2013 жылғы 1 ақпандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі63.86 Kb.
#9408


2013 жылғы 1 ақпандағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2013 жылдың 1 ақпан айында облыс бюджетіне 11907,1 млн.теңге болжаммен 12508,8 млн.теңге түсті, соның ішінде 7752,8 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады.




Меншік кірістер 173,7%-ға орындалды. Жоспарды орындау барлық бюджеттер деңгейлері бойынша қамтамасыз етілді.

2013 жылы қаңтар айында су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем және азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерден басқа барлық кіріс көздерінің бекітілген жоспарлары орындалды.

Облыстық бюджетке 2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 519,7 млн.теңге болжаммен 2080,1 млн.теңге меншік кірістері немесе 1560,4 млн.теңге жоспардан тыс түсімдер түсті.


Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенция мен қарыздарды ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 9944,2 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 9944,1 млн.теңге, даму бюджеттік бағдарламаларына 0,1 млн.теңге бағытталды.

2012 жылы облыс бюджетінде 4 «Білім беру» функционалдық топ бойынша 69355,3 млн.теңге бекітілді.

2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыс бюджетінің білім беру бойынша қаражаты 92,0%-ды құрайды.

Ағымдағы жылдың қалалары мен аудандары мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге 6051,5 млн.теңге қарастырылды, 2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 349,9 млн.теңге жұмсалды.

Есеп беру кезеңінде жалпы білім беруге 3040,5 млн.теңге жұмсалды. 2013 жылы осы бағытқа, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға 42290,5 млн.теңге сомасында шығыстар көзделді.

2013 жылға арналған бюджетте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына мамандар даярлауға 5694,1 млн.теңге бекітілді, қаңтардағы игеру – 357,8 млн.теңге.

2013 жылға облыстық бюджеттен жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстауға 1170,3 млн.теңге көзделді,қаңтар айында 65,5 млн.теңге жұмсалды.

2013 жылға денсаулық сақтау бойынша бекітілген бюджет 44332,6 млн.теңгегні құрады, 2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Денсаулық сақтау басқармасы бойынша бюджеттің атқарылуы 3142,9 млн.теңгені немесе 74,2%-ды құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында диабет, онкологиялық, гемофилиямен ауыратындарды, ЖИТС инфекциясын жұқтырған, гематология, сондай-ақ, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алуға 113,9 млн.теңге қаражат жұмсалды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қайтаруға шығындарды ағымдағы қаржыландыруға 2110,1 млн.теңге жұмсалды. Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге 544,3 млн.теңге жұмсалды, аудандық және ауылдық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуге – 354,3 млн.теңге.

2013 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 7,8 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 4,4 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 3,6 млн.теңге қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру 16,3 млн.теңгеге 93,3%-ды құрады.

2013 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 5379,1 млн.теңге қарастырылды, соның есебінен Зырян ауданының Зырян, Өскемен, Риддер қалаларындағы және Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылының балабақшалар, Үржар ауданының, Ұлан ауданының Молодежный кентінің орта мектептер құрылысы жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласындағы Қан орталығы мен Семей қаласының көпбейінді қалалық аурухана және облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы құрылыстары, облыс өңірлеріндегі жедел медициналық көмек стансасы мен жеті дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша жаңа объектілер жалғастырылатын болады, оларға 8510,8 млн.теңге жоспарланды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей аласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысына (қоса қаржыландыру), Семей қаласының облыстық онкологиялық диспасердің радиологиялық орталығының құрылысына, Семей қаласының жедел медициналық көмек стансасының құрылысына, Өскемен қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер жанындағы сәулелі терапия орталығның құрылысы, Семей қаласындағы 80 төсекті балалардың туберкулезге қарсы ауруханасының құрылысы, Катонқарағай ауданының Аққайнар ауылындағы және Глубокое ауданының Черемшанка ауылының 20 адам қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория құрылысы, Өскемен қаласының және Глубокое ауданының Глубокое кентінің балалар емханасының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 1568,1 млн.теңге сомасында шығыстар ескерілді.

Есеп беру жылы әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға Зырян ауданы Грехово кентіндегі Грехов кенішің әкімшілік-шарушылық корпусының ғимаратын қайта жаңартуға, Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы психоневрологиялық-медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі бұрынғы аурухана құрылысы (қоса қаржыландыру) қайта жаңартуға, Зырян ауданының Грехово кентіндегі мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін оңалту орталығы ретінде Грехов кенішінің әкімшілік-шарушылық корпусының ғимаратын қайта жаңартуға, «Зимовьев психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-дегі кір жуу ғимаратының құырылысна ЖСҚ әзірлеуге 451,8 млн.теңге жоспарланды.

Облыстық бюджетте мәдениет және спорт объектілерін дамытуға Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының құрылысына мен Өскемен қаласының Қазақстан көшесіндегі мәдени-демалу орталығының құрылысына, Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап ғимаратын қайта жаңартуға, Ұлан ауданының Торғын, Сағыр ауылдарындағы 200 орынды ауылдық клубтар құрылысы, Күршім ауданының Күршім ауылындағы 300 орынды мәдениет үйінің құрылысы, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылындағы шығармашылық үйі, Абай ауданының Саржар ауылындағы ауылдық клуб ретінде сауда үйінің жаңартуға 2647,7 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды.

Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 143,3 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласының ІІБ ғимаратына ЖБО ретінде жапсаржай салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Қаражаттың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 8158,8 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды,

олардың есебінен Өскемен, Курчатов және Риддер қалаларында, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Үржар, Ұлан және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 969,1 млн.теңге қарастырылды.

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен 9090,0 млн.теңге жоспарланды, оны есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарланды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 2540,1 млн.теңге қарастырылды.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2013 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен Өскемен қаласынан Зыряновск қаласына шығу автожолын, Өскемен қаласының Самар тас жолындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жолын, «Тансық стансасы-«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» салуға, «Голубой залив» демалыс орнына кіреберіс автожолын жаңалауға, Катонқарағай ауданыныдағы Бухтарма өзені арқылы көпір құрылысы, Риддер қаласындағы айналама жолының құрылысын аяқтауға 2595,1 млн.теңге сомасында қаражат жоспарланды.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 6950,0 млн.теңге сомасында трансферттер бөлу қарастырылды.

Республикалық бюджеттен Жарма ауданы Солнечный кентінің қазандығын салуға 435,1 млн.теңге қарастырылды.

Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенге қолдау мақсатында 11018,9 млн.теңге жоспарланды.


2013 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімімен облыстық бюджетте 83 681,6 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 43 574,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 40 107,6 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 9 239,3 млн.теңге кредит.

2013 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 1941,6 млн.теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінді, жоғары тұрған бюджеттен 541,3 млн.теңге бөлінді, оның ішінде есеп беру кезеңінде 1343,5 млн.теңге игерілді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 181,4 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 87,7 млн.теңге, мектеп мұғалімдер және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиелеушілерінің біліктілік санаты үшін қосымшақы мөлшерін ұлғайтуға – 65,0 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 905,2 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 15,9 млн.теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға – 16,2 млн.теңге жұмсалды.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет