2010 жылғы 30 желтоқсандағы №693 қаулыға өзгерістер енгізу туралы



Дата29.02.2016
өлшемі21.48 Kb.
#33925


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 46 қаулысы

«Шығыс Қазақстан облысының

тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспарын бекіту туралы»

2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 693

қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының

1-5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 27/336-IV, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2543 шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспарында:

7 «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде:

7.1 «Бюджеттік бағдарламалар» ішкі бөлімінде:

264003000 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасында:

«2011 жыл» бағанында «Бюджет шығыстарының көлемі» жолының «0» саны «1100» сандарымен ауыстырылсын;

7.2 «Бюджет шығыстарының жинағы» ішкі бөлімінде:

«Бюджет шығыстарының жинағы» кестесінде:

«2011 жыл» бағанында:

«Барлық бюджет шығыстары» және «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолдарындағы «67406» сандары «68506» сандарымен ауыстырылсын;

«264003000 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» жолдағы «0» саны «1100» сандарымен ауыстырылсын.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Келісілді:


Шығыс Қазақстан облысы

қаржы басқармасы бастығының

міндетін атқарушы А. Лебедева
Шығыс Қазақстан облысы

экономика және бюджеттік жоспарлау



басқармасының бастығы Е. Ясинская



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет