248
алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген.
«Жаһандық құзыреттер» курсының мазмұны білім алушыларды қазіргі
заманауи өмірге дайындауға, әлеуметтік
және мінез-құлық дағдыларын, өз
денсаулығы мен қауіпсіздігін басқару дағдысын қалыптастыруға, сонымен қатар
жоғары деңгей дағдыларын дамытуға бағытталған; стандартқа сай емес
шешімдер
қабылдау, туындаған мәселелерді шешу және жұмысты жоспарлау
қабілеті мен білім алушының мінез-құлық мәдениетіне, оның қоғамдағы қарым-
қатынасына, құқықтық және экологиялық мәдениетіне, үлкендерді құрметтеуге,
табиғат, жан-жануарларға мейіріммен қарауға және басқаларға қатысты өзекті
тақырыптарды қамтиды.
«Экологиялық мәдениет» бөлімі: «Менің айналамдағы әлем», «Экологиялық
саяхат», «Біз таза аулада тұрамыз», «Қауіпсіз демалыс», «Экологиялық
қақтығыстар», «Болашақта жер қандай болуы керек?» және тағы басқа
тақырыптарды қамтиды.
«Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» бөлімі: «Отбасының
кірістері мен шығыстары неден тұрады?», «Отбасы бюджеті дегеніміз не?»,
«Жеке табысты қалай тиімді басқаруға болады?», «Отбасының
міндетті және
міндетті емес шығындары», «Жинақтарды қалай сақтауға болады?», «Жоспарсыз
сатып алулар», «Отбасы шығындары», «Ақша жинақтары қалай құрылады?»,
«Байланыстың заманауи әдістері», «Менің цифрлық ізім», «Телефон алаяқтары:
не істеу керек?» тағы да басқа тақырыптарды қамтиды.
«
Этика және әдеп» бөлімінде «Адалдық пен әділеттілік - өмірдің
ұстанымдары», «Барлығы сәлемдесуден басталады», «Мен өз әрекеттерім үшін
жауап беремін», «Шешім қабылдаймыз», «Уақытты бағалауды үйренеміз», «Біз
эмоциямызды басқарамыз», «Қарым-қатынас мәдениеті», «Еңбек мәдениеті»,
«Отбасылық құндылықтар: әкем, анам және мен тату отбасымыз» тақырыптары
білім алушылардың бойында адалдық, тәртіптілік, өз іс-әрекеттері үшін
жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет және ұжымда жұмыс істей алу сияқты жеке
қасиеттерін
дамытуға, мінез-құлық мәдениетінің стандартын қалыптастыруға
бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: