Қатысуға тиісті: 26 ата-ана Қатысқаны: 15 ата-ана
Күн тәртібінде:
«Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу» Ата-аналарға арналған жаднама
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
Сынып жетекшісі Избасканова Г.бірінші мәселе бойынша ата-аналарға арналған «Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу» тақырыбындағы жаднамамен таныстырды.
Екінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Арал АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция капитаны Сағиев Байзақ Аралбайұлы сөз алды
Мектеп инспекторы ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігі туралы атап айтты.Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың басты себебі- ата-ананың баланың оқуы мен тәрбиесіне төмен жауапкершілігінен.Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың басым көпшілігі қолайсыз отбасыларына,аз қамтылған әлеуметтік жағдай жасалмаған отбасы балаларына келетіні сөзсіз.Бұл да жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуінің негізгі факторларының бірі. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу шаралары туралы арнайы презентация,видеороликтер көрсетіп,ата-аналарға пайдалы кеңестер берді.
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекшісі оқушыларды себепсіз сабақтан қалдырмау,кешкі мезгілде бақылаусыз көшеге жібермеу керектігін тапсырды.Балалардың сабақтарын қадағалап,қосымша сабақтарға,үйірмелерге баруын ата-аналардан талап етті.
Қаулы:
1.Ата-аналарға балаларын қатаң қадағалау міндеттелсін.
2. 9 «в» сынып оқушыларының сабақ үлгерімі мен тәртібі қадағалансын.
Жиналыс төрайымы: Избасканова Гүлжан
Хатшысы: Сұлтан Г
Достарыңызбен бөлісу: |