Орал қаласы №29-1 14 желтоқсан 2015 жыл
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2014 жылғы 12 желтоқсандағы №21-2
«2015-2017 жылдарға арналған
облыстық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №21-2 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3724 тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы «Орал өңірі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2015 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 103 729 375 мың теңге:
салықтық түсімдер – 28 585 445 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 1 305 071 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 117 мың теңге;
трансферттер түсімі – 73 828 742 мың теңге;
2) шығындар – 104 335 831 мың теңге:
3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 656 113 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 6 801 579 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –3 145 466 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
ішінде қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 262 569 мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 262 569 мың теңге:
қарыздар түсімі – 6 648 858 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 3 114 982 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 728 693 мың теңге.»;
3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 баптары қатерге және басшылыққа алынсын:
1) 2015 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 34 688 364 мың теңге көлемінде қарастырылсын:
халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей табиғи зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге – 329 919 мың теңге;
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жөнiндегi 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлерде агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қолдауға – 556 084 мың теңге;
мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек төлеуге – 7 052 мың теңге;
18 жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақылар төлеуге – 23 860 мың теңге;
халықты әлеуметтiк қорғауға және оған көмек көрсетуге – 179 579 мың теңге;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң жетпiс жылдығына арналған iс-шараларды өткiзуге – 301 656 мың теңге;
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға – 1 574 749 мың теңге;
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды оқшау жүйелерiнен ауызсу беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялауға – 350 719 мың теңге;
көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 2 500 000 мың теңге;
мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын жұмыскерлерiне, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың жұмыскерлерiне лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшiн ай сайынғы үстемеақы төлеуге – 2 951 677 мың теңге;
мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын iске асыруға – 935 237 мың теңге;
үш деңгейлi жүйе бойынша бiлiктiлiктi арттырудан өткен мұғалiмдерге төленетiн еңбекақыны арттыруға – 572 977 мың теңге;
техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын ұлғайтуға – 108 311 мың теңге;
техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың стипендияларының мөлшерiн ұлғайтуға – 95 120 мың теңге;
тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз етуге және кеңейтуге – 13 355 168 мың теңге;
жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың стипендияларының мөлшерiн ұлғайтуға – 7 806 мың теңге;
халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге – 562 520 мың теңге;
профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргiзуге (инфекциялық және паразиттiк аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттiк аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) – 52 292 мың теңге;
инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру – 384 457 мың теңге;
коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау – 757 036 мың теңге;
ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 661 419 мың теңге;
білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға – 1 402 057 мың теңге;
денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға – 2 328 677 мың теңге;
газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 1 537 922 мың теңге;
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 200 650 мың теңге;
мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға – 251 000 мың теңге;
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 131 941 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер – 812 744 мың теңге;
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікке микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерді кредиттеу - 107 000 мың теңге;
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалалардағы ағымдағы іс-шараларды іске асыруға – 287 055 мың теңге;
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуге кредит беру – 465 706 мың теңге;
моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 297 993 мың теңге;
агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға – 83 650 мың теңге;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларының қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұстауға – 1 001 мың теңге;
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға – 14 630 мың теңге;
елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге – 441 407 мың теңге;
жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органның штат санын ұстауға – 27 195 мың теңге;
сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұстауға – 30 098 мың теңге;
2) 2015 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан бөлінген нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 9 495 058 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін:
мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын iске асыруға – 57 428 мың теңге;
мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 2 450 000 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 580 297 мың теңге;
білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға – 200 000 мың теңге;
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 383 925 мың теңге;
тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға облыстық бюджеттен кредит беру – 2 762 637 мың теңге;
жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру – 2 500 771 мың теңге;
келесідей мазмұндағы жолымен толықтырылсын:
«Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға – 560 000 мың теңге;»;
4- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттердің өтеуін жалпы сомасы 3 145 466 мың теңге, оның ішінде аудандық (қалалық) бюджеттерден сомасы 3 114 982 мың теңге түсімдер қарастырылсын.»;
4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (қалалық) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 5 856 166 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
2 537 607 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;
3 318 559 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.
Аталған сомаларды аудандық (қалалық) бюджеттерге бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. 2015 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 245 594 мың теңге көлемінде бекітілсін.»;
аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С.Сүлеймен
Облыстық мәслихат
хатшысы М.Құлшар
Достарыңызбен бөлісу: |