2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында


Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына орай республикалық «Мен Бауыржанды жырлаймын!» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасы (24 қыркүйек)



бет4/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
#16223
1   2   3   4

Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына орай республикалық «Мен Бауыржанды жырлаймын!» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасы (24 қыркүйек)
Мүшәйраның мақсаты: қазақ халқының аты аңызға айналған біртуар ұлы, ғасыр биігіндегі дара тұлға, Кеңес Одағының Батыры, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының қайталанбас өр тұлғасын, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы айрықша қаһармандық ерлігі мен қайсар қолбасшылық қасиеттерін және жазушылық бейнесін жан-жақты, жоғары көркемдік деңгейде ашып көрсету, ұлттық ұстанымдарға беріктігін жас ақындардың жыр жолдары арқылы жалпыхалықтық құрметке бөлеп, ұлт мақтанышына айналдыру.

Мүшәйраның қазылар алқасына халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Қадыр Мырза-Әлі төрағалық етті және алқа мүшелерінің құрамында: Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Күләш Ахметова, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай, «Қаламгер-медиа» орталығының атқарушы директоры, ақын Жанарбек Әшімжан, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, ақын Маралтай Райымбекұлы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Жамбыл облыстық филиалының директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы Несіпбек Дәутаев пен жергілікті ақын Қуандық Шолақов болды.

Мүшәйра шартына сәйкес, жыр додасына облыстардан 18-35 жас аралығындағы барлығы 22 үміткер жас ақын қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен:

Бас жүлде Ақтолқын Күлекееваға (Жамбыл облысы);

1 орын Әлия Дәулетбаеваға (Атырау облысы);

2 орын Динара Маликоваға (Астана қаласы);

3 орын Балтабек Нұрғалиев (Ақтөбе облысы) пен Дәуренбек Бұланбаевқа (Қарағанды облысы);

Ынталандыру сыйлығы Хамит Есамановқа (Жамбыл облысы) берілді.
Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар

Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлының өмірі мен өнегесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (24-25 қыркүйек)
2010 жылдың 24-25 қыркүйек күндері Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы аталып өтілді.

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Б.Момышұлы ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталған мерейтой, облыс орталығындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Бауыржан Момышұлына арналған стелланың ашылу салтанаты өткізілді. Сондай-ақ, «Баласағұн» мәдениет сарайында «Бауыржан Момышұлының өмірі мен өнегесі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Конференцияда Б.Момышұлы туралы деректі фильм көрсетіліп, батырдың қаламдас замандасы, жазушы Ә.Нұршайықов, Бауыржанның «Ноқтаға басы сыймаған» пьесасымен сомдаған жазушы Ш.Мұртаза, «Бауыржантану» орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметұлы, көршілес жатқан Қырғызстан Республикасы Ш.Айтматов атындағы университетінің жетекші ғылыми қызметкері Г.Орозова, Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Б.Аяған, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Б.Хасанұлы, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары Б.Смағұлов баяндамалар жасады.

Конференция барысында Б.Момышұлының 30 томдық жинағы мен «Қаhарман Бауыржан Момышұлы» фотоальбомының тұсаукесер рәсімі, батырдың өмірі мен шығармасына арналған фотосуреттер мен кітаптар, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Жуалы ауданында Б.Момышұлы музейінің ашылу салтанаты, «Ерлігі мен өрлігі биік Бауыржан!» атты театрландырылған қойылыммен басталып, Тараз қаласындағы ипподромда ұлттық ат спорты ойындарымен, концерттік бағдарламамен аяқталды. Аудандар мен Тараз қаласында, облыстың барлық жоғарғы және арнаулы оқу орындары мен орта мектептерде, кітапханаларда Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Б.Момышұлы – батыр, қайраткер, жазушы», «Бауыржан Момышұлы – халқымның айбыны», «Баукең жұлдыз алған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн», «Бауыржан Момышұлының өмірі мен өнегесі» т.б. тақырыптарда «дөңгелек үстел» отырыстары мен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, шығармалар байқауы, акциялар өткізіліп, көрмелер мен арнайы бұрыштар ұйымдастырылды. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Біз Бауыржанның ұрпағымыз!» атты жастар акциясын, Тараз қаласындағы №45 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы «Озат Бауыржантанушы» интелектуалдық ойынын өткізіп, оларға Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан мен келіні Зейнеп, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай Жуалы ауданындағы «Теріс-Ащыбұлақ» әскери полигонында еліміздің батыс, шығыс, оңтүстік әскери округтері және аэроұтқыр құрлық барлаушылары бөлімшелері мен батальондары жаттығулар ұйымдастырды.

23 қыркүйек күні облыстық прокуратурада Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған мемориалды ашу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Қ.Бозымбаев, халық жазушысы Ш.Мұртаза, академик М.Мырзахметұлы, Бақытжан Момышұлы, Зейнеп Ахметовалар қатысты.

Осы күні Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында белгілі жазушы, «Ақиқат пен аңыз» кітабының авторы Әзілхан Нұршайықовпен кездесу кеші өтті.

Жалпы, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 258 мақалалар жарияланып, облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасынан 63 телесюжет көрсетілді.



Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай аудан орталықтары мен Тараз қаласындағы көшелер мен алаңдарға және халық көп жиналатын орындарға 70 билборд, 42 лайтбокс, 138 тақта мен 80 керме орналастырылды.
Орындалмаған шаралар
М.Мақатаев атындағы жас ақындардың облыстық байқауы қыркүйек айында мерекелік іс-шаралардың көптігіне байланысты қазан айына ауыстырылды.

Ұлы Жеңістің 65-жылдығы мен Б.Момышұлының 100-жылдығына арналған іс-шаралардың, республикалық театр фестивалінің ауқымды ұйымдастырылуына байланысты Ш.Қалдаяқовтың 80 жасқа толуына, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты облыстық патриоттық әндер конкурсы өтпеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет