Нақты аргументтiң тригонометриялық функциялары.
Алгебра (9-сынып), одан кейін алгебра және анализ бастамалары курсында (10-сынып) тригонометриялық функцияларды оқытудың соңы, қорытынды кезеңi жүзеге асырылады. Оған енетiндер: 1) Бұрыштың радиандық өлшеуiн енгiзу, бұрыштың градустық өлшеуiнен радиандық өлшеуiне және керiсiнше көшу; 2) градустық өлшеушi 3600-тан артық бұрыштарды кескiндеу; 3)оң және терiс градустық бұрыштарды бейнелеу; 4) осы бұрыштардың градустық өлшеуiнен радиандық өлшеуiне өту (оң таңбалы және терiс таңбалы нақты сандар); 5) sin, cos, tg-ге функциялық көзқарасты қалыптастыру (sin, cos, tg-нi нақты аргументтiң функциясы деп қарастыру, анықталу облыстары мен мәндерiнiң облыстарын анықтау, функцияның графиктерiн салу, монотонды аралықтары мен таңба-тұрақтылық аралықтарын табу және т.с.с) 6) белгiлi формулаларды қайталау, cos(+)=coscos-sinsin (екi аргументтiң айырымының қосинусының формуласы) формуласынан тiкелей келiп шығатын жаңа теңбе-теңдiктердi теңбе-тең түрлендiру мен стереометрияның есептерiн шешуде қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |