2012 жылдың 5 айындағы бөлім жұмысы туралы.
Бүгінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде білікті де сауатты жеті адам жұмыс істейді.
Бөлімнің жұмысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңдарына сәйкес құрылған.
Осыған орай бөлімде құқықтық және экономикалық оқу жүргізіледі. Бұл оқуларда бөлім қызметкерлерімен ар-намыс кодексінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, бюджеттік заңнамалардың талаптарының орындалуы жан-жақты қарастырылады. Жыл басынан бері осындай тақырыптармен 4 оқу өткізілді.
Бөлімде іс-қағаздарды жүргізу барысы үнемі бақылауда тұрады. Облыс, аудан әкімдерінің тапсырмалары мен қаулыларының орындалуы туралы бақылау папкалары рәсімделген.
Бөлім қызметкерлерінің біліктілік талаптар жинағы әзірленіп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқармасында бекітілген. Бөлім қызметкерлерінің жеке бастарының істері мен қызметтік нұсқаулықтары заңнамалар талабына сәйкес рәсімделген. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес көрнекті жерге «Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс Кодексі» ілінген, сенім телефоны, қабылданған азаматтарды тіркеу журналы және оларды қабылдаудың күні, сағаты анықталған. Мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау уақтылы жүргізіледі.
Экономика бүкіл елдің, оның ішінде жеке аймақтардың дамуының айрылмас бөлігі болғандықтан, бөлімнің қызметі халық шаруашылығының бар салаларын байланыстырады.
Жұмыс негізінен бюджеттік жоспарлау және ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуымен байланысты. Жыл басында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік тапсырыстарының, стратегиялық жоспарларының дұрыстығы тексеріліп, бюджеттің кіріс бөлігінің қаржы жоспары әзірленді. Күнделікті бюджетке түскен түсімдер бойынша мәлімет дайындалып, салық және басқа да салықтық емес түсімдер бойынша талдау жасалды.
Ағымдағы жылы 1 мәслихат шешімінің жобасы және «Аудандық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы» әкімнің 2 қаулысы дайындалды. Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қосымша бюджеттік тапсырыстары қаралып, аудандық бюджеттік комиссияға қорытынды ұсынылды.
2012 жылдың бірінші тоқсанында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша аудан әкімінің бір қаулысы дайындалды.
2012 жылдың төрт айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша аппарат мәжілісіне есеп әзірленді.
Бөлімде жүйелі түрде (ай-сайын, тоқсан сайын) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы талданып, ауданның жағдайын көрсететін рейтингтің қорытындысы шығарылады. Ауданның ұйымдарымен, ауыл округтерінің әкімдерімен бірге аймақтық, салалық бағдарламалар әзірленіп, олардың орындалуы мен нәтижесі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бақылауында.
Жиынтық материалдар негізінде 2011жылға арналған аудан паспорты жасалды. Анықталған мерзімге ауылдық елді мекендердің дамуының мониторингі өткізіледі.
Ауданда облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Абденовтың берген тапсырмасына сәйкес, салық базасын кеңейту мақсатында, ауданның кәсіпорындарындағы жұмысшылардың жалақыларын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының №13/1055 хатына сәйкес 40 көрсеткіш пен 87 мақсатты индикаторлар анықталды.
Әкімдіктің 30.03.2012 жылғы №66 қаулысына сәйкес Катонқарағай ауданы бойынша Катонқарағай, Өрел, Новоберезовка ауылдарында үш тірек пункті анықталды. Осы тірек ауылдары бойынша 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Үстіміздегі жылда бұл жұмыстар жалғасын табуда.
Бөлім құзыретіндегі сұрақтар бойынша қажетті анықтама мен мәліметтер уақтылы дайындалады.
Бөлімде жоғары тұрған органдардың, ұйымдардың, мекемелердің хаттарына, азаматтардың өтініштері мен арыздарына дер кезінде жауаптар берілуі қатаң бақылауға алынған.
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы
Ж.Большманова
Достарыңызбен бөлісу: |