2013 Зайсан ауданының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама



Дата26.02.2016
өлшемі29.73 Kb.
#27535
Здравствуйте! Высылаю материал на страницу http://zaysan.vko.gov.kz/kz/economy.htm, сделайте выложенным файлом на ссылку 2013

Зайсан ауданының 2013 жылғы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама
Ауданның 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы экономиканың даму қарқынының негізінен сақталғанын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14 млрд 701,1 млн. теңге болып, өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 136,2 % құрады. Табиғи көлем индексі 112%, облыс бойынша 6-орын.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының ауданы 17204 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға арттыі. Дәнді астық алқабы 201 га, картоп 106 га артық егілді, майлы дақылдар алқабы 957 га азайды. Мал азығындық дақылдар егілген алқап 2012 жылы 3320 гектар болса, 2013 жылы 6041 гектарға жетті. Дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 20,8 центнерден өнім алынып, барлығы 12534 тонна астық жиналды. Былтыр әр гектардан 12 центнерден алынған. Картоптың әр гектарынан былтыр 83,4 центнерден алынса, биыл 126 центнерден алынды.

Өткен жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімдері де өсті. 13915,6 тонна ет (өсім 7,5%), 44813,4 тонна сүт (өсім 0,5%), 6158,1 мың дана жұмыртқа (өсім 35,4%) өндірілді.

Облыстық бюджеттен «Жайлау» бағдарламасы бойынша 2,5 мың бас қой сатып алуға 62 млн теңге бөлінді. Қой-ешкі 226 басқа өсіп (0,2%), 133188 бас болды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10 ш/қ 66,6 млн теңге алып, оған 23 асыл тұқымды бұқалар мен 353 бас басқа да ірі қара әкелінді. Ірі қара саны 2012 жылғыдан 3,1%-ға кеміп, 59377 басты құрады. Сонымен бірге сиырлар 24%-ға өсіп, 34654 басқа жетті (2012 жылы - 27957 бас.)

Өнеркәсіп орындары 2427,3 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл облыстық көлемнің 0,24%-ын құрайды. Өнім көлемі өткен жылғыдан 95,3% болды. Табиғи көлем индексі 106,3%, облыс бойынша 9-орын.

Кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі 1170,4 млн теңге, жалпы өнеркәсіп өнімінің 48,2%-ын құрайды, табиғи көлем индексі 136,4%, оның ішінде көмір өндіру 99,3%, техникалық қызметтер көрсету 24,7% болды.

Өңдеу өнеркәсібінде 944,9 млн теңгенің өнімі өндіріліп, табиғи көлем индексі 120,7% болды. Өзге де метелл емес минералдық өнімдер өндіру өңдеу өнеркәсібі көлемінің 83,4%-ын құрады. Өңдеу өнеркәсібінің 8,3%-ын құрайтын тамақ өнімдерін өндіру көлемі 78,4 млн теңге болып, 2012 жылғыдан 21,1%-ға төмендеді. Оның ішінде сусындар өндіру 50,7%-ға азайды.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 17 млрд 205,4 млн.теңге болып, табиғи көлем индексі 100,2% құрады. Нақты секторда инвестиция көлемі сәйкес мерзімдегіден 92,4%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5298,4 млн теңге, немесе 2012 жылғыдан 14,1% өскен.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 7055 ш.м. болып, 2012 жылғыдан 67,9% артты.

Шағын бизнес субъектілерінің тіркеудегілерінің саны 62 (6,1%-ға аз), белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 37 (жалпы санынан 59,7%), бұл 2012 жылмен (34) салыстырғанда 108,8%.

16 наубайхана, 119 сауда дүкені, 6 жанар жағар май құю станциясы, 90 шаруа қожалықтары, 4 май сығу орны, 8 дәріхана жетекшілерімен бағаларға үстемені 10%-дан асырмау жөнінде жиыны 246 меморандумдар жасалған.



Бөлшек сауда көлемі 3251 млн теңге болып, 21,6% өсті.

Тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 74,8%-ға жетті. 2012 жылы 67,6% болған.

2013 жылға бекітілген аудан бюджетінің өз кірістерінің көлемі 570 млн 117 мың теңге болса, сәуір айында 15 млн теңгеге арттырылып (30.04.2013 ж. №13-3/1) 585 млн 117 мың теңге болды, тамыз айында (28.08.2013 ж. №17-1) 675 млн 121 мың теңге болып дәлдендіріліп, тағы 90 млн теңге қосылды.

Жыл қорытындысында аудан бюджетінің өз кірістерінің болжамы 675121 мың теңге орнына 712977 мың теңге болып 105,6%-ға орындалды. 2012 жылғыдан 144358 мың теңге артық жиналды.



Денсаулық сақтау саласында:

Туу көрсеткіші 19-ды құрады (2012 ж. – 20,8). 2012 жылы 752 бала туса, 2013 жылы 681 бала туды.

Былтыр 10 нәресте қайтыс болса, биыл 5 бала қайтыс болған.



Қайтыс болғандар саны 2012 жылы - 316, 2013 жылы - 262 адам. Өлім көрсеткіші 8,7-ден 7,3-ке дейін төмендеген.

Туберкулезбен алғаш ауырғандар саны 32-ден 22-ге дейін төмендеп, көрсеткіші 2012 жылғы 88,7-ден 2013 жылы 61,6-ға түсті.



Білім беруде 2-ден 5-ке дейінгі балалардың 99,4%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған.

Әлеуметтік салада:

Жыл басына тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 1, 2012 жылғыдан 19 жұмыссызға аз. Жұмысқа орналастырылғандар саны 458 адам болып, былтырғыдан 152-ге кем. Жаңадан 412 жұмыс орындары ашылды, былтыр – 263 орын. Оқуға 20 адам жіберілген, былтыр – 44 адам. Ақылы қоғамдық жұмыстарда 501 адам істеді, былтыр – 533 адам.

Атаулы мемлекеттік көмек алушылар саны 669 адам, былтыр – 714 адам, немесе 45 адамға азайған. Балалар жәрдемақысын алушылар саны 89 адамға азайып, 1998 адам болды. Тұрғын үй көмегін алатын отбасы 92 болып, 6-ға азайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет