2014 жылдың 1 жартыжылдығына АӨК саласын дамуы
Облыстың барлық категориялы шаруашылықтары қаңтар-маусым айлары аралығында 89,6 мың тонн ет, 368,2 мың тонна сүт және 78,7 млн дана жұмырқа өндірген.
2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 7 %, сүт 2,3 % және жұмыртқа 14,3% өндірілген. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 72,9 млрд.теңге құрады, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,7 % өсті. Осы кезеңдегі НИК 105,2 % құрады. 1 жартыжылдық көрсеткіштері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал басының өсімі: ІҚМ 4,6 %, оның ішінде сиыр – 5,9%, ешкі мен қой – 1,4%, жылқы 9,2 %, құс 6,2 % өсті.
Облыс бойынша өндірістің өскеніне қарамастан талдау кезеңінде НИК төмендеуі Бородулиха ауданында және Риддер қаласында байқалады (98,8 және 99,7%).
Бородулиха ауданындағы және Риддер қаласындағы НИК азаюына өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы ет өндірісінің 2,2 және 5 пайызға азайғаны әсер етті.
Қаңтар-маусым айлары аралығында сүт өндірісі Бородулиха ауданында 4,3 пайызға, жұмыртқа Бородулиха ауданында 3,9 пайызға, Зайсан ауданында 6,4 пайызға азайғаны көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |