2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары



Дата03.03.2016
өлшемі36.13 Kb.
#34732
Корнеевка селолық округінің әкімі Ж.Сейпиловтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы

есептік баяндамасы

Корнеевка селолық округі әкімінің аппараты 2010 жылғы 29 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін-діктері” атты халыққа Жолдауындағы алға қойылған мақсаттарды іске асыру барысындағы ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Округте Жолдауды түсіндіру жұмыстары ақпараттық-насихат түрінде жүргізілді, 17 іс-шара өткізіліп, оған 612 адам қатысты.

Осы Жолдау еліміздің даму стратегиясының маңызды құжаты болмақ, онда Қазақстанның дамуының барлық маңызды бағыттары айқындалып, көрсетілген. Жолдаудағы қойылған аса маңызды міндеттердің бірі – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, ардагерлерге қамқорлық көрсету туралы тарауы болып отыр. Осы орайда Корнеевка селолық округінде іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыстар атқарылуда.

Қойылған міндеттерді бірігіп іске асыру және халыққа әлеуметтік көмек көрсету, қаржылық көмек көрсету мақсатында округтегі шаруа қожалықтары, дербес кәсіпкерлермен келісімдер жасалған:

«Насихат-Есіл», «Луговое», «Мария села Корнеевка» ЖШС-тері және Дмитриев, Гвоздев жеке кәсіпкерлері.

Ағымдағы жылдың бес айында окру-гімізде: “Жабина” -дәмхана, “Макарова” - қосалқы бөлшектер дүкенін, “Уса-тенко” - азық-түлік дүкенін, “Мищенко” - өндіріс тауарлары дүкенін ашты, ЖК Дмитриев «Сосновый бор» демалыс аумағында дәмхана, ЖК Гвоздев село аумағында ағаш кесу цехын ашуды жоспарлап отыр.

2010 жылғы стратегиялық даму бағдарламасы аясында, 159 жұмыс орны ашылмақ, есептік кезеңде 74 жұмыс орны ашылды, ұйымдар есебінен 11 жұмыссыз қоғамдық жұмыспен қамтылды.

«Жол картасын» іске асыру жоспарына сәйкес, нысаналы топтан 6 жұмыс адам жұмыспен қамтылып, орта және шағын бизнес саласында қызмет етуде:

ЖК Макарова - 2 адам, ЖК Жабина - 2 адам, ЖК Золоторева - 1 адам, ЖК Баженов - 1 адам.

Кәсіптік оқыту бағдарламасын іске асыру және еңбек нарығында сұранысқа ие болып отырған мамандықтар бойынша еңбекке орналастыру жалғасуда. 2010 жылы Покровка ауылшаруашылық колледжінде, кәсіптік білім алып шыққандар саны 3 адам (механи-заторлар), барлығы жұмыспен қамтылған.

Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі, ағымдағы жылда 19 отбасына 738,9 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленді, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы 22 отбасына 199,7 мың теңгені құрады.

Көкөніс пен картоп егу алаңдарын ұлғайту бойынша тұрғындармен жұмыстар жүргізілуде. Осы жылы аулалық 102,6 га және 6,7 га алаңда картоп пен көкөніс өсіру жоспарланып отыр. Бұдан басқа «Мария села Корнеевка» ЖШС 20га алаңға картоп отырғызды.

Осы мақсатта Корнеевка орта мектебінде егістік алаңдары ұлғайтылмақ, бұл шаралар оқушылардың тамақтануының арзандауына үлес болмақ.

Округте денсаулық сақтау, білім беру нысандары материалдық-техникалық жабдықталған. Явленка орталық аудандық ауруханасының Корнеевка селосындағы бөлімшесінде, интернат, шағын орталықта телефон орнатылған және қалыпты жұмыс жағдайлары жасалып, кадрлармен толық қамтамасыз етілген.

Селоның әлеуметтік саласы да дамуда, округ бойынша 4 шағын наубайхана жұмыс істейді, халықты нанмен толық қамтамасыз ете алады, нанның бағасы - 32 теңге. Округте 22 дүкен, 2 дәріхана, 1 малдәрігерлік дәріханасы, ағаш өңдеу цехы (“Санкт-Иосиф” ЖШС) - есік, терезелер жасап шығарады, ЖК Санот «Жолаушылар тасымалы» - Корнеевка-Петропавл бағытында автобус қатынайды.

Өсімдік егу саласы округте жақсы дамыған, 5 ЖШС және 13 шаруа қожалықтары иелігіндегі 27516,8 га ауыл-шаруашылық егістік алқабында 11392 га астық егіледі, өткен жылмен салыс-тырғанда 3,5 % -ға жоғары, майлы дақылдар егу алқабы ұлғайды. «Атаме-кен-Агро-Корнеевка» ЖШС канадалық технология бойынша майлы дақылдың сынақты түрін септі.

Өткен 2010 жылы 1 қаңтардағыдан мал басы 0,1 % -ға өскен (барлық түрі),

Корнеевка, Леонидовка селоларында жасанды ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді, есептік кезеңде жоспар бойынша 47 %-ға орындалды. ЖК Ша-ров тұрғындардан 5,4 тонна сүт сатып алды (бағасы - 25 теңге, мамырда - 30 теңге), 411 кг ірімшік, 100кг сары май өндіріліп, сатылды, сонымен қатар 5-10 теңгеден сары су мен обрат сатылады. ЖК Шаровтың өндіріс аумағында мал сою цехы өз жұмысын 1 маусымнан бастайды.

Петропавл қаласындағы өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне апта сайын қатысып тұрамыз, округ тұрғын-дары ауылшаруашылық өнімдерін 987,3 мың теңгеге сатты.

Жыл сайын округте абаттандыру, кө-галдандыру, тазарту жұмыстары жүргізіледі, осы жылы 12 км жол жөнделді, 3 ескерткіш жөнделді, 304 түп көшет және жеміс жидек түптері отырғызылды.

Селолық округ әкімінің есеп беру кездесуі кезінде келіп түскен сұрақтар:

1. Корнеевка селосындағы жергілікті су көзін жөндеу туралы (Галузин.В.И.)

- жауап: сусорғыш ауыстырылды, құбырлар тексеріліп, ақпан айында іске қосылды.

2. Советское селосында көшелерді жарықтандыру туралы (Гоменюк.Е.В.)

- жауап: шамдар сатып алынды, көшелерді жарықтандыру жүріп жатыр және одан әрі жалғасады.

3. Ғаламторға шығу мүмкіндігін шешу, радиотелефонды қосу арқылы (Мұстафин.А.Е.)

- жауап: сұрақ Есіл аудандық «Қазақтелеком» бөлімінің бастығы В.В.Нечаевқа жіберілді, Ғаламторға шығу мүмкіндігі оңтайлы шешімін тапты, жылдамдығы секундына 153 кбт CDMA терминалы арқылы.



4. Корнеевка селосындағы «Октябрьская» көшесінің атауын Есім Шайкин атындағы көшеге ауыстыру туралы. (Коломеец.В.Н).

Осы мәселе бойынша село тұрғындарының жиналысы өтті, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отыра, мәселе оңтайлы шешілді. Құжаттар жиналып, Әділет Басқармасына тіркелуге жіберілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет