2013 жылғы 25 желтоқсан №431 Астана қаласы Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы



Дата09.07.2016
өлшемі277.97 Kb.
#187344


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 25 желтоқсан №431 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының

жер қойнауын геологиялық

зерттеу туралы есептерді

ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты

бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Индустрия

және жаңа технологиялар министрінің

міндетін атқарушы А. РАУ.
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа

технологиялар министрінің міндетін атқарушының

2013 жылғы 25 желтоқсандағы №431 бұйрығымен

бекітілген



Қазақстан Республикасының жер қойнауын

геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

1. Осы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық» (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасының 4-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Қағида) және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша тоқсандық есептер мен жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы соңғы есептерді (бұдан әрі – есептер) ұсыну тәртібін нақтылайды.


2. Есептердің құрылымы және ресімделуі

2. Есептер мәтіндік және графикалық (графикалық қосымшалары болғанда) және ғарыштық түсірілімдерден тұрады.

3. Есептер мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:

1) заттаңба (есеп мәтінінің мұқабасында);

2) титул парағы;

3) орындаушылардың тізімі;

4) реферат;

5) геологиялық тапсырма (техникалық тапсырма);

6) мазмұны;

7) иллюстрациялардың, кестелердің тізімі (олар болған кезде);

8) мәтіндік қосымшалардың тізімі (олар болған кезде);

9) графикалық қосымшалардың тізімі (олар болған кезде);

10) мағыналық бөлігі;

11) есепте пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі (әдебиет);

12) мәтіндік қосымшалар (олар болған кезде);

13) кестелер, иллюстрациялар (олар болған кезде);

14) графиктік қосымшасы (бар болған кезде);

15) метрологиялық сараптаманың қорытындысы;

16) патенттік зерттеулер туралы қорытынды (олар болған кезде);

17) формуляр;

18) рецензия (рецензиялар);

19) есептің қаралу хаттамасы (хаттамалары);

20) бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі;

21) аумақты қайтару актісі;

22) атқарылған жұмыс көлемі мен шығындарды есептен шығару туралы анықтама;

23) есептер сақтауға жіберілетін ұйымдардың тізімі.

4. Геологиялық есептің мәтіні компьютерде А4 (297 х 210 мм) пішімінде теріледі. А3 пішімі кестелер үшін пайдаланылады. Компьютерлік теру кезінде Word мәтіндік редакторы, №14 көлемдегі Times Kaz қаріпі, №14 көлемдегі Times Nеw Roman қаріпі, №12 көлем кестелерге, бірдей жол аралық қашықтық пайдаланылады.

5. Есептер мынадай параметрлерді есепке алумен ресімделеді:

1) сол жақтан – 3,0 см;

2) оң жақтан – 1,5 см;

3) колонтитулдар – 2,0 см.

6. Есептердің беттерін нөмірлеу – өтпелі және әр кітаптың шегінде өздік. Титул парағы нөмірленбейді.

7. Есептің көлемі 300 беттен артық болғанда, бөлімдерге бөлінеді және 300 беттен аспайтын көлемде жеке кітап түрінде жинақталады. Заттаңбада және титул парағында кітаптың нөмірі қойылады және үлкен әріптермен жазылады.

8. Түптеу кезінде есеп кітабы тек қана жіппен тігіледі.

9. Есептердің әр кітабының қатты түптемесі (мұқабасы) болуы керек. Көлемі 30 бетке дейін кітаптар үшін кітап мәтінімен степлермен бекітілген жұмсақ картон мұқаба рұқсат етіледі.

10. Пайдалы қазбалар кен орындарының паспорты немесе кен орындары мен көрініс-белгілерінің каталогі бар болса, олар жеке кітап ретінде есептерге қоса беріледі.

11. Заттаңба 140-150х100-110 мм тікбұрыш пішімінде болады, есептің әр кітабы мұқабасының ортасында орналасады және Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

12. Титул парағы есептің бірінші беті болып табылады және осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

13. Орындаушылардың тізімі барлық орындаушылардың тегін қамтиды. Екі және одан көп кітаптардан тұратын есептер үшін орындаушылар тізімі бірінші кітапта ғана беріледі.

14. Реферат қағаздың бір парағында басылады және келесіні қамтиды:

1) жауапты орындаушының тегі мен аты-жөні (бас әріптермен басылады), одан әрі қалған орындаушылардың тегі, бірақ олардың саны үштен көп болса,

«және басқалар» деп, үшеуінің ғана тегі көрсетіледі;

2) есептің атауы, мәтіндегі беттердің саны, иллюстрациялардың жалпы саны, кестелердің саны, мәтіндік және графикалық қосымшалардың саны, әр папкадағы графика беттерінің саны, ғылыми-техникалық алқада немесе қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияда есепті қарау хаттамасы электрондық дискілердің саны, есеп жасалған ұйымның атауы және оның толық мекенжайы, есепті аяқтаудың айы мен жылы, геологиялық есеп жіберілген ұйымдардың тізбесі (жақшада басылады), әкімшілік облыс пен шегінде жүргізілген жұмыстардың аумағы орналасатын 1:1 000 000 масштабтағы халықаралық сызыққа сәйкес парақ номенклатурасы енеді (егер геологиялық есеп бірнеше кітаптан тұратын болса, онда әр кітаптың көлемі жеке көрсетіледі), орындалған жұмыстардың мәні, мақсаты, әдісі мен нәтижелері туралы мәлімет, есепте жазылған жұмыстардың тиімділігі, негізгі нәтижелерді, қолданудың мүмкіндіктері мен салалары туралы қысқаша қорытындылар, мәліметтер;

3) құрастыушының тегі, аты, әкесінің аты, қолы, мөрі.

15. Геологиялық (техникалық) тапсырмада жұмыстардың бекітілген мерзімі, оның мақсаттары, міндеттері мен кезеңдері туралы нақты мәліметтер болуы тиіс. Келісімшарттық аумақтарда жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен жұмыстар жүргізілген жағдайда геологиялық есепке геологиялық тапсырманың орнына Келісімшартқа ең аз жұмыс бағдарламасы немесе одан үзінді енгізіледі.

16. Геологиялық (техникалық) тапсырма парақтың бір жақ бетінде басылады және жер қойнауын пайдаланушының мөрімен расталады.

17. Мазмұнында есептің барлық тақырыптары, бөлімдері, кіші бөлімдері мен тармақтары және кіріспені, қорытындыны, мәтіндік қосымшалардың тізімін және т.б. қоса алғанда тақырыптар орналасқан беттердің нөмірлері біртіндеп көрсетіледі.

18. Егер есеп екі және одан да көп кітаптардан тұрса, онда бірінші кітапта – әрбір кітап бойынша жеке-жеке барлық геологиялық есептің мазмұны, ал кейінгілерінде тек қана аталған кітаптың мазмұны көрсетіледі.

19. Иллюстрация тізіміне барлық иллюстрациялардың нөмірлері мен олар орналасқан мәтіндегі беттері көрсетілген атаулар кіреді.

20. Егер мәтінде иллюстрациялары бар есеп екі және одан да көп кітаптардан тұрса, онда кітаптардың нөмірлері көрсетіліп, барлық иллюстрациялардың тізімі бірінші кітапқа енгізіледі, ал кейінгілерінде тек қана аталған кітаптың иллюстрацияларының тізімі келтіріледі.

21. Мәтіндік қосымшалардың тізімінде қосымшаның реттік нөмірі, оның тақырыбы (мәтіндегі қосымшаның тақырыбына тура сәйкес келетін) және ол орналасқан беттің нөмірі көрсетіледі.

22. Графикалық қосымшалардың тізімі есептің бірінші томында және графикалық қосымшалары бар папкада орналастырылады және осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді. Тізімдегі реттік нөмірі графикалық қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышында қызыл түспен көрсетілетін парақ нөміріне сәйкес келеді.

23. Тізімнің төменгі жағында мыналар көрсетіледі: «есепте барлығы – (саны көрсетіледі) сызба – (саны көрсетіледі) парақта, оның ішінде – (саны көрсетіледі) графикалық қосымша – (саны көрсетіледі) парақта – «құпия» немесе «ҚБПҮ» белгісі бар.

24. Құжатты пайдалануға шектеу белгісі жоқ осы кітапқа орналасқан қосымшалар үшін тиісті баған кестеде түсіріледі.

25. Негізгі бөлімінің мәтіні кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан тұрады.

26. Кіріспеде:

1) жұмыс ауданының әкімшілікке қатысы;

2) ауданның географиялық орны, оның географиялық координаталары мен беттерінің номенклатурасы;

3) жұмысты ұйымдастыру негіздемесі, ұйымдастырушылық-өндірістік жұмысы;

4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік мерзімі көрсетіледі.

27. Негізгі бөлім:

1) қабылданған жұмыстың бағытын негіздеу;

2) алдағы жұмыс нәтижелерін талдау және жинақтау;

3) қабылданған (әзірленген) жұмыстарды жүргізудің жалпы әдістемесінің негіздемесі, міндетті шешу әдістерін сипаттау және оларды салыстырмалы бағалау;

4) жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету: өлшеу үрдісіндегі жүргізілген жұмыстардың, қолданылатын аппаратураның тізбесі және оның метрологиялық сипаттамасы, алынған ақпарат көзінің тізбесі, қателігін бағалау және метрология бойынша басқа да мәліметтер;

5) теориялық, қолданбалы және экспериментальды зерттеулердің (егер олар алға қойылған міндет шеңберінде жүргізілсе), есеп әдістерінің сипаты мен мазмұнын сипаттау, алынған мәліметтерді талдау;

6) атқарылған жұмыс нәтижелерін сипаттау олардың түрі мен кезеңдері бойынша (бар болған жағдайда); жобамен (бағдарламамен) қойылған міндеттерді шешудің толықтығын және алынған нәтижелердің оларға сәйкестігін бағалау, алдыңғы және ұқсас жұмыстардың нәтижелерімен оларды салыстыру;

7) қосымша жүргізілген жұмыстарды негіздеу, таңдап алынған бағытта одан арғы жұмыстарды тоқтатуға әкелетін теріс нәтижелер;

8) алынған нәтижелер негізінде жасалған қорытындылар мен ұсыныстар, соның ішінде одан арғы жұмыстардың бағыты бойынша;

9) жұмыс нәтижелерін енгізу жөнінде ұсыныстар, олардың түрлері мен маңыздылығы туралы мәліметтер, қол жеткізілген деңгеймен салыстырғандағы ұсыныстардың артықшылығы, қолданылу масштабы мен саласы, жұмыстарды орындау орны (ұйым, кәсіпорын) мен мерзімі, күтілетін экономикалық тиімділігінің есебі және ұсыныстарды енгізуден геологиялық тиімділік туралы ақпараттан тұрады.

28. Кен орындарын ілеспе іздеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде есептердің негізгі бөлімінде негізгі жұмыс нәтижелерінің сипаттамасынан кейін тиісті бөлім бөліктерімен орналастырылады (егер ілеспе іздеу жұмыстары пайдалы қазбалардың бірнеше түрлеріне жүргізілсе).

29. Қорытынды мынадай ақпаратты қамтиды:

1) жұмыстың негізгі нәтижелері;

2) атқарылған жұмыстың немесе кезеңдерінің нәтижесі бойынша қорытындылар, оның жекелеген жұмыс нәтижесінде алынған жаңа деректер тізбесі;

3) алдағы жұмыстың бағыттары жөніндегі ұсыныстар;

4) жұмыс нәтижелері жөніндегі ұсыныстар.

30. Пайдаланылған дереккөздердің (әдебиет) тізімі әліпби тәртібімен жасалады және барлық қолжазба (қор) және жарияланған материалдарды қамтиды.

31. Бір автордың бірнеше жұмыстары болған кезде, жұмыстар басылған жылдары бойынша, ал жылдар бірдей болған жағдайда – олардың атаулары әліпби тәртібімен көрсетіледі. Одан кейін бірлесіп жазылған жұмыстар, бірлескен авторлардың тектері әліпби тәртібімен, ал авторлық ұжымдар толық сәйкес келгенде, басылымдардың мерзімдік тәртібінде келтіріледі.

32. Есептің (дереккөздің) библиографиялық сипаттамасы:

автордың (авторлардың) тегі мен аты-жөнін; есептің тақырыбын қамтиды. Тақырыптан кейін «есеп» деген сөзі; есепті шығарған ұйымның атауы; шығарылған қала мен жылы; беттердің саны келтіріледі.

33. Мәтіндік қосымшаларға есептің толықтығына қажетті және қорытындыны түсіндіру үшін немесе олар үшін бастапқы материал (қималар мен ұңғымалардың сипаттамалары) болып табылатын, еркін нысандағы немесе кесте түрінде ресімделген қосымша материалдар, қорларды санау кестесі, зертханалық анықтамалар және олардың математикалық өңдеу нәтижелері және тағы басқалары қосылады. А3 пішіміндегі (қос парақ) бүктелген түрдегі қосымшаларға рұқсат етіледі.

34. Әр мәтіндік қосымшаның тақырыбы жаңа беттен басылады.

35. Мәтіндік қосымшасы бар парақтың оң жақ жоғарғы бұрышына бас әріптермен «қосымша» деген сөзі басылады. Егер мәтіндік қосымшалар екеу және одан да көп болса, оларды араб цифрларымен «№» деген белгісіз нөмірлейді.

36. Мәтіндік қосымшалардың тізбесі:

1) бастапқы геологиялық құжаттаманың аумақтық геологиялық қорына бастапқы материалдарды тапсыру актісі;

2) жұмысты орындаушы ұйымның есепті қарау хаттамасы;

3) жер қойнауын пайдаланушы ұйымның есепті қарау хаттамасы;

4) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық органның есепті қарау хаттамасы;

5) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның есепті қарау хаттамасы;

6) есепке берілген рецензия (рецензиялар);

7) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

8) метрологиялық сараптаманың қорытындысы;

9) орындалған көлемдер мен геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындарды есептен шығару туралы анықтама;

10) пайдалы қазбалар кен орындарының паспорты (қорлары есептелетін есептер үшін);

11) кен орындарының және көрініс-белгілердің каталогы (жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептер үшін).

37. Цифрлық, мәтіндік және аралас материалдары бар кестелер, есептерде мәтіннің ішіндегі беттерде, сол сияқты жеке парақтарда орналасады.

38. Әрбір кестенің тақырыбы мазмұнын көрсетеді. Тақырыбы жолдық әріптермен (алғашқы бас әріптен басқасы) соңында нүкте қойылмай, басылады және кесте үстінің ортасында орналасады.

39. Кестелер есептің әрбір бөлімі бойынша жеке нөмірленеді. Кестенің нөмірі бөлім нөмірінен және кестенің нүкте арқылы бөлінген реттік нөмірінен тұрады. Егер есепте тек қана бір кесте болса, онда ол нөмірленбейді және «кесте» деген сөз жазылмайды. Кестенің нөмірі атауынан екі аралық жоғары оң жақта орналасады. Кестенің нөмірін атауымен бір жолға дефис арқылы (жолдың басы) орналастыруға жол беріледі.

40. Кестені мәтінде алғашқы рет аталып өтілгеннен кейін орналастырады.

41. Көп жолдары бар кесте басқа параққа (бетке) тасымалданады. Бұл жағдайда кестенің бағандары нөмірленеді және олардың нөмірленуін кестенің кейінгі бөлімдерінде қайталанады. Тақырыбы (кестенің атауы) мен реттік нөмірі тек қана кестенің бірінші бөлімінің үстінде көрсетіледі, кейінгі бөлімдерінің үстіне «Жалғасы» деген сөз жазылады. Бағандар немесе жолдар саны көп кестені бөлімдерге бөлуге және бір бөлімін екіншісінің астына бірнеше парақта орналастыруға жол беріледі. Мұндай жағдайда кестенің әрбір бөлімінде оның сол жақ бағаны немесе тақырыпшасы сәйкесінше сақталады.

42. Мәтінге және кестеге ескертпеде тек қана анықтамалық және түсіндірме деректер көрсетіледі. Егер тек қана бір ескертпе болса, онда ол нөмірленбейді, ал «Ескертпе» деген сөзден кейін қос нүкте қойылады. Егер бірнеше ескертпе болса, онда «Ескертпе» деген сөзден кейін қос нүкте қойылады және ескертпелердің мазмұны араб цифрларымен нөмірленеді.

43. Иллюстрациялар олардың бөлшектері мен жазулары (масштабы мен анықтылығы), артынан сапалы көшірме жасау, микрофильмдеу, сканерлеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей ресімделеді: иллюстрациялардағы барлық сызықтардың жуандығы 0,2 мм-ді құрайды, сызықтардың арасындағы қашықтық – 0,8 мм-ден кем емес, жазулардағы қаріптің ең аз мөлшері – 2,5 мм,


шартты белгілер ретінде пайдаланылатын геометриялық фигуралар қабырғаларының (диаметрінің) ең аз мөлшері – 2,5 мм. Осы тармақта баяндалған шектеулер сондай-ақ есептеулерге графикалық қосымшаларға да таратылады.

44. Барлық иллюстрациялар (суреттер, схемалар, сызбалар және т.б.) сурет деп аталынады да, «Сур.» деген сөзбен белгіленеді және бөлім шегінде араб цифрларымен нөмірленеді. Иллюстрацияның нөмірі тараудың нөмірі мен оның нүкте арқылы бөлінген реттік нөмірінен тұрады.

45. Егер есепте небары бір ғана иллюстрация болса, ол нөмірленбейді және «Сур.» деген сөз жазылмайды.

46. Иллюстрацияларда атаулары мен түсініктеме деректері бар. Атау – иллюстрацияның үстіңгі жағына, түсініктеме деректер астыңғы жағына орналастырылады және бас әріптермен, сурет асты мәтіні (алғашқы бас әріптен басқасы) кіші әріптермен басылады. Иллюстрацияның нөмірі – түсініктеме деректерден төмен, ал егер олар жоқ болса – тура иллюстрацияның астына орналастырылады. Иллюстрацияның нөмірін дефис арқылы атауымен бір жолға орналастыруға жол беріледі.

47. Иллюстрациялар компьютерлік технология мен қара сияны пайдалана отырып жіңішке сызықпен жасалған, немесе көшірме және полиграфия әдістерімен көбейтілген болуы тиіс.

48. Мәтінмен тігілетін иллюстрациялар мен кестелер жеке беттерде орналасады және жалпы нөмірленуге енгізіледі. Есеп форматынан асып түсетін (бірақ А3 пішімінен артық емес), парақтарда орындалған кестелер мен иллюстрациялар бір парақ ретінде салынып, нөмірленеді.

49. Графикалық қосымшалар жұмыстардың нәтижесін көрсететін (әртүрлі мазмұны бар карталар, қималар, стратиграфиялық бағаналар, кескіндер мен басқа геологиялық ақпарат) материалдарды білдіреді.

50. Графикалық қосымшалардың тізбесі олар бойынша есеп ұсынылатын жұмыстардың түріне байланысты жасалған және жұмыстардың жобасымен (бағдарламасымен) және салалық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.

51. Графикалық қосымшалар картографиялық қағазда сызықша - контур түрінде орындалып ұсынылады. Электрондық нұсқадағы графикалық қосымшалар геологиялық қорларда пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалардың пішімінде көшірмелерін қоса отырып, бағдарламаның түпнұcқа пішімінде ұсынылады. Электрондық нұсқадағы графикалық қосымшалар қағаз түпнұсқаға ауқымы, ақпараттық жүктемесі, боялуы, секпілі және басқаларға толық сәйкес келеді.

52. Есепке әрбір графикалық қосымшаға, оның ішінде көппарақты қосымшаның әрбір парағына төменгі оң жақ бұрышына осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қара сиямен немесе полиграфиялық әдіспен орындалған бұрыштық мөртабан қойылады.

53. Қажет болған жағдайда, шартты белгілерге бөлінген алаңда аталған графикалық қосымшаның парақтары орналасқан схемасы орналастырылады.

54. Құжатқа (егер ол болса) рұқсатты шектеу әрбір парақтың оң жақ жоғарғы бөлігінде қойылады.

55. Карталарды білдіретін графикалық қосымшалардағы бұрыштық мөртабанда масштабтан басқа, аталған қосымшаны құрастыру кезінде пайдаланылған картографиялық негізге нұсқауы бар.

56. Графикалық қосымшалар пішімі 210×300 мм, қалыңдығы 70-80 мм-ден аспайтын папкаларға салынады. Алаңдық геологиялық түсіру жұмыстары бойынша графикалық қосымшалар 700×700 дейінгі мөлшердегі папкаларда халықаралық сызылған стандарттағы парақтарда ұсынылады.

57. Графикалық қосымшаларда барлық парақтары формат бойынша бұрыштық мөртабаны парақтың беткі жағында тұратындай етіп салынады.

58. Папкаға салынған графикалық қосымшалар тігілмейді, бірнеше парақта жасалған қосымшаның жеке парақтары жабыстырылмайды.

59. Графикалық қосымшалары бар папкаға осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттаңба жабыстырылады. Заттаңба «Графикалық қосымшалар» деген кіші тақырыпқа бөлінеді, бұл ретте кітап нөмірі көрсетілмейді.

60. Егер графикалық қосымшалары бар папка біреуден көп болса, олар нөмірленеді және нөмірі заттаңбада көрсетіледі.

61. Папкаларда графикалық қосымшалар есепте олардың мәнінің деңгейіне сәйкес келетін тәртіпте орналасады.

62. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есептер үшін метрологиялық сараптама қорытындысы бірінші кітапқа орналастырылады.

63. Патенттік зерттеулер туралы қорытынды осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

64. Бірнеше кітаптан тұратын есептер үшін патенттік зерттеулер туралы қорытынды оның біріншісінде орналастырылады.

65. Есептің формуляры осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

66. Қосымшалары, метрологиялық сараптама қорытындысы, патенттік зерттеулер туралы қорытындысы және орындалған жұмыс көлемі, шығындарды есептен шығару туралы анықтамасы бар есептер жұмыстың орындаушысы – ұйымда белгіленген тәртіпке сәйкес рецензиялауға беріледі.

67. Рецензияның тақырыбы есептердің толық атауы (есептің титул парағына сәйкес), оның шифрын, жауапты орындаушының тегін қамтиды.

68. Рецензия авторының қолы оның жұмыс орнының мөрімен куәландырылады. Егер рецензияда маңызды ескертулер қамтылса, есепке автордың қолы қойылып, рецензенттің әрбір ескертуіне есепке өзгеріс енгізу туралы анықтамасы немесе ескертуден бас тарту негіздемесі енгізіледі.

69. Егер есеп екі немесе және одан да көп кітаптардан тұрса, онда рецензия бірінші кітапта орналасады.

70. Егер есеп екі немесе және одан да көп кітаптардан тұрса, онда қарастыру хаттамасы бірінші кітапқа орналастырылады.

71. Хаттама есептің мәтініне тігіледі немесе егер оның көлемі үлкен (7 парақтан астам) болса, жеке қосымша түрінде көрсетіледі.

72. Алғашқы геологиялық материалдар есепке қоса берілген, осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес ресімделген алғашқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі бойынша өңірлік департаменттердің мұрағатына тапсырылады.

73. Екі және бірнеше кітаптан тұратын есеп үшін алғашқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі есептің бірінші кітабына орналастырылады.

74. Осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген келісімшарттық аумақтың бір бөлігін қайтару актісі есепке қосымша беріледі.

75. Геологиялық барлау жұмыстарының орындалған түрлері және көлемі, объектілер бойынша есептен шығарылуға жататын шығындар туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес ресімделеді, онда (жоба бойынша) жоспарланған және нақты орындалған жұмыстардың түрлері мен көлемі физикалық көріністе, геологиялық түсіру жұмыстары үшін геологиялық барлау жұмыстарының сметалық құнының жиынтық есебіне сәйкес зерттеу кезеңдері мен түрлеріне бөле отырып, жұмыстың сметалық құны және нақты шығыны, сондай-ақ геологиялық түсірудің бір шаршы километрінің сметалық және нақты құны көрсетіледі.

76. Анықтамаға қаржылық-экономикалық қызметтің басшысы (бас бухгалтер) және қаржылық жұмысты қамтамасыз ететін ұйымның бірінші басшысы қол қояды. Анықтамаға қойылған қол мөрмен куәландырылады.

77. Екі немесе одан да көп кітаптардан тұратын есепке арналған анықтама бірінші кітапқа орналастырылады.

78. Есептерді сақтауға таратылатын ұйымдардың тізбесі есептің бірінші томының соңғы бетінде орналастырылады. Тізбеде ұйымдар мекенжайлары, дана нөмірі көрсетіледі.


Қазақстан Республикасы

Жер қойнауын геологиялық зерделеу

туралы есептерді ресімдеу жөніндегі

нұсқаулыққа

1-қосымша

Заттаңба
Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
______________________________________________

(жұмысты орындаушы ұйымның толық атауы)

Белгі ___________

____________ дана

Жауапты орындаушы________________________

Тегі, аты, әкесінің аты

Есеп

________________________________________________________________



есептің толық атауы

бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы

және нөмірі, лицензияның/келісімшарттың сериясы және нөмірі

__________________________________________________________________

кітаптардың жалпы саны

__________________________________________________________________

кітаптың реттік нөмірі мен оның атауы

__________________________________________________________________


Есептің шығарылған орны, жылы
Қазақстан Республикасы

жер қойнауын геологиялық зерттеу

туралы есептерді ресімдеу жөніндегі

нұсқаулыққа

2-қосымша
Титул парағы

Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

__________________________________________________________________

жер қойнауын пайдаланушы ұйымның атауы


ӘОЖ __________ Құжаттарға рұқсат беруге

Мемлекеттік шектеу белгісі ______

тіркеу №_______ _______________ дана

түгендеу №________

БЕКІТЕМІН

Геология және жер қойнауын

пайдалану комитетінің төрағасы

__________ ________________

қолы тегі, аты, әкесінің аты

20 ___жылғы «____» __________

Есеп

__________________________________________________________________



есептің толық атауы

__________________________________________________________________

бағдарламаның/кіші бағдарламаның нөмірі, тақырыптың атауы, лицензияның/келісімшарттың сериясы мен нөмірі, жұмыстың ауқымы мен парақтардың номенклатурасы, жұмыстың орындалу кезеңі

__________________________________________________________________

кітаптардың жалпы саны

__________________________________________________________________

кітаптың нөмірі мен оның атауы

Ұйымның басшысы_______________________________ _________________

қолы мен күні тегі, аты, әкесінің аты
Есептің шығарылған орны, жылы

Қазақстан Республикасы

жер қойнауын геологиялық зерттеу

туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа

3-қосымша

Геологиялық есепке графикалық қосымшалардың тізімі




р/с№№

қосымшаның атауы

қосымшаның нөмірі

қосымша парағының нөмірі

қосымшаның ауқымы

қосымшаның құпиялылық деңгейі

1

2

3

4

5

6

_____графикалық қосымшалар ___парақ, құпиялылық деңгейі

Қазақстан Республикасы

жер қойнауын геологиялық зерттеу

туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа

4-қосымша

Нысан
Есепке графикалық қосымшаға бұрыштама мөртабан

Есеп жасалған ұйымның атауы

Есептің, бағдарламаның/кіші бағдарламаның, тақырыптың атауы және т.б.

Жауапты орындаушы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты

Есепті тапсырған жыл

Қосымша парақ

Қосымшаның атауы

Қосымшаның масштабы




Құрастырды:

Рәсімдеді:



Лауазымы, қолы Тегі, аты,

әкесінің аты

Лауазымы, қолы Тегі, аты,

әкесінің аты









Қазақстан Республикасы

жер қойнауын геологиялық зерттеу

туралы есептерді ресімдеу жөніндегі

нұсқаулыққа

5-қосымша


Патенттік зерттеулер туралы қорытынды
Бағдарлама/кіші бағдарлама, тақырып ___________________________

атауы, нөмірі

__________________________________________________________________

Жауапты орындаушы _______________________________________________

Патенттанушының қорытындысы_____________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________
күні 20__ жылғы «____»__________________
патенттанушы __________________ _______________________

Қазақстан Республикасы

жер қойнауын геологиялық зерттеу

туралы есептерді ресімдеу жөніндегі

нұсқаулыққа

6-қосымша


Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

___________________________________________

Геология және жер қойнауын пайдалану

аумақтық органының атауы

____________________________________________________________бойынша

есеп жасалған жұмыстың атауы


есептің

ФОРМУЛЯРЫ

Есеп авторы ______________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты



р/с№


Жазу күні

Жазудың мазмұны

Жазған тұлғаның атқаратын лауазымы және қолы

1.

2.

3.



4.
5.

6.


7.




Есеп Республикалық геологиялық қорға сақтауға қабылданды
Есепті уәкілетті орган қарап, қабылдады және

Республикалық геологиялық қорға сақтауға жіберді


Есепті қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия қарады және қабылдады (қорлар есептелетін есептер үшін).


Есепті қорлар жөніндегі аумақтық комиссия қарады және қабылдады (қорлар есептелетін есептер үшін).
Есепті Геология және жер қойнауын пайдалану аумақтық органы қарады және қабылдады:

геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық зерттеу жөніндегі карточкалар тапсырылды;

пайдалы қазбалар, жерасты сулары, геофизикалық ауытқулар кадастрына карточкалар тапсырылды.
Есепті жер қойнауын пайдаланушы қарады және қабылдады
Есепті жер қойнауын пайдаланушының кәсіпорын-мердігері қарады және қабылдады


Қызмет басшысы

____________________

Уәкілетті орган

басқармасының басшысы

____________________
Жер қойнауын сараптау басқармасының басшысы ____________________

Қорлар жөніндегі аумақтық комиссияның

басшысы ____________________

Геология және жер қойнауын пайдалану аумақтық органының

басшысы ____________________

Басшы ____________________


Басшы ____________________





Формуляр есептің әрбір данасына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының

жер қойнауын геологиялық зерттеу

туралы есептерді ресімдеу жөніндегі

нұсқаулыққа

7-қосымша
«Бекітемін»

Геология және

жер қойнауын пайдалану

аумақтық органының басшысы

________________ __________________

қолы тегі, аты, әкесінің аты

«___» _____________ ____________

күні жылы

Бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі


р/с




Бастапқы материалдың атауы

Тасығыш түрі

(қағаз/электрон.)



Бастапқы материалдың түрі (мәтін/графика)

Парақ саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

Тапсырды: Есептің авторы

Қабылдады: Аумақтық геологиялық

_________________________ қор қызметінің басшысы

қолы тегі, аты, әкесінің аты

Қазақстан Республикасы

жер қойнауын геологиялық зерттеу

туралы есептерді ресімдеу жөніндегі

нұсқаулыққа

8-қосымша

Нысан
«БЕКІТЕМІН»

Геология және жер қойнауын

пайдалану комитеті төрағасының

орынбасары

_________ _________________

қолы тегі, аты, әкесінің аты

201__ ж. «_____»___________________

________________________________ барлау жүргізуге арналған

пайдалы қазбаның түрі

(барлау және өндіру) ____________________________________________________________

әкімшілік облыс

________________________ алаңы (_________20___ж. №____келісімшарт) бойынша келісімшарттық аумақтың бір бөлігін қайтару

АКТІСІ

Астана қ. 201__ж. «_____»_______________


1. Кәсіпорын:_______________________

2. ________________ облысында___________алаңдағы_______________ жүргізуге арналған келісімшарт (20___ж. № _______________________ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісі).

3. Аумақты қайтару: (қайтару негізі).

3.1. Қайтаруға жататын аумақтың географиялық координаттары:




Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің

координаттары




солтүстік ендік

(градустар, минуттар, секундтар)



шығыс бойлық

(градустар, минуттар, секундтар)












3.2. Қайтарылатын аумақтың алаңы ________________құрайды.

3.3. Қорытынды: __________ келісімшарттық аумақ жалпы пайдалануға қайтарылады. (Қайтарылатын аумақта жүргізілген геологиялық және геофизикалық жұмыстар кешені; жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары мен жер учаскесін одан әрі пайдалану үшін (______ж. №_____) актісі бойынша жергілікті атқарушы органға беру туралы мәліметтер көрсетіледі.

Географиялық координаттары:


Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің

координаттары




солтүстік ендік

(градустар, минуттар, секундтар)



шығыс бойлық

(градустар, минуттар, секундтар)











жер қойнауын пайдаланушы қайтаратын ____________келісімшарттық аумақты халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайға келтіруге және жоспарлы қайтаруға байланысты_________ км көлемде жалпы пайдалануға қабылдансын.

4. Одан әрі жер қойнауын пайдалануға қалған _______ шаршы шақырым алаң бұрыштық нүктелердің координаттары шегінде:


Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің

координаттары




солтүстік ендік

(градустар, минуттар, секундтар)



шығыс бойлық

(градустар, минуттар, секундтар)











Барлық жұмыстар аяқталған және аумақты қайтару аяқталған жағдайда түпкілікті Тапсыру актісінің нөмірі көрсетіледі.

5. 20_____ж. ___________ №_____ келісімшарт бойынша жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары бойынша бастапқы материалдар (далалық құжаттама, зертханалық зерттеулердің нәтижелері) келісімшарттық аумақта барлау түпкілікті аяқталғаннан кейін ________өңіраралық депертаментінің аумақтық геологиялық қорының мұрағатына тапсырылады.

6. ____________қайтарылатын аумақта жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі есеп оны бекіткеннен кейін _________________ өңіраралық депертаментінің және «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығының геологиялық қорына сақтауға тапсырылады.


Кәсіпорын басшысы Өңіраралық Департамент

Мемлекеттік Мекеме басшысы

Тегі, аты, Тегі, аты,

әкесінің аты ________________ әкесінің аты ________________ 20__жылғы «____»_________ 20__жылғы «____»__________

«Қазгеоақпарат»

Республикалық Геологиялық Ақпарат Орталығы» Мемлекеттік Мекеме басшысы

Тегі, аты, әкесінің аты _________________

20__жылғы «____»___________

Қазақстан Республикасы

жер қойнауын геологиялық зерттеу

туралы есептерді ресімдеу жөніндегі

нұсқаулыққа

9-қосымша

________________________________________________________________

объектінің, бағдарламаның/кіші бағдарламаның атауы, лицензияның/келісімшарттың сериясы мен нөмірі, жұмыстарды орындау мерзімдері
объектісі бойынша орындалған геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемдері және есептен шығаруға жататын шығындар туралы АНЫҚТАМА


р/с




Жұмыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Жоба бойынша бекітілді

Орындалды

Қаржыландырылды,

теңге




















1

2

3

4

5

6

7

8

9

А

ГБЖ (орындалған жұмыстар)












































































Б

Қосымша жұмыстар

















































Шығындарды есептен шығаруға (сома жазумен) жатады.

Тапсырыс берушіден: Орындаушыдан:

лауазымы,тапсырыс беруші лауазымы, орындаушы ұйымның атауы ұйымның атауы

_________________________ ___________________________

Тегі, аты, әкесінің аты Тегі, аты, әкесінің аты

М. О. М.О.

Тапсырыс беруші Орындаушы ұйымның

ұйымның қаржы- қаржы-экономика

экономика қызметінің қызметінің

басшысы басшысы

__________________________ _________________________

Тегі, аты, әкесінің аты Тегі, аты, әкесінің аты



Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 27 қаңтардағы Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9099 болып енгізілді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет