2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында


Қыркүйек Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе



бет3/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
#16223
1   2   3   4


Қыркүйек
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Облыс аудандарында ветеринарлық жұмыстардың атқарылуы және эпизоотиялық жағдай туралы
Облыста Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында қаралған іс-шаралар облыс әкімі тарапынан бекітілген «Жамбыл облысында жан-жануарлар арасындағы инфекциялық аурулардың алдын алу және оған қарсы күресті ұйымдастырудың 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес жүзеге асырылуда.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария қызметтеріне жүктелген міндеттер Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10, 10-1 баптарында анықталып, көрсетілген.

Малдардың эпизоотиялық ауруларына қарсы мемлекет тарапынан тегін егілетін вакциналардың біздің облысқа қаралған түрлері тасымалданып әкелініп, бекітілген жоспарларға сәйкес, барлық аудандарға таратылып берілді. Мемлекет тарапынан тегін егілетін малдардың Сібір жарасы, аусыл, туберкулез, оба, қарасан, күл, маңқа, тұмау, эхинококкоз, ит-мысықтардың құтыруы және тағы басқа барлығы 40-тан аса эпизоотиялық ауруларының тізбесі ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген.

Ол вакциналарды егу жұмыстары 8 айдың жоспары бойынша толық көлемде атқарылды, ал, жылдық жоспар алдағы қараша айында толығымен аяқталатын болады.

Малдарды егу шараларына қажетті қаржы көлемдері республикалық бюджеттен бөлініп, ол қаржыларды аудандардағы лицензиялы мал дәрігерлер мен заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алу арқылы алып, тиісті жұмыстар атқаруда.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы малдарының сарып (бруцеллез) ауруын анықтау жұмыстары жақсара түсуде. Дегенмен, облыс көлемінде мүйізді ірі қара малдың сарып ауруына шалдығу көрсеткіші әлі де төмендемей отыр.

Мәселен, үстіміздегі жылдың 8 айында облыс бойынша мүйізді ірі қараның сарып ауруына шалдығуы 0,7 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2008 жылы – 0,7 пайызды, ал, өткен жылы – 0,6 пайызды құраған болатын.

Ал, үстіміздегі жылы мүйізді ірі қараның сарыппен ауыру көрсеткіші Т.Рысқұлов (2,1 %), Жуалы (1,4 %), Сарысу (1,4 %) аудандарында өсіп тұр.

Қой-ешкінің сарыппен ауруы облыс бойынша 2008 жылы – 0,9 пайызды, 2009 жылы 0,4 пайызды құраса, ол биыл 0,36 пайызды құрап, біршама азайған.

Дегенмен, облыстың Жуалы (1,32 %), Қордай (0,56 %), Байзақ (0,43 %), Жамбыл (0,40 %) аудандарында қой ешкінің сарыппен ауыруы облыстық орташа көрсеткіштен асып, азаюдың орнына көбейе түскен.

Егер, облыста 2009 жылдың 8 айында сарыппен 303 адам ауырған болса, үстіміздегі жылдың 8 айы ішінде облыс бойынша сарыппен ауырған 261 адам тіркеліп, ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 42 адамға кеміген.

Дегенмен, жағдайды мүлдем жақсарды деуге болмайды. Өткен жылмен салыстырғанда сарыппен ауырғандар Қордай ауданында 8 адамға, Т.Рысқұлов ауданында 6 адамға, Сарысу ауданында 5 адамға, Тараз қаласында 3 адамға, Талас ауданында 1 адамға артқан.

Ал, үстіміздегі жылы сарыппен ауырған адамдардың ең көп үлесі Жуалы (50 адам), Қордай (41 адам), Т.Рысқұлов (40 адам) аудандарында тіркеліп отыр.

Сарып (бруцеллез) ауруының кең тарауына, ең біріншіден, біздің оңтүстік өңірдің жылы ауа райы қолайлы әсер етеді. Өйткені, сарып қоздырғыш таяқшалар жылы климатты жерлерде ұзақ сақталып, тез таралады. Сондықтан, жалпы республикалық көрсеткішпен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және біздің Жамбыл облыстарында малдың да, адамдардың да сарыппен зақымдануы көп орын алады.

Дегенмен, біздің облыста адамдардың сарыппен науқастану оқиғалары әрбір 100 мың адамға шаққанда, жалпы республикалық көрсеткіштен де, көршілес Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарынан да біршама жиілеп тұр.

Сарып індеті - таза зоонозды ауру. Сондықтан, оның адамдарға жұғу жолдары - біріншіден, ауырған малдарды дер кезінде оқшаулап, жоймаудан, екіншіден, ауру малды жоюда тиісті санитарлық талаптардан ауытқып, сақтық шараларын жасамаудан, жойылған мал өлекселерін көмбелерге дұрыс көмбеуден, үшіншіден, ауру малдар тұрған қора-жайларға дер кезінде санитарлық тазалау және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізбеуден, төртіншіден, ауру малдың еті мен сүтін, қаймағын және басқа да өнімдерін пайдаланудан орын алуда.

Мәселен, Тараз қаласында сарыппен науқастанған 24 адам тіркелді. Қала халқы күн сайын мал бағып, қора-жайларды аралап жүрген жоқ, олар бұл ауруға сарыппен ауырған мал өнімдерін тұтыну нәтижесінде ұшырып отыр.

Бұл, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес мал өнімдерінің сатылуын бақылау жұмыстары өз деңгейінде атқарылмай отырғандығын көрсетеді. Тек қана Тараз қаласында ғана емес, облыстың басқа да ірі елді-мекендері мен аудан орталықтарында мал өнімдерін сататын «Жабайы базарлар» көбейіп кеткен. Халық көп шоғырланған мөлтек аудандарда қыдырып жүріп сауда жасап, өңделмеген сүт, қаймақ, ірімшік және басқа да сүт тағамдарын сатушылар азаймай отыр. Алайда, бұл мәселені реттеп, қарайтын бақылаушы органдар тарапынан оларға тиімді шаралар қолданылмай келеді. 7-ші слайдта көрсетіліп отырғандай, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 14.1. бабының 3,4,5 тармақтарына сәйкес, ол өнімдердің сатылуын бақылау жұмыстарымен уәкілетті орган - мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау қызметтері айналысуы тиіс.

Облыста сарыптың азаймай отыруының тағы бір себебі, бұл аурудың негізгі қоздырғыштары болып табылатын қой-ешкі және мүйізді ірі қара малының облыс бойынша жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығы. Мал бастарының көбеюімен бірге, ауылдық жерлерде малдың ауыл ішінде көп ұсталуы, малдың алыс жайылымдарға шығарылмай, жыл бойына ауыл маңында, үй қораларында ұсталуы да аурудың таралуына үлкен себеп болуда. Бұл кемшілік облыстың барлық аудандарына тән. Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 4,5 тармақшасына сәйкес, елді-мекендерде мал ұстау және мал жаю Ережесін жасап, бекіту аудан әкімдеріне жүктелген. Алайда, аталған Заңның шыққанына 5 жылдан асса да, бірде-бір ауданда ауылдық жерлерде мал ұстау Ережесі жасалынып, бекітілмеген. Ауылдық округ әкімдері мен аудандардағы санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтер бұл тарапта халық арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды жүйелі жолға қоймаған.

Облыста ветеринарлық-санитарлық шаралар, негізінен, республикалық бюджеттен аса қауіпті аурулармен күресуге бөлінетін қаржы есебінен вакциналар егу, серологиялық тексерулер жүргізу жұмыстарымен ғана шектелуде. Ал, аурулардың алдын-алу, түбегейлі себептерін анықтап, жою жұмыстары жүйелі жүргізілмей отыр. Осы себепті, атқарылған жұмыстардың тиімділігі де, нәтижесі де көрінбеуде.

Кейбір аудандарда сарып ауруы анықталған малдарды дер кезінде жоймай, уақытты созып жүру дағдыға айналған.

Мәселен, 8-ші слайдта көрініп тұрғандай, Жуалы, Қордай, Меркі, Сарысу, Талас, Шу аудандарында ауруға шалдыққан малдардың бірқатары дер кезінде жойылмаған. Өз кезегінде, бұл аудандарда сарыппен ауырған адамдардың саны да көп.

Тағы бір мәселе - жойылған ауру малдар үшін мал иелеріне жергілікті бюджет есебінен өтемақы төлеп беру жұмыстары да барлық аудандарда сылбыр жүргізілуде.

8-ші слайдтың соңғы екі бағанында көрсетіліп отырғандай, бүгінгі күнге Қордай ауданы жойылған мал иелеріне өтемақы үшін – 8,1 млн, Жуалы ауданы – 7,6 млн, Талас ауданы – 5,2 млн, Байзақ ауданы – 4,5 млн, Сарысу ауданы – 2,9 млн. теңгеден аса қаржы қарыз. Жойылған мал иелеріне басқа аудандардың қарыздары да жетерлік.

Әр түрлі зоонозды індеттердің аурудан өлген малдар мен жойылған мал өлекселері арқылы да тарайтыны белгілі. Бұл ретте, бүгінгі күні облыста бірде–бір ауданда типтік үлгідегі мал өлексесін тастайтын «Беккари» шұңқыры жоқ. Бүгінгі таңда барлық аудандар жұқпалы ауруға шалдығып, өлген және жойылған мал өлекселерін қолда бар ескі қорымдарға көмуде.

Осы себепті, 2011 жылы әр ауданға бір-біреуден мал өлекселерін тастайтын «Беккари» биотермиялық шұңқырын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні оның жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үшін облыс бюджетінен облыстық құрылыс басқармасына 500 мың теңге бөлінді.

Мамандардың есебі бойынша, 1 бірлік типтік «Беккари» шұңқырын салуға 10 млн. теңгедей қаржы қажет.

Алайда, бүгінге дейін бірде-бір аудан «Беккари» шұңқырын салуға толықтай жететін, жеткілікті қаржы бөліп отырған жоқ. Бүгінгі күні осы қорымды салу мақсаты үшін Жамбыл ауданы – 4 млн. 923 мың, Жуалы ауданы - 5 млн. 640 мың, Меркі ауданы 7 млн. 500 мың, Сарысу ауданы 5 млн. 200 мың, Шу ауданы 3 млн. 500 мың теңге ғана қаржы бөліп отыр. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл қаржылар ол аудандарда типтік «Беккари» шұңқырын салуға жетпейді.

Ал, Қордай, Мойынқұм, Талас, Т.Рысқұлов аудандары бұл мақсатқа ешқандай қаржы бөлмеген.

Облыстағы 10 ауданның әрқайсысына бір-бірден «Беккари» шұңқырын салуға, барлығы 100 млн. теңгеден аса қаржы қажет.

Сондай-ақ, аудандардың бірде-біреуінде аурулардың алдын-алу мақсатында және ауру шыққан жағдайда малдардың қора-жайларына дезинфекция жасайтын жылжымалы ДУК автомашинасы жоқ. Әр ауданға бір-бірден, барлығы 10 ДУК автомашинасын алу үшін 42 млн. теңге қажет.

Осы мәселелер шешілген жағдайда ғана облыстағы ветеринариялық-санитарлық ахуалды біршама жақсартуға қол жеткізуге болады.

Облыс көлемінде Сібір жарасы ошақтары бойынша да жағдай өте күрделі күйде қалуда.

Облыс бойынша 1952 жылдан бері жалпы аумағы 16 920 гектар жерде Сібір жарасының 190 ошағы тіркеліп, әлі күнге дейін өзінің қауіптілігін сақтап отыр. Осы қауіпті ошақтардан 1952-2009 жылдар аралығында облыс бойынша 259 адам ауруға шалдығып, олардың 24-і қайтыс болған. Сол жылдар аралығында Сібір жарасы ошақтарынан ауру жұқтыру нәтижесінде 2 мыңнан аса әр түрлі малдар өлген.

Жақсылыққа орай, үстіміздегі жыл басынан бері облыста Сібір жарасымен науқастанған адам тіркелген жоқ.

Облыс бойынша тіркелген әрбір Сібір жарасы ошақтарының қауіптілігін жою мақсатында, аталған қауіпті ошақтарды бетондау, әрбір ауру ошағы басына аурудың қай жылы шыққаны туралы нақты деректерді жазып қою, қауіпті аумақтарды арнайы материалдармен қоршау жұмыстарын жүргізіп, ауру ошақтарын залалсыздандыру қажет.

Алайда, бүгінгі күні бұл жұмыстарға Т.Рысқұлов ауданы ғана 946 мың теңге қаржы бөліп, тиісті жұмыстар жүргізуді толық аяқтады. Бұл жұмыстарға Жамбыл ауданы – 400 мың теңге, Меркі ауданы – 1 млн. 600 мың теңге, Шу ауданы - 1 млн. 160 мың теңге қаржы бөліп, залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті. Аталған аудандар бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін аяқтауды межелеп отыр.

Ал, Байзақ, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Сарысу, Талас, аудандарында бұл жұмыстарға аудан бюджетінен тиісті қаржы бөлінбегендіктен, залалсыздандыру жұмыстары басталмай отыр. Осы себепті, осы аудандардың 45 елді-мекенінде жалпы көлемі 10 мың 020 га жерді алып жатқан 87 сібір жарасының ошағы әлі күнге дейін өзінің қауіптілігін сақтап отыр. Үстіміздегі жылдың 13 мамырында Жуалы ауданының Жетітөбе ауылдық округінде Сібір жарасымен ауырған 3 бас жылқының тіркелуі соның айғағы.

Облыс көлемінде Конго-Қырым қанды безгегінің табиғи ошақтары Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарында тіркелген. Соңғы жылдары облыста осы аталған аудандардың тұрғындары арасында Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырмау және онымен күрес шараларына бағытталған нәтижелі жұмыстар атқарылып, өз жалғасын тауып келеді.

Осындай нәтижелі жұмыстар арқасында облыста 2005-2006 жылдары безгек ауруымен 2 адам науқастанып, дер кезінде емделу нәтижесінде, аурудан жазылған болса, одан бергі жылдары облыста бұл аурумен ауырғандар тіркелген жоқ.

Алайда, 11-ші слайдта көрсетілгендей, 2005-2010 жылдар аралығында көршілес Оңтүстік Қазақстан облысында безгек аурумен барлығы 61 адам науқастанып, олардың 18-і қайтыс болғандығын, ал, Қызылорда облысында 23 адам ауырып, олардың 4-еуінің қайтыс болғандығын ескерсек, облыста Қырым қанды безгегіне қарсы жүргізіліп отырған күрес шараларын еш бәсеңдетіп алмай, тегеурінді жүргізу талабы туындайды.

Қырым қанды безгегінің ошақтары жайлаған үш ауданның ауылдық округтерінен 2010 жылдың 1 қарашасына дейін қой-ешкі тоғытатын арнайы орындар (купкалар) салу жөнінде сол аудан әкімдеріне тапсырмалар берілген болатын. Алайда, Қырым қанды безгегінің ошағы бар аудандар (Талас, Сарысу, Мойынқұм). Мал тоғытатын орындарды пайдалану - қазіргі кезде кенеге қарсы қолданылып жүрген малдарды бүркіп, дәрілеу әдісінен екі есе тиімді нәтиже беретін болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы қаулысын орындау аясында облыста біраз жұмыстар атқарылды.

Облыс бойынша барлығы 93 мал сою орындары қажет болса, бүгінгі күні қолда бары - 63, олардың 1-еуі ет комбинаты, 7-еуі бірдейлендірілген мал сою пункттері, 54-і бірдейлендірілген мал сою алаңдары. Бұларға қоса, облыстық бюджеттен бөлінген 150 млн. теңге қаржының есебінен жыл аяғына дейін тағы да қосымша 13 мал сою алаңдары салынып, пайдалануға беріледі.

Бұлармен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аудандарға кәсіпкерлердің есебінен 17 мал сою алаңдарын салу міндеті жүктелген. Бұл тапсырма қазір бірқатар аудандар тарапынан қолға алына бастағанымен, алайда, Меркі, Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандары мал сою алаңдарын соғу жөніндегі бұл тапсырманы орындауды әлі күнге дейін бастамай отыр.

Мал сою алаңдарын соғу үшін барлық аудандарға да осы мақсаттарға қаралған облыстық бюджет пен «Аграрлық несиелеу корпорациясының» қаржыларын, сондай-ақ, осы мақсаттарға арналған арнайы гранттарды пайдалануға болады. Алайда, бүгінгі күнге осы мақсаттағы қолдау шараларын тек Жуалы, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандары ғана дер кезінде пайдаланып отыр. Атап айтсақ, осы мақсаттарға арналған арнайы гранттарды жеңіп алып, Жамбыл ауданының – 1, Жуалы ауданының 2 тұтынушылар кооперативтері әрбіреуінің құны 15 млн. 800 мың теңгені құрайтын 3 мал сою пунктін салу жұмыстарын бастап отыр.

Бұлармен қатар, Т.Рысқұлов ауданындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «Кең дала» шаруа қожалығы «Аграрлық несиелеу корпорациясы» арқылы осы мақсатқа қаралған несие қаржы алып, мал сою пунктін соғуда.

Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіруге байланысты Үкімет қаулысымен енгізілген өзгерістерге байланысты, сол мақсаттарға республикалық бюджеттен қаралаған қаржы сомалары бөлініп, оған қажетті атрибуттар (компьютерлер, сырғалар, сырға салатын құралдар) сатып алынды. Ауылдық округтердің мал дәрігер мамандары бірдейлендіру жұмыстары бойынша арнайы оқу курсынан өтті. Алдағы қазан, қараша, желтоқсан айларында мүйізді ірі қара малдары түгелдей бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға енгізіледі, ал 2011 жылы қой-ешкі, шошқа, 2012 жылы жылқы, түйе малдары бірдейлендіріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2331 қаулысына сәйкес, бұл мақсаттарға мемлекет есебінен жұмсалған қаржы мал иелері есебінен төленіп, қайтадан республикалық бюджетке қайтарылатын болады.

Облыста жабайы аңдар мен ит-мысықтардың және ауру жұқтырған малдардың құтырма ауруларының эпизоотиялық жағдайы күрделі күйде қалуда. Үстіміздегі жылы қасқыр, түлкі және басқа да ет қоректі жабайы аңдардың көбеюіне байланысты, олардың малдарға шабуыл жасауы жиілей түскен. Соның салдарынан биыл Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарында барлығы 10 бас әр түрлі малдардың, сондай-ақ, 8 бас ит, мысық секілді үй жануарларының құтырма ауруына шалдығуы тіркеліп отыр.

Құтырма және басқа да аса қауіпті жұқпалы аурулардың таратушылары - негізінен қаңғыбас ит-мысықтар екендігі белгілі. Үстіміздегі жылы аудандық бюджеттерден қаңғыбас ит-мысықтарды аулап, жою мақсатына облыс бойынша барлығы 7,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге оның 89,0 пайызы игерілді.

Дегенмен, бұл мақсатқа үстіміздегі жылы Мойынқұм ауданы ешқандай қаржы бөлмеген.

Көп жағдайда, қаңғыбас ит-мысықтардан жұғатын эхинококкоз ауруына адамдардың ең көп шалдығуы биыл Талас, Сарысу, Жуалы аудандарында тіркеліп отыр. Облыс көлемінде жыл сайын орта есеппен 100-110 адам эхинококкоз ауруымен операцияға түседі. Эхинококкозбен ауырған науқастардың 60-65 пайызы бұл ауруға өздерінің жеке аулаларындағы және көшедегі иесіз үй жануарларымен (итттермен, мысықтармен) араласу нәтижесінде душар болған.

Барлық аудандарда ауыл тұрғындарының малдарына ветеринарлық қызмет көрсететін, ауыл шаруашылығы малдарының жұқпалы ауруларының алдын-алып, одан тұрғындарды қорғап, сақтайтын, жұқпалы ауруларды болдырмау және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін ветеринариялық қазыналық коммуналдық кәсіпорындар құру қажет.

Барлық аудандарда үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін ветеринарлық қазыналық коммуналдық кәсіпорындар құру жөнінде аудан басшыларына тапсырмалар берілген болатын. Алайда, ол тапсырмалар бүгінгі күнге тек қана Қордай және Талас аудандарында орындалды. Сондықтан, қалған аудандардың басшылары ауданда ветеринариялық қазыналық коммуналдық кәсіпорындар құру жұмыстарын тездетулері керек.

Облыста ветеринария саласы кадрларының жетіспеушілігі де сезіледі. Жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсетіп отырғандай, бүгінгі күнге облыс бойынша барлығы 887 мал дәрігері мамандары жетіспейді. Алдағы уақытта аудандарда құрылатын ветеринариялық коммуналдық кәсіпорындардың барлығына 100-ге жуық мамандар қажет.

Жұмыс істеп жүрген мал дәрігерлердің көбісі зейнеткерлік жасқа жетіп отырғандықтан, арнайы білімді жас мамандардың тапшылығы орын алуда. Мамандардың жетіспеуінен кейбір аудандарда мал дәрігері қызметін басқа мамандық иелері атқарады. Мәселен, Мойынқұм ауданының 16 ауылдық округінің 8 округінде мал дәрігері жұмысын зоотехник мамандар атқаруда.

Ондай, басқа мамандық иелерінің ветеринариялық сараптама жасауға және сараптамалық, анықтамалық құжаттар беруге құқы жоқ. Ол - ветеринария саласындағы заңды бұзушылық болып саналады.

Қазіргі кезде ауылға жас мамандар тарту мақсаты үшін мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары қарастырылып жүзеге асырылуда. Солардың бірі - жас мамандарға облыстық «Ауыл шарушылығын қолдау қоры» арқылы үш жылға 400 мың теңге көлемінде 9,5 пайызбен шағын несие беру қарастырылған. Бірақ, бүгінгі күнге дейін осы қолдауды пайдалануға бірде-бір өтінім түскен жоқ.

Ауыл жастарын өз туған ауылдарына жұмысқа тарту мақсатында, оларды жоғары оқу орындары мен колледждерге мал дәрігерлері мен техниктері мамандықтарына оқыту үшін арнайы грант бөлуді, ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік мекеме, ұйым, кәсіпорындарда жұмыс істеп, ауылдық жерлерде тұратын ветеринария саласының жас мамандарына тұрғын үй алу, мал сатып алу үшін жергілікті өкілетті органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беруді ұсынамыз.

Сонымен қорыта айтқанда, облыстағы барлық ветеринарлық іс-шаралар облыс әкімі тарапынан бекітілген «Жамбыл облысында жан-жануарлар арасындағы инфекциялық аурулардың алдын алу және оған қарсы күресті ұйымдастырудың 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес жүзеге асырылып келеді. Оның орындалуы тұрақты талап етіліп, бақылауға алынған. Дегенмен, іс-шаралар жоспарында белгіленген жұмыстар аудандар бойынша әлі де баяу атқарылуда.


Облыстық іс-шаралар
1 қыркүйек – Білім күнін өткізу
2010-2011 оқу жылында облыста 460 күндізгі жалпы білім беретін мектеп 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылын бастады.

1 қыркүйек күні облыстың барлық білім мекемелерінде Білім күні өткізіліп, Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 15 жыл толуына арналған «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.

Сондай-ақ, 1 қыркүйек күні облыста 2 мектеп пайдалануға берілді. Олар:

1. Байзақ ауданы, Қарасу ауылындағы 120 орындық орта мектебі;

2. Жуалы ауданы, Жаңаталап ауылындағы 180 орындық орта мектебі.
Б.Момышұлының 100 жылдығына және Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Елдің ері – Бауыржан!» атты Республикалық жаңа патриоттық әндердің жабық конкурсы (2 қыркүйек)
Б.Момышұлының 100 жылдығына және Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Елдің ері – Бауыржан!» атты Республикалық жаңа патриоттық әндердің жабық конкурсы 2010 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында жарияланып, қорытындысы 2 қыркүйек күні өтті.

Қазылар алқасының шешімімен «Бас жүлде» Жоламан Тұрсынбаевтың әні «Батыр баба – Бауыржан» (сөзін жазған Ө.Оралбаев, орындаушысы Ж.Шыбықбаев (Астана қаласы)) иеленді.

І орын Сәбит Сиқымбековтың әні «Батыр баба – Бауыржан» (сөзін жазған А.Асылбек, орындаушысы Т.Күзембаев (Алматы қаласы)).

ІІ орын Қарасай Сайжановтың әні «Батыр – Бауыржан» (сөзін жазған Сланқожа Қарақыстақ, орындаушысы Жанат Шыбықбаев (Астана қаласы)) және Дүйсенхан Сыздықтың әні «Қазағымның қаһарманы – Бауыржан» (сөзін жазған А.Асылбек, орындаушысы Д.Уашов (Алматы қаласы)).

ІІІ орын Шолпан Қорғанбекованың әні «Қазақстан жастары» (сөзін жазған С.Тұрғынбек, орындаушысы А.Рахым (Астана қаласы)) және Шәмшия Ахметованың әні «Жуалым менің» (сөзін жазған Толымбек Әлімбеков, орындаушылар Ш.Ахметова, Е.Стамғазиев (Алматы облысы))

«Батыр Бауыржан» әнінің өңдеушісі Қарасай Сайжанов «Үздік музыка өңдеуші» және «Батыр баба – Бауыржан» әнінің орындаушысы Жанат Шыбықбаев «Үздік орындаушы» номинацияларын иеленді.


Өзге ұлт өкілдері арасында Абай оқулары білгірлерінің облыстық байқауы (8 қыркүйек)
«Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған «Тіл фестивалі» және Ұлы Абайдың туғанына 165 жыл толуы аясында облыстық «Абай оқулары» байқауы өткізілді. Мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен оны дамыту, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, облысымызда тұратын өзге ұлт өкілдері арасында қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

«Абай оқулары» байқауына әр аудан және Тараз қаласынан көркемсөз оқу мен ән айту шеберліктерін қатар игерген 18-30 жас аралығындағы 11 үміткер қатысты.

Қазылар алқасы бағалаған жиынтық балдың қорытындысы бойынша:

1 орын Бойко Светланаға (Тараз қаласы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті);

2 орын Мисирова Фаризатқа (Жамбыл ауданынан келген үміткер);

3 орын Шембергер Людмилаға (Қордай ауданы, Қордай гуманитарлық экономикалық колледжінің студенті) берілді.


«Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі аясында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты тілдер фестивалі (17 қыркүйек)
Тараз қалалық мәдениет үйінде облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының хатшылығымен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған «Тіл – татулық тірегі» (Жоспардағы атауы «Тіл тағдыры – ел тағдыры») атты тілдер фестивалі болып өтті. Мақсаты – «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін атап өту, қазақстандық тіл саясатының тілдің – халықты біріктіруші, татулық пен ынтымақ тірегі екендігіне негізделгенін таныту, республикадағы барлық ұлттар мен ұлыстардың өз ана тілдерін білуіне және мемлекеттік тіл - қазақ тілін меңгерулеріне моральдық-материалдық қолдау жасалып, жағдай туғызылып отырғандығын таныту.

Тіл фестивалінде өңірдегі тілдерді дамыту іс-шараларына белсене қатысып жүрген тіл жанашырлары, тіл мамандары, ұстаздар мен үздік өнер көрсеткен топтар «Алғыс хаттармен» және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Фестиваль жоғары деңгейде өтті және бұл шара туралы республикалық «Ана тілі» газетіне тілдерді дамыту басқармасы тарапынан «Татулық тірегі» атты (№38, 23-29.09.10.) мақала жарияланды.


Республикалық театр фестивалі (20-26 қыркүйек)
Мәдениет министрлігі мен облыс әкімдігінің қолдау көрсетуімен Қазақстан театрларының ХVІІІ республикалық фестивалі өтіп, оған Астана, Алматы қалаларынан, еліміздің басқа да облыстарынан барлығы 12 театр ұжымы қатысты. Фестивальға облысымызыдың қазақ және орыс драма театрлары конкурстан тыс қатысып, өнерлерін көрсетті. Бұл іс-шараның мақсаты – отандық театрлар репертуарының идеялық-көркемдік деңгейін арттыру, Ұлы Отан соғысы қаһармандарына арналған тақырыптағы жаңа сахналық қойылымдар туындатуға, жастарды отансүйгіштікке баулып, дұрыс бағыт-бағдар беру.

Фестивальға қатысқан театр ұжымдарының өнерін сараптап, төмендегідей жүлделер берілді:

1. «Үздік спектакль» жүлдесімен Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры А.Дударевтің «Кеш» спектаклі үшін марапатталып, Жамбыл облысы әкімінің сыйлығы (1 млн. теңге);

2. «Үздік режиссерлық шешім» жүлдесімен Алматы қаласының «Ақсарай» мюзикл театры, режиссеры – Б.Атабаев, Т.Жуженоглының «Көшкін» спектаклі үшін, (500 мың теңге);

3. «Үздік актерлық ансамбль» жүлдесімен Мемлекеттік неміс драма театры, А.Дударевтің «Не покидай меня» спектаклі үшін, (400 мың теңге);

4. «Ұлттық драматургияны сахналағаны үшін» Республикалық корей музыкалық-комедия театры Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу» спектаклі үшін, (250 мың теңге);

5. «Әлемдік классиканы сахналағаны үшін» Астана қаласының М.Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының «Страх и нищета в Третьей Империи» (Б.Брехт) спектаклі үшін, (250 мың теңге);

6. «Б.Момышұлының бейнесін сомдағаны үшін» Жамбыл облыстьқ қазақ драма театрының актеры М.Ақүрпеков пен Жамбыл облыстық орыс драма театрының актері Бекназар Избасаров марапатталып, әрқайсысына 250 мың теңгеден;

7. «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма театрының актері Кенжетай Абилдин С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» спектакліндегі Бақыттың ролі үшін (200 мың теңге);

8. «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Тұрсын Құралиев В.Ежовтың «Бұлбұлдар түні» спектакліндегі Лукьяновтың ролі (200 мың теңге);

9. «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» «Дариға-ай» Шығыс Қазақстан облыстық жастар театрының актрисасы Айнұр Жадранова К.Тоқаевтың «Солдат кетті соғысқа» спектакліндегі «Ана» ролі үшін (200 мың теңге);

10. «Көрермен көзайымы» жүлдесімен Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры М.Томановтың «Сыйланбаған сезім» спектаклі үшін марапатталды (300 мың теңге);

11. «Үміт» жүлдесімен К.Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры А.Дударевтің «Не покидай меня» спектаклі үшін (300 мың теңге);

12. «Үздік эпизодтық роль» жүлдесімен Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Балтабай Сейітмамытұлы В.Ежовтың «Бұлбұлдар түні» спектакліндегі Кузовковтың ролі үшін марапатталып, (150 мың теңге) берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет