы разрядтылар дайындалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет