2011 жылдың 1 тоқсанына Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қорытындылары



Дата25.02.2016
өлшемі41.1 Kb.
#18621
2011 жылдың 1 тоқсанына Бородулиха ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамудың

негізгі қорытындылары
2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына қолданыстағы бағада өнеркәсіп өндірісінің көлемі (жұмыстар, қызметтер) 5040,6 млн теңге құрайды, бұл жоспар-тапсырмадан 24,6 пайызға көп. Нақты көлемінің индексі 107,1 пайызды құрайды. Оның ішінде:

- тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер әзірлеу – 4388,2 млн. теңге (НКИ-95,6 пайыз);

-қайта өңдеу өнеркәсібі – 377,0 млн. теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 3,0 есе), оның ішінен тамақ өнімі өндірісі – 83,2 млн.теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 98,8 пайыз) ;

- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны желдету – 272,7 млн. теңге (НКИ – 131,1 пайыз);

- сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдық тастау бақылау жасау – 2,7 млн. теңге (НКИ – 105,2 пайыз).

Ауданның тау-кен өндіру өнеркәсібі «Жезкент КБК» «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы кәсіпорынымен ұсынылады. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында өндірілген негізгі өнім түрлері клесіні құрайды: кен қазу – 378,32 мың тонна, 2010 жылдың 416,92 мың тоннасына қарсы, кенді қайта өңдеу – 378,27 мың тонна, өткен жылдың 418,82 мың тоннасына қарсы, мыс концентратында мыс өндіру – 13128,85 тонна өткен жылдың 13013,11 тоннасына қарсы, мырыш концентратында мырыш өндіру – 11813,58 тонна 2010 жылдың 15434,77 тоннасына қарсы.

Кен қазу көлемінің төмендеуі қосалқы бөлшектердің жеткізілмеуіне байланысты жүк-жеткізу машиналарының тұрып қалу себебінен болуда.

Еңбек өнімділігін арттыру 2011 жылдың 3 айында 1 жұмыспен қамтылғанға 1,3 млн. теңгені құрайды (жоспар-тапсырма – 1,1 млн. теңге), оның ішінде өңдеу өндірісі – 1 жұмыспен қамтылғанға 0,9 млн. теңге (жоспар-тапсырма – 1,0 млн. теңге).

Шағын бизнес бойынша, 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына облыстық департамент статистикасына сәйкес шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны 83 құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,8 пайызға төмен. Қызмет ететін кәсіпорындардың саны 45 құрайды (тіркелеген кәсіпорындар санына 54,2 пайыз), оның ішінде белсенділер – 34, бұл қызмет ететін кәсіпорындар санына 75,6 пайызды құрайды және жоспар-тапсырмадан 2,9 пайызға төмен.

Белсенді кәсіпорындардың ішінде ірекет етпейтін мәртебесіне «Белағаш астық» ЖШС ауысты, сонымен қатар, «Артон» ЖШС банкрот болып табылады.

Салық органдарының және статистика органдарының бірлескен жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Қазіргі уақытта Бородулиха ауданының прокуратурасымен бірге 11 іс-әрекет етпейтін өндірістік кооперативтердің түпнұсқа құжаттарының орнына тексеру жүргізілді. Прокуратурамен жоғары аталған өндірістік кооперативтер құрылтайшыларының қатысуымен кеңес өткізілді, оның нәтижесі бойынша олардың жойылуы туарлы құрылтайшыларға азаматтық сот ісі тәртібінде сотқа шағымдану туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта іс-әрекет етпейтін «Тонус» ӨК кәсіпорнын жоюға өтініш экономикалық сотқа берілді, мәселе оң шешімін тапқан жағдайда, ұқсас жағдай бойынша 10 өндірістік кооперативтерді жою жоспарланған.

Ауданның іс-әрекет етпейтін кәсіпорындарының қызметін жаңарту және жою бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылуда тұр.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларына 782,9 млн. теңгені құрады және 2010 жылдың ұқсас кезеңінің салыстырмалы бағаларында 14,7 пайызға көбейді және жоспар-тапсырмадан 1,9 пайызға көп.

Агроөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі ағымдағы жылдығ қаңтар-наурыз айларында 1061,7 млн. теңге көлемінде алынды, бұл жоспар-тапсырмаға 108,6 пайызды құрайды. Нақты көлемінің индексі 103,3 пайызды құрайды.

Ірі қара мал саны 2,0 пайызға өсті, оның ішінде сиыр – 2,6 пайызға, жылқы саны 0,9 пайызға, қой және ешкі саны – 1,3 пайызға, шошқа – 13,5 пайызға өсті және құс саны – 6,7 пайызға төмендеді, өйткені «Е.Зайтенов» шаруа қожалығында жемдеудің теңгерiлмеуiнен және құстарды ұстау нормаларын бұзудан 20028 бас санында мал өлімі тіркелді.

Сүт өндірісі 5,9 пайызға, жұмыртқа өндірісі 2,2 пайызға өсті және 1545,3 мың дананы құрады, ет өндірісі 0,7 пайызға өсті.

Нгізгі капиталға инвестиция көлемі 854,2 млн. теңгені құрайды немесе 2010 жылдың сәйкес кезеңіне 171,8 пайыз және жоспар-тапсырмадан 2 есе көп. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 34,4 млн. теңге; жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 38,6 млн. теңге; кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражатынан – 781,2 млн. теңге. Облыстық көлемде аймақ үлесі 4,3 пайызды құрайды.

2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында үйдің жалпы алаңынан 183,0 шаршы метрі пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 56,8 пайыз және жоспар-тапсырмадан 3 есе көп.

2011 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша аудан бюджеті орындалды, 237712,0 мың теңге жеке кіріс кірді, болжам 109,6 пайызға орындалды немесе өткен жылға 10,2 пайыз өсумен жоспардан тыс 20916,0 мың теңге кіріс түсті.

Қосымша резервтерді қарастыру мақсатында, ауданда ҚР Салық кодексінің аясында салықтарды және төлемдерді әкімшілендіруді нығайту бойынша барлық мүмкін шаралар қабылдануда. Өткізілген жұмыс нәтижесінде жергілікті бюджетке 4512,9 мың теңге қосымша кіріс түсті.

2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында орта айлық жалақы 57953 теңгені құрайды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 113,3 пайыз.

Аудан бойынша демография жағдайы өлім 1000 тұрғынға 2010 жылдың 1 тоқсанында 12,2 промиллден 2011 жылдың 1 тоқсанында 11,3 промиллге дейін төмендеумен мінезделеді.

2011 жылдың 1 тоқсанына нәресте өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,38 промиллге төмендеді және 1000 тірі туылғанға 16,1 промиллді құрады.

Аналық өлім – 0.

100 мың тұрғынға туберкулезбен ауыратындардың саны 22,5 промиллге төмендеді және 17,9 промиллді құрады.



Қылмыстылық деңгейі аудан бойынша 10 мың тұрғынға 57,2 қылмысты құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 қылмысқа артық. Қылмыстың ашылуы 94,9 пайызды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызды артық.

Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің бастығы Б. Құрманбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет