Алматы селолық округінің әкімі М.Қыдыбековтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық
дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы
есептік баяндамасы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 6 сә-уір 2005 жылғы №252 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында есепті кездесулерін өткізіп, азаматтарды ақпараттандыру мақсатында елімізде болып жатқан экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістер мен ірі жетістіктерден хабардар етеді, атқарылған жұмыстар мен атқарылатын міндеттер жайлы баяндайды, халықтың сұрақтарына жауап береді.
Біздің ел Президенті стратегиялық міндеттерді және ұзақ мерзімді мақсаттарды анықтап, біздің қоғамның болашағын анықтайды.
«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы, ел экономикасының дамуына тың серпін берді, индустриалды-инновациялық жобалар басым бағытқа ие болды. 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті, 1-2 желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті, Астана декларациясы қабылданды, еліміз үлкен абыройға ие болды.
Солтүстік Қазақстан облысында және ауданымызда әлеуметтік-экономикалық салаларда ірі жетістіктер бар.
Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту бағытында ауданымызда үлкен ісшаралар атқарылды.
Алматы селолық округі әкімінің аппараты өзінің ұйымдық саяси жұмыстарын алға қойылған міндеттерді негізге ала отырып жүргізеді.
Экономикалық дамудың негізгі көрсеткішін аграрлық сала құрайды. 2010 жылы 8700 гектар алқапқа дәндідақылдар егілді, күздегі гектар берекелігі 11 центнерді құрады. Селолық округ тұрғындарының басым бөлігі өзінөзі қамтыған отбасылар жеке меншіктеріндегі мал шаруашылығымен айналысады. Жеке меншіктеріндегі мал басы үшін 640 тонна шөп, 300 тонна сабан, 320 тонна жем азықтары дайындалды. 2010 жылы тұрғындардан 94 тонна ет сатып алынды, тұрғындар өз өнімдерін Петропавл қаласында айсайын өткізіліп тұратын жәрмең-келерде сату мүмкіндігіне ие, сатылған өнімдердің сомасы 1,8 миллион теңгені құрады.
Округ аумағында 12 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді, оның 5 дүкен,1 буфет, 2 жолаушылар тасымалдау, 1 ветеринарлық қызмет көрсету және 3 аграрлық сала.
Таза «Ауыз су» бағдарламасы бойынша 2010 жылы Жарғайың ауылында құны 17,3 миллион теңгеге су тарататын нысан салынды. 2011 жылы осындай құрылысты салу Өрнек ауылында жоспарлануда, құны 35,9 миллион теңге. Мектеп ауылында халыққа медициналық көмекті жақсарту мақсатында 650 мың теңгеге жаңадан салынған үй сатып алынды.
Селолық округте 1 орта, 2 негізгі мектептер жұмыс істейді. Мектептерде телефон орнатылған, Интер-нет желісіне қосылған, отын-көмір жеткілікті мөлшерде жеткізіліп бе-рілді.
2010 жылдың қазан айынан бастап “Балапан” бағдарламасы бойынша мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін 3 шағын орталық ашылды.
Шағын орталықтар жаңа құралжабдықтармен, жиһаздармен қамтамасыз етілді, жаңадан 9 жұмыс орны ашылды, халық дән риза, 2010 жылғы ҰБТ нәтижесі бойынша Өрнек орта мектебі орташа 86 ұпай жинады.
Мәдени саланы дамытуда 3 елді мекендегі ауыл кітапханалары халыққа сапалы қызмет көрсетуде, барлық мерекелік ісшаралар тиісті деңгейде өткізіліп келеді. Кітапхана қоры өте бай, оқырман қауымға, мектеп оқушыларына мәдени құндылық болып табылады. Отанға деген патриоттық сезімді дамытуда саласындағы жаңа туындылар көптеп ұсынылады. Кітапханалардың материалдық базасы жыл сайын жақсаруда.
Әлеуметтік сала бойынша аз қамтылған отбасыларды, мүгедек жандарды, балаларды қолдау барысында жұмыстар атқарылды: 18 жасқа дейінгі балалары бар 62 отбасына (120 бала) 1704138 теңгенің мемлекеттің жәрдемақысы берілді, аз қамтылған 5 отбасына (12 бала) мемлекеттің арнаулы жәрдемақы-сы берілді. 1-2 топтағы мүгедек 24 адамға 5 текше метрден тегін отын жаздырылып берілді. 1-4 сынып оқушылары үшін мектептерде тегін ыстық тамақ берілуде, бұл мақсатқа «Ильинское» ЖШС -120.000 теңге «Жаргаин-СК» ЖШС 25.000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. 8 көпбалалы ана «Алтын Алқа», 19 көпбалалы ана «Күміс Ал-қа» иегері атанды 8 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша екі жас мұғалім мектептерге орналасып, мемлекет тарапынан жәрдемақылар алды.
3 адам әлеуметтік жұмыс орнына қабылданды, жастар тәжірибесі бойынша 1 адам 6 ай тәжірибеден өтті. 4 адам Есіл аудандық ауылшаруашылық колледжінде кәсіби даяр-лықтан өтіп, тракторист-машинист мамандығын алып шықты. Осының бәрі – халықтың өмір сүру деңгейінің артуына арналған игі шаралар.
Достарыңызбен бөлісу: |