Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының Первороссийск селолық округі әкімінің есебі
2011 жылғы округтің әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және оның 2012 жылға дамуының болашағы туралы
«Тұрғындармен жергілікті орындаушы органдар басшыларының есеп беру кездесуін өткізу туралы» Елбасының 06.04.2005 жылғы № 1546 Жарлығын орындау мақсатында Первороссийск селолық округінде жылсайын есеп беру кездесулер өткізіледі.
2011 жыл маңызды оқиғаларға толы болды, олар өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуы бойынша біздің жұмыстың басты бағыттарын анықтады.
2011 жыл – осы заманғы Қазақстан тарихында ерекше уақыт. 2011 жылғы 16 желтоқсанда біздің мемлекет өз Тәуелсіздігінің 20- жылдығын тойлады. Осы тарихи оқиғаны тойлату Президент Нурсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «20 жыл бейбітшілік және жасампаздық» ұранымен Жалпы халықтық іс болып жарияланды. Біздің елдің тарихи жолы екі онжылдық бұрын басталған. Тарихи өлшем бойынша осындай қысқа мерзімде Қазақстан өз азаматтарының әлуіметтік қорғанысын жақсы ұйымдастырған, тұрақты саясат жүйесімен, базарлық экономикасы дамығын осы заманға сай мемлекетке айналды. Әлем координаттар жүйесінде біздің ел лайықты орын алып, халықаралық қоғамның беделіне және жоғары құрметіне ие болды. Бәріне белгілі, осы саяси -экономикалық трансформация феномены, «Қазақстандық даму жолы» болып аталған, ең бастысы Президент Нурсұлтан Назарбаевтың салмақты және ойланып істелген саясатының оның стратегиалық көрегендігінің және саяси дарындылығының арқасында мүмкін болды.
Тағы бір маңызды оқиға - ол «Болашақты бірге жасайық» еліміздің Президентінің Жолдауы.
Қазақстан халқына ел Президенті Жолдауының негізгі ережесіне сүйене отырып, Конституцияны және облыста жергілікті басқару және өзін -өзі басқару туралы ҚР заңын басшылыққа ала отырып өткен 2011 жылға келесі сараптамалар жасауға болады.
Первороссийск селолық округі 1957 жылы құрылды. Оған үш ауыл: Первороссийское, Дородница, Васильевка ауылдары кіреді. Селолық округ орталығы Первороссийское ауылы. Округ аумағы 42264 га. Селолық округ аудан орталығынан 40 км., ал аудан орталығынан 129 км. орналасқан. Аудан және облыс орталықтарымен көлік және теміржол транспортары арқылы байланысқан.
Жалпы округ бойынша үй саны 433,ол 2010 жылғы қарағанда 11 үйге көбірек, тұрғындар саны 1269 адамды құрайды, 7 адамға көбейді, еңбекке жарамды адамдар саны көбейді былтыр 731 адам болса, биыл 762 адам болды, соның ішінде селолық округ аумағында жұмыс істейтіндер 236 адам, басқа да аудан және облыс ұйымдарында және кәсіпорындарында 226 адам, өз –өзін қамтамасыз етіп отырғандар 300 адам. Жаңадан ашылған Жол-пайдалану пунктіне 4 адам жұмысқа қабылданды. Зейнеткерлер 238 адам, мүгедектер 39 адам, мектепке дейінгі жастағы балалар 84 адам, мектеп жасындағы балалар 185 адам, ЖОО және арнайы орта мекемелерде оқитын студенттер саны 11 адамаға көбейді, 27 студент, оның ішінде грант бойынша 9, көп балалы отбасы саны 7, жалғыз басты зейнеткерлер - 20. «Күміс алқа» -ға рәсімделгендер - 7 адам, «Алтын алқа» -ға 1 адам. Округте 2ҰОС ардагері, 62 тыл еңбеккерлері, қайтыс болған жауынгер жесірі 1, интернационалист – жауынгер 1, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған – 11 адам тұрады. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.
Халқының аман-саулығы, бейбітшілігі, Қазақстанның экономикалық және саяси тұрақтылығы, көп ұлттың және көп діндік толеранттылығы, көршілермен жақсы қарым-қатнаста болуы бұл- Қазақстанның тәуелсіз жылдарында құрғаны және біз осы үшін мақтанамыз. Селолық округте бірлік пен татулықта көптеген онжылдықтар бойы 7 ұлт өкілдері өмір сүріп және жұмыс істеп келеді. Ұлт құрамы: қазақтар - 92, орыстар - 1138, немістер - 26, басқа да ұлттар - 13.
Окріг аумағында бірде - бір діни ұйымдар жоқ.
« Нұр Отан» Партиясы біздің округте өз қатарында 53 адамды құрады.
Первороссийск селолық округінде тіркелген және жұмыс істейтін жеті ауыл шаруашылық құрылым бар, олар өсімдік шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысады – олардың барлында сәйкес материалдық-техникалық базалары бар және өз жоспарларына сәйкес жұмыс істейді, ауылдың дамуына үлестерін қосып және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Есеп беру жылында алынған дәнді – дақыл түсімі жаман емес, ірі қара мал, қой және жылқы басы өсті, көлік – тракторлы паркі жаңарды. Жалпы дәнді дақыл ауданы – 1887 га, осыдан алынған түсім 33009 ц., түсімділігі – 17,5 ц/га; күнбағыс 632 га, түсімділігі –7,1 ц/га, жинап алынған 4510 ц. Жалпы ауыл шаруашылық өнім 140 015 мың теңгені құрады.
Тірі салмақта 156,58 тонна ет, сүт - 18759 (өсім 11%) өндірілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 10% өсті, жылқы - 18 % өсті. 2011 жылға Мал басы және ет өндіру жоспары толығымен орындалды.
Малды қауіпсіз қыстату үшін жеткілікті азық қоры даярланған.
Ауыл шаруашылық өндірісшілерін қолдауда, егіс даласындағы жұмыс кезінде мемлекеттен арзан бағада жанар май бөлінді.
Қайта өңдеу кәсіпорны диірменмен, жарма ұсатқыш және екі май цехымен ұсынылған.
Өмір сүру деңгейі негізінен азаматтардың жеке әр шаруашылығына тәуелді. Жеке сектордағы мал басы: 249 басты құрайды,ол былтырғы жылға қарағанда 18 басқа көп, оның ішінде сиыр 137 бас, жылқы 71 бас, қой, ешкі – 207,71 басқа көбейді, шошқа – 297, 46 басқа көбейді, құс 2996 бас.
Округ тұрғындары дәндә-дақылмен және жем –шөппен жарна есебінен қамтамасыз етіледі, және де округтегі және аудандағы сауда жүйелерінен, ауыл шаруашылық құрылымдырынан жем-шөп алуға мүмкіндіктері бар. Жеке секторларда көкөніс және картоп өсіруге 48,5 га.жер өңделген.
2012 жылғы 1 қаңтарға белсенді шағын және орта бизнес субъектілері (жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын қоса санағанда) 23, бұл 2011 жылғы деңгейден 5ке көп. Осы өрісте жұмыс істейтіндер саны 2011 жылғы 1 желтоқсанға 121 адамды құрады.
Ауылдастардың бір бөлігі шағын бизнеспен айналысуда. Округ аумағында 12 жеке кәсіпкер және 6 жеке дүкендер жұмыс істеуде. Дүкендегі тауарлар алуан түрлі, бағалары қол жетімді, Васильевка және Дородница ауылдарында наубайхана жұмыс істейді. Негізгі азық-түлікке баға мониторингі үнемі жүргізіліп отырады, негізгі азық түлікке бағаны төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Первороссийское ауылына күнсайын Зырян қаласынан нан өнімдері жеткізіліп отырады.
2011 жылы, және жылсайын, селолық округттің елді мекендерін абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Арнайы бөлінген жерге 526 т. қоқыс шығарылды. Есеп беру кезеңінде 19 сембілік және 26 жеке жұмалық өткізілді, оған жалпы санағанда 700 адам қатысты. Первороссийское с. зиратына абаттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Мектептерді де назардан тыс қалдырмаймыз. Селолық округтің аумағында 1 орта мектеп: Первороссийское орта мектебі және Васильевка мен Дородницада екі орталау мектебі бар, осы мектептерде 171 оқушы оқиды, оның ішінде шағын-орталықта 29 бала, мектепке дейінгі даярлықта 20 бала бар. Педагогикалық ұжымда 43 мұғалім бар, оның ішінде 29 жоғарғы білімді. ҰБТ қорытындысы бойынша біздің оқушылар 2010-2011оқу жылына қарағанда нашар білім көрсетті, ол пәндер бойынша беретін мұғалімдердің жұмысын талдауға салмақты себеп болды. ҚалББ бастығы қатысқан педогогикалық кеңесте ҰБТ қатысушыларын дайындау туралы, оқушылардың білім денгейі туралы салмақты әңгіме болды, нәтижелер шығарылды және келесі оқу жылына мақсаттар қойылды. Барлық мектептерде компьютер сыныптары, Интернет байланысы бар. Первороссийское мектебінде Мультимедиалық сынып бар.
Мектептерде оқу бағдарламасынан басқа тәрбиелік, спорттық, көркем өнерпаздық бойынша және басқа да әртүрлі шаралар өткізіледі
Жазғы демалыс аралығында мектепте жазғы денсаулықты жақсарту алаңдары жұмыс істеді. 87 бала демалды. Жалпы оқу қорының есебінен 6 бала Қазақстанның астанасы Астана қаласына барып қайтты.
Мектепке дейінгі балаларды білім беру қызметтермен қамту үшін 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Первороссийское мектебінде 25 балаға арналған толық күнмен болы шағын-орталық ашылды. 2011 жылы шағын –орталыққа 200000 теңге қаржы бөлінді. Жергілікті бюджет есебінен 2011 жылы физика кабинеті сатып алынды, мектеп асханағсына жалпы соммасы 220000 теңге құраған технологиялық тақта сатып алынды. Өрт-қауіпсіздік шараларын орындау үшін 834000 теңге қолданылды.
Орталау мектептерде назардан тыс қалған жоқ. 2011 жылы 4215000 теңгеге Васильвка орталау мектебінің шатыры жөңделді, жергілікті бюджет есебінен 1200000 теңге соммасына компьютер сыныбы сатып алынды. Дородница орталау мектебіне жергілікті бюджет есебінен 1200000 теңгеге компьютер сыныбы сатып алынды, 2011 жылы спутникті интернет байланысын төлеу үшін 630000 теңге берілді Барлық оқу мекемелерінде жылыту ауа бүркеулер сатылып алынып орнатылды.
Барлық әлуіметтік сала мекемелері қысқы мезгімде жұмыс істеуге уақытында дайындалды. Көмір және дизель отыны керек мөлшерде толықтай әкелінді, жылыту жүйесінің, қазандықтардың жөңдеу жұмыстары өткізілді.
Тұрғындарға қызмет көрсету орталығы ашылғаннан бастап барлық қызметтер: тууды , некені және қайтыс болғандарды тіркеу аудандық АХАЖ көрсетеді, селолық округте 2011жылы туылған балалар -10 , өкінішке орай бірде- бір неке тіркелген жоқ, қайтыс болған азаматтар 25
Первороссийск селолық округі әкімінің аппаратымен ХҚКО бірлесіп, былтырғы жылы секілді, аудан орталығына көптеген себептер бойынша бара алмайтын азаматтарды құжаттау бойынша жұмыс жүргіздіОкругтің 145 тұрғыны құжаттандырылды, Первороссийское с. - 105, Дородница а. - 22, Васильевка а.- 18.
110 нотариалдық іс жүргізілді, 12855теңге мемлекеттік баж төленді.
Селолық округ аумағында 3 дәрігерлік пункт - Первороссийское а., Васильевка а., Дородница а. бар, 5 адам дәрігерлік қызмет көрсетеді. Дәрігер жұмысшылар аурулардың үйлерін аралап, дәрігерлік көмек көрсетеді. Ересек тұрғындарға, балаларға алдын-ала егу, дәрігерлік тексерулер жүргізеді. Ересек тұрғындарға және балаларға егу жүргізілді. Зырян қаласының №2 Дәрігерлік бірлестігінің дәрігер бригадасымен округ тұрғындарына тексеру жүргізді. Тұрғындар флюро тексеру қызметімен қамтамасыз етілген. Дәрігерлік пункітте алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін дәрілік препараттар бар. Бір жасқа дейінгі, 5 жасқа дейінгі, емдеу мекемесіндегі балалар және жеткіншектер тегін дәрі-дәрмек алды. Емдеу мекемесінде тұрған ересектер жыл бойында жеңілдетілген баға бойынша және тегін дәрі алып отырды. Инфекциалық аурмен ауыратындар жоқ.
Барлық мейрамдар, Жаңа жыл, Наурыз, Жеңіс Күні, Қазақстанның тәуелсіздік Күні, қарттар және мүгедектер Күні және тағы басқа да мейрамдар ауылдық Мәдениет үйінде және мектептерде өткізіледі. 2011 жылы 103 іс-шара өткізілді, оның ішінде 3аудандық маңызы бар. Олар: Жастар акциясы- би марафоны « Біз Қазақстанның болашағы», славян мәдениетінің және жазуының фестивалі«Родник живой души» және Қазақстан Тәуілсіздігінің 20- жылдығына раналған аудандық халық әуендері және өлеңдері фестивалі «Мой талант – родной стране». Мерекені өткізуге ауыл шаруашылық құрылымдары және жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетеді. «Веселые товарушки» халықтық фольклорлық ансамблі және Халықаралық конкурстың Дипломанты және лауреаты «Узорье» фольклорлық тобы өз дарындарын шыңдауда. 2010 жылғы қарашада құрылған «Ансар» би тобы өзінің жастығына қарамай, 2011 жылғы ақпан айында өткен «Дарындар-Шашу» аудандық фестивалында осы заманғы би номинациясында бірінші орын алды. Осы ұжымдардың шеберліктері халықтың алдына шыққан сайын шыңданады. Қызығушылық бойынша клуб жұмыс істейді. Өткен жылы Ауылдағы мәдениетті дамыту үшін, қажет жабдықты сатып алуға жарты миллион теңгеден артық сомма бөлінді. Ауылдық кітапханада Интернет жүйесіне кең жолақтар арқалы кіруге болады.
Селолық округте дене шынықтыру мен спорттың дамуына назар аударылуда.
Спорт шараларын өткізуге 1 стадион, 6 спорт алаң, 2 спорт зал бар. Жылсайын Первороссийск селолық округі әкімінің сыйлығына «Алтын күз» атты спорттық жарыс өткізу салтқа айналған. Дородница орталау мектебінің оқушылары, өз ісінің шебері, дене шынықтыру мұғалімі А.Д. Шишкуновтың басшылығымен, әйелдер футболы бойынша мектепте ғана емес сондай-ақ, ауданда да спорттық жетістіктерге жетуде. 2011 жылғы маусымда команда аудан чемпионы атанды.
Тұрғындарға көрсетілетін ең басты қызмет, бұл байланыс. Первороссийское с. 255 нөмірлі сандық телефон станциясы жұмыс істейді, қосылғаны 220, оның ішінде 209 телефоны пәтерлерде. Бұдан басқа тұрғындар 50 абоненттен астамы CDMA байланыс қызметін және KZKCELL мен BEELINE ұялы байланысын пайдаланады. Телефон нүктелері округтегі барлық мектептерде және ФАП терде бар.
Первороссийское селосының тұрғындарына пошта бөлімі қызмет көрсетеді, пошта жұмасына үш рет әкелінеді, жазылушыларға баспалар пошташы арқылы сол күні жеткізіледі. Барлық жазылам деушілер қалаулар бойынша қоғамдық саяси басылымға немесе танымдық әдебиетке жазыла алады. 2012 жылға мерзімдік басылымға жазылу бойынша жоспары 106% орындалды. Көп түскен басылымдар жеке сату арқылы жүзеге асырылады. . Васильевка және Дородница ауылдарына жұмасына бір рет Зырян АПБЖ шығу бригадасы қызмет көрсетеді.
Округтің елді мекендері электр тоғымен 100% қамтылған. Электр энергиясының іркілісі жоқ, тұрғындар АЭК қызметін уақытында төлеп отырады.
Осы аралық кезеңінде, барлық ауылдарда кеңестік шаруашылықтан мұраға қалған су құбыры бойынша орталықтандырылған сумен жабыдықтау жүзеге асырылады. Первороссийское және Васильевка ауылдарында, былтырғы жылдағыдай, жаз аралығында тот басқан құбырларды жамады. Жылсайын жөндеу жұмыстары көбейуде, металдың тозуы 80 және одан да көп % құрайды. Васильевка ауылының сумен жабдықтау жүйесі 2011 жылы әкім аппаратына берілген, қазір сумен жабдықтау объектілеріне құқықтық құжаттар рәсімделуде. Первороссийское ауылының су құбырлары коммуналды меншікке беріледі, ол үшін қажет құжаттар рәсімделген.
Дородница а. су құбырының жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындары атынан «Дородница» ЖШС директорына - А.П. Полянскиге, Дородница ауылындағы су құбырының жүйесін ұстағаны үшін үлкен алғыс айтмын.
Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша көп мәселелер шешілуде. 2011 жылдың қорытындысы бойынша нақты тіркелген жұмыссыздар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 30 % қысқарды, және 3 адамды құрады. 2012 жылғы 1 қаңтар жағыдайы бойынша округ бойынша 12 жаңа жұмыс орны құрылған, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіргендер саны 20010 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеді және 4 адамды құрады. Қоғамдық жұмысқа өткен жылы 10жұмыссыз қатысты. Тұрғын үй жәрдемақысы 2011 жылға - 32, ӘМЖ, балаға жәрдемақы 8 отбасына рәсімделді.
2011 жылы біз «2020Жұмыспен қамту» бағдарламасы мен жақсы жұмыс атқардық.4 проект ұсынылды, 1 проект ара шаруашылығы бекітілді.Осы проект бойынша соммасы 1000 000 теңге құраған несие берілді. Жәнеде округте 15адамдардан құралған 2 көкөніс бригадалары жұмыс істеді. Олар картоп, сәбіз, қияр, қырық қабат өсірді. Жақсы көрсеткішке жетті. 4330 кг көкөніс қоймаға жиналды. 5 ай ішінде 1459575 теңге табыс тапты, жалақы мен өңім сатумен бірге. Биыл қөқөніс бригалалар жұмысы жалғастырылады.
Селолық округ аумағында кірісі кедейлік деңгейінен төмен жалғыз отбасы тұрады. Аз қамтылғын отбасы - 8, көп балалы отбасы - 5, 2011 жылы бұл отбасылар 842800 теңге соммасында жәрдемақы алды. Селолық округ бойынша 4 әлеуметтік жұмысшы бекітілген ережелерге және ұсынсытарға сәйкес үйде қызмет көрсетуде, жалғызбастыларға және қарттарға қызмет көрсетеді. Қызмет көрушілер жағынан әлеуметтік қызметкерлерге шағым түскен жоқ, тек-қана алғыстарын білдіруде.
Жолға қатысты мәселелерге келсек. Барлық жолдау жөңдеуді қажет етеді. 2011 жылы Дородница ауылына дейін 398000 теңгег дол жөңделді.
Қыс мерзімінде 20,45 км. жолды және ауыл көшелерін қардан тазарту қажет. Аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге қаржы бөлінген. Біздің округте Васильевка және Дородница аулыдарын кіретін жолдар жатады. Елді мекен пункттерінің көшелерін тазартуға қаржы бөлінбеген. Тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету нысндарына дейінгі, селолық мектептерге дейінгі жолды тазарту 4,7 км. қашықтықта жүзеге асырылады және кәсіпорын есебінен жүргізіледі. Осы мақсаттар үшін округ әкімінің аппаратымен ауыл шаруашылық құрылым ұжымымдары өзара бірлесіп ұзақ мерзім туралы меморандум жасасты. Полянский Алексей Павлович, Бугубаев Жанатбек Какенович басшылығымен кәсіпорындар өздері алған міндетті толық көлемде орындауда.
Осы есептен Васильевка ауылына кіретін жолды тазартуды Ж.К. Бугубаев басшылығымен кәсіпорын өзідеріне алды, ал артылған ақшалай қаржы Первороссийское ауылының көшелерін тазартуға жұмсалды. Осы мақсат үшін жеке кәсіпкерлер Вагнер Д.Л. және Казахавтодором жалпы соммасы 312000 теңге, қыста жолды тазарту шарты жасалды.
Көше жарығы бойынша, 2010 жылы Первороссийское ауылының екі көшесін - бұл Грибакиных көшесі және Фрунзе көшесінің бір бөлігін жарықтандыру бойынша жұмысты жүргізуге қаржы бөлінді. Біз оған Дородница ауылын қосуға қол жеткіздік. Жұмыс 2011 жылда аяқталды Одан басқа біз Васильевка ауылын жарықпен қамтамасыз етуге өтінім бердік.
Әкім аппараты әскерге шақырушылар мен әскери міндеттелермен жұмыс жасауда. Әскери есепте 148 әскери міндетті тіркеуде тұр, 4 запастағы офицерлер, 57 әскер қатарына шақырушылар. Арнайы әскери аралыққа есепте 23 арнайы тағайындалғандар тұр.1995 жылы туылған 7 бозбала медициналық комиисиядан өтті.
Селолық округ Зырян қаласындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкеге қатысты, ол жерде негізгі азық түлік бағасы базар бағасынан төмен. Екі рет біздің округ Зырян қ. жәрмекені ұйымдастырушы болды. Аудан тұрғындары қол жетімді бағамен мал және өсімдік өнімдерін, ет , май, кілегей, сүт, бал және т.б. сатып алды. Және былтыр біз 4 облыстық жәрменкеге қатыстық. «Антюхова» және «Дородница» ШҚ басшыларын жәрменкені өткізуге көмектері үшін алғыс білдіремін.
Селолық округ әкімінің аппаратында 4 штаттағы жұмысшы жұмыс істейді. 2011 жылы бюджет 100 % қамтылды.
Селолық округ әкімінің аппаратында әкімшілік реформа шегінде тұрғындарға мемлекеттік қызметі нәтежелі көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үнемі жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі, оларға сәйкес жауаптар, ұсынымдар, консультация беріліп отырады. Барлығы 48 адам тіркелді, олардың ішінде заңды және жеке тұлғалардан 48 өтініштер келіп түсті, олардың ішінен жеке тұлғалар бойынша- 41, заңды тұлғалардан - 7. Барлығы қаралды. Түскен жазбаша өтініштердің негізгі бөлігі, мал басының бары туралы анықтама беру туралы, жер мәселесі бойынша, ағаштарды кесу өтініштерін құрайды. Оларды қарау және келісу шегі бойынша жазбаша жауаптар беріледі.
Бюджетке толық көлемде салық және басқа да төлемдер жиналып өткізілді. 2011 жылы жергілікті салық жинау 100% орындалды, оның ішінде: жеке тұлғалардан жер салығы 151308 теңге, жеке тұлғалардан мүлік салығы 36232 теңге, шаруашылық салық – 25520, барлығы 213060 теңге. Біржолғы жиын - 5720 теңге.
2006-2010 жылғы Парақорлықпен күрес регионалдық бағдарлама бойынша Первороссийск селолық округте жұмыс жүргізілді.Жаплы құқықтық мектепте парақорлыққа қарсы заңнамалар оқытылды. Мемлкеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлкеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, Мем.Матып алу сайтында орнастырылып жүргізді.
2011 жылда мемлекеттік қызметкерлер Абырой Кодексін бұзды деп шағымдар түскен жоқ, коррупциалық фактілер орын алған жоқ.
Жалпы округте адамгершілік психологиялық ахуал тұрақты. Үнемі селолық округ учаскелік инспекторымен жұмыс жүргізіліп отырады. Олар төлқұжаттық тәртіп бойынша, кәмілеттік жасқа толмағандармен құқұқ бұзушылықты алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Округ бойынша 3 құқұқ бұзушылық тіркелді, оның ішінде ашылғандар- 2, ашылмағаны - 1. Әр түрлі құқұқ бұзушылық үшін 79 әкімшілік хаттама құрылды, ЕМА жағыдайында емдеуге - 4 адам жіберілді. Ағымдағы жыл ішінде селолық округ тұрғындарынан учаскелік инспектор жұмысына шағым түскен жоқ.
Тұрғындармен барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кезесуі, ел Президентінің Жарлығы бойынша міне жетінші жыл өткізіліп отыр, тұрғындармен өзара ақпарат алмасудың нәтежелі мүмкіндіктерін береді, селолық округтің әлеуметтік - экономикалық жағыдайының түйінді мәселелері көтеріледі. Бұл жерде билік пен халықтың арасында ашық диалог өтеді.
Жылсайын кездесу кезінде тұрғындар үшін негізгі және қатты бататын мәселелер көтеріледі және негізгі бөлігі жыл ішінде шешіледі. 2010 жылы есеп беру кездесуінде 7 мәселе көтерілді,бәрі орындалды. Ең басты сұрақтын бірі ол Мәдениет Үйін жылыту болды. Ол үшін калорифер сатып алынды.
Елбасы айтқан бағыттарға сәйкес біз тек қана бар қиындықтарды жеңбей ғана, даму үшін қажетті шаралар жасауымыз қажет.
Өткен жылдың қорытындысын қорыта келгенде біз өз жұмысымыздың қорытындысын көреміз, әрине алда шешілмеген көп істер бар, бір-ақ біз білеміз, бірлесіп барлық қиындықтарды жеңеміз. Біздің міндетіміз Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру болып табылады, халықтық демократиялық Нұр Отан паритясы біздің тұрғындарымыздың өмірін жақсартуға, жергілікті басқару және өзін өзі басқару туралы заңында көрсетілген өкілеттілік шегінде біздің мамандарымыз көрсеткен қызмет сапасын жоғарлату.
Біздің округ – біздің ортақ үйіміз, округте округіміздің болашағына немқұрайлы қарамайтын адамдар тұратына сенемін және біз бірлесе отырып көздегенімізді орындаймыз.
Менің жұмысымжа маған көмек көрсеткер барлық тұрғындарға, ЖШС «Дородница», «Антюхов» ШҚ, мектеп ұжымдарына,мәдениет үйінің және медициналық қызметкерлеріне, жеке кәсіпкерлерге округтегі барлық іс-шараларды қолдағандары үшін алғыс білдіремін. Өкінішке орай барлық мәселелер шешілген жоқ, алайда округте оларды шешуге арналган барлық жағдай жасалуда.
Округтің дамуы және гүлденуі әкім аппаратының және жеке кәсіпкерлерінің, шаруа қожалықтардың басшыларының, бюджеттік ұйымдардың және тұрғындардың бірлесе жұмысына байланысты, бірлесе барлық мәселелерді шешіледі
Назарларыңызға рахмет.
.
Достарыңызбен бөлісу: |