229 өтініш келіп түсті,оның ішінде: – 131



Дата23.02.2016
өлшемі171.08 Kb.
#8882

Банк секторы

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) 2009 жылғы мамыр айында жеке және заңды тұлғалардан 229 өтініш келіп түсті,оның ішінде:

131 өтініш – екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) қызметіне қатысты (жалпы санының 57,21 %), қаралған өтініштердің 181-нің (осының алдындағы кезеңдерде келіп түскен 131 өтінішті қосқанда) – 6-ы негізді (қаралғандарының жалпы санының 3,31 %);

11 өтініш – банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың қызметіне қатысты (жалпы санының 4,80 %), қаралған өтініштердің 16-ның (осының алдындағы кезеңдерде келіп түскен 9 өтінішті қосқанда) - 0 негізді;

27 өтініш – сс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты (жалпы санының 11,79 %), қаралған өтініштердің 35-нің (осының алдындағы кезеңдерде келіп түскен 30 өтінішті қосқанда) - 15 негізді (қаралғандарының жалпы санының 42,80 %);

4 өтініш – бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметіне қатысты (жалпы санының 1,75 %), қаралған өтініштердің 7-нің (осының алдындағы кезеңдерде келіп түскен 6 өтінішті қосқанда) - 1 негізді (қаралғандарының жалпы санының 14,29 %);

14 өтініш – жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - ЖЗҚ) қызметіне қатысты (жалпы санының 6,11 %), қаралған өтініштердің 27-нің (осының алдындағы кезеңдерде келіп түскен 21 өтінішті қосқанда) - 1 негізді (қаралғандарының жалпы санының 3,70 %);

– жеке және заңды тұлғалардың (оның ішінде қаржы ұйымдарының) Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) заңнамалық нормаларына және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарын түсіндіру (жалпы санының 13,97 %) жөніндегі өтініштері бар - 32 сұрату;

– Агенттік құзыретіне енбейтін мәселелер бойынша 10 өтініш (жалпы санының 4,37 %).

Агенттікке 2009 жылғы қаңтардан бастап мамыр аралығындағы кезеңде жеке және заңды тұлғалардан 2476 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

1778 өтініш – банктердің қызметіне қатысты (жалпы санының 71,81 %), қаралған өтініштердің 1863-нің (2008 ж. келіп түскен өтініштерді қосқанда) – 32 негізді (қаралғандарының жалпы санының 1,72 %);

66 өтініш - банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың қызметіне қатысты (жалпы санының 2,67 %), қаралған өтініштердің 45-нің (осының алдындағы кезеңдерде келіп түскен 9 өтінішті қосқанда) - 2 негізді(қаралғандарының жалпы санының 4,44 %);

134 өтініш – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты (жалпы санының 5,41 %), қаралған өтініштердің 132-нің (осының алдындағы кезеңдерде келіп түскен 8 өтінішті қосқанда) - 49 негізді (қаралғандарының жалпы санының 37,12 %);

26 өтініш – бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметіне қатысты (жалпы санының 1,05 %), қаралған өтініштердің 26-ның - 8 негізді (қаралған арыздардың жалпы санының 30,77 %);

110 өтініш – ЖЗҚ қызметіне қатысты (жалпы санының 4,44 %), қаралған өтініштердің 110-ның - 4 негізді (қаралғандарының жалпы санының 3,03 %);

жеке және заңды тұлғалардың (оның ішінде қаржы ұйымдарының) ҚР заңнамалық нормаларына және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарын түсіндіру (жалпы санының 11,59%) жөніндегі өтініштері бар 287 сұрату;


Барлық қаралған өтініш саны 2198, оның 95-і негізді (қаралғандарының жалпы санының 4,32 %).

Төменде екінші деңгейдегі банктер бөлігінде және олардың 2009 жылғы мамыр айындағы өтініштердің жалпы көлеміндегі үлес салмағы бойынша өтініштер туралы мәліметтер келтіріліп отыр:



1-кесте



Қаржы нарығының субъектілері

(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)

(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар)


Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қарауы аяқталды

Есепті кезең аяғында қаралу үстінде

Саны

Келіп түскен өтініштердің қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, %

Саны **

Банк қызметі

1

«Альянс Банк» АҚ

20

15,27

3

17

2

«БТА Банк» АҚ- «Темірбанк» АҚ ЕҰ

16

12,22


6

10

3

«Қазкоммерцбанк» АҚ

16

12,22

6

10

4

«БТА Банк» АҚ

13

9,92

3

10

5

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

13

9,92

8

5

6

«Банк ЦентрКредит» АҚ

11

8,40

6

5

7

"Валют-транзит Банк" АҚ (таратылып отырған банк)

9

6,87

9

0

8

«Kaspi Bank» АҚ

7

5,34

3

4

9

" Цеснабанк" АҚ

6

4,58

0

6

10

"Еуразиялық Банк" АҚ

4

3,05

3

1

11

«АТФ Банк» АҚ

4

3,05

1

3

12

"Хоум Кредит Банк" АҚ ("Алма-Ата" МБ» АҚ)

4

3,05

0

4

13

«Қазақстан Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ

3

2,29

0

3

14

«Нұрбанк» АҚ

2

1,53

2

0

15

"Delta Bank" АҚ

2

1,53

0

2

16

"RBS ЕБ» АҚ (Kazakhstan)"

1

0,76

0

1

 

Жиынтық:

131

100

50

81

57,21*

*- өтініштердің жалпы саны бойынша сектордың үлес салмағы

** -барлық өтініштер негізді болып табылмайды

Агенттікке мамыр айында банктік қызмет мәселелері бойынша 131 өтініш келіп түсті, оның ішінде 51-і Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) мемлекеттік органдарынан келіп түсті.

Төменде осының алдындағы есепті кезеңдерде келіп түскен өтініштерді қарау барысындағы мәліметтер келтірілген ***.



2-кесте



Қаржы ұйымдарының атауы

Осының алдындағы есепті кезеңдерде келіп түскен өтініштер және оларды қарау 01.05.09ж дейін аяқталмаған

Саны

Келіп түскен өтініштердің қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, %

2009ж. мамырда қаралып біткен, саны **

Есепті кезең аяғында қаралу үстінде, саны

1

«БТА Банк» АҚ

37

22,71

32

5

2

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

24

14,73

19

5

3

«Альянс Банк» АҚ

21

12,88

12

9

4

«Банк ЦентрКредит» АҚ

20

12,27

17

3

5

«БТА Банк» АҚ - «Темірбанк» АҚ ЕҰ

18

11,04

15

3

6

«Қазкоммерцбанк» АҚ

11

6,75

10

1

7

«АТФ Банк» АҚ

11

6,75

11

0

8

«Валют – Транзит Банк» АҚ(таратылып отырған банк)

5

3,07

5

0

9

«Kaspi Bank» АҚ

5

3,07

3

2

10

"Delta Bank" АҚ

3

1,84

3

0

11

« Нұрбанк» АҚ

3

1,84

1

2

12

"Еуразиялық Банк" АҚ

1

0,61

1

0

13

" Цеснабанк" АҚ

1

0,61

0

1

14

«Қазақстан Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ

1

0,61

0

1

15

«Қазагропромбанк» ААҚ

(таратылған банк)



1

0,61

1

0

16

"Наурыз Банк Қазақстан" АҚ (таратылып отырған банк)

1

0,61

1

0

 

ЖИЫНТЫҚ:__163__100__131__32'>ЖИЫНТЫҚ:

163

100

131

32

**- барлық өтініштер негізді болып табылмайды

***- осының алдындағы есепті кезеңдердің мәліметтері нақтыланған


Сонымен қатар, төмендегі 3-кестеде екінші деңгейдегі банктердің қызметі мәселелері бойынша есепті кезеңде қаралған арыздар мен өтініштердің, сондай-ақ ҚР заңнамалары және/немесе банктік қызмет көрсету шарттары талаптары бойынша анықталған бұзушылықтардың негізділік көрсеткіштері келтірілген:

3-кесте



Қаржы ұйымдарының атауы

2009 ж. мамырда қаралып біткен

Саны

Негізді талап-шағымдар

Негізділердің жалпы саны бойынша негізділер

%

ҚР заңнамалары және/немесе шарттар талаптары бойынша анықталған бұзушылықтары бар талап-шағымдар

Анықталғандардың жалпы саны бойынша айқындалған

%

1

«БТА Банк» АҚ

35

3

49.99

3

49.99

2

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

27

1

16.67

1

16.67

3

«Альянс Банк» АҚ

15

0

0.00

0

0.00

4

«Банк ЦентрКредит» АҚ

23

1

16.67

1

16.67

5

«БТА Банк» АҚ- «Темірбанк»АҚ ЕҰ

21

1

16.67

1

16.67

6

«Қазкоммерцбанк» АҚ

16

0

0.00

0

0.00

7

«АТФ Банк» АҚ

12

0

0.00

0

0.00

8

«Валют – Транзит Банк» АҚ(таратылып отырған банк)

14

0

0.00

0

0.00

9

«Kaspi Bank» АҚ

6

0

0.00

0

0.00

10

"Delta Bank" АҚ

3

0

0.00

0

0.00

11

«Нұрбанк» АҚ

3

0

0.00

0

0.00

12

"Еуразиялық Банк" АҚ

4

0

0.00

0

0.00

13

«Қазагропромбанк» ААҚ

(таратылған банк)




1

0

0.00

0

0.00

14

"Наурыз Банк Қазақстан" АҚ (таратылып отырған банк)

1

0

0.00

0

0.00




ЖИЫНТЫҚ:

181

6

100

6

100

Мынадай мәселелер халық үшін өзекті болып қалып отыр:

- Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Агенттіктің бірлескен Іс-қимыл жоспарына сәйкес заемдарды қайта қаржыландыруға ықпал ету;

- банктердің заем берілген күнгі және өтелген күнгі теңгенің шетел валютасының есептік бағамына қатынасы ретінде есептелетін төлемдерді индексациялау коэффициентін қолдануды жоюға ықпал ету;

- ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру туралы өтініштерді банктердің ұзақ қарауы;

- банктік құпия болып есептелетін мәліметтерді банктердің жария етуі;


  • депозиттік шоттан ақшаны заңсыз алу;

  • заемдарды өтеу бойынша мерзімін ұзартуға, ипотекалық заемдар бойынша сыйақы ставкасын кеміту жағына қарай қайта қарау және заемдар бойынша өсімпұлды жоюға ықпал ету;

- банктік заем шарттарында заемды мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссиялар мөлшерін көрсетпеу не оны анықтау тәртібіне сілтеме жасау.

Барлық жоғарыда аталған және жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде ҚР резидент еместерінің өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірулер берілді.

Есепті кезең ішінде Агенттік жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін қарау қорытындысы бойынша қызметте мынадай бұзушылықтарды анықтады:

- «БТА Банк» АҚ:

1) Агенттік Басқармасының 30.09.05 ж. № 359 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі Нұсқаулықтың (бұдан әрі - Нұсқаулық) талаптарын тәуелсіз бағалаушыны тартпай, кепілге қойылған мүлікке бағалау жасау бөлігі бойынша бұзды (13.04.09 ж. кіріс № Ф-675). Осыған байланысты Агенттік Банкке ҚР заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселені қарау үстінде;

2) Мемлекеттік заем бағдарламасы аясында қайта қаржыландыру жөніндегі берешекті индексациялау заңсыз қолданылған, (06.04.09 ж кіріс № Ю-80) осыған байланысты Агенттік Банк атына қайта қаржыландырылған берешек сомасын өзгерту бөлігі бойынша банктік заем шартына қосымша келісіммен өзгеріс енгізу талабын енгізу, cондай-ақ заемшыға артық төленген соманы қайтару жөнінде хат жолдады;

3) банктік заем шарты бойынша негізгі борыш сомасын индексациялау заңсыз жүзеге асырылған (27.04.09 ж. кіріс № Ф-805), осыған байланысты Агенттік Банк атына банктік заем шартына тиісті өзгеріс енгізу және заемшыға артық төленген соманы қайтару жөнінде хат жолдады;

4) Банктің Директорлар кеңесімен, Банктің активтерді және пассивтерді басқару жөніндегі Комитетімен бекітілуі тиіс ставкалар мен тарифтерді бекіту бөлігіндегі ҚР банктік заңнама талаптары бұзылған. Осыған байланысты Агенттік Банкке қатысты жазбаша ұйғарым шығарды;



- «Банк ЦентрКредит» АҚ Банктің қайтыс болған клиентінде тиесілі банктік шоттар нөмірлерінің және ондағы ақша қалдықтарының жоқ екендігі туралы нотариустың сұратуына анық емес ақпарат берген. Осыған байланысты Агенттік Банкке мұндай фактіге бірінші рет жол беріліп отырғандықтан, алда осыған ұқсас бұзушылықтарға жол бермеу туралы хат жолдады;

- «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ:

1) Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Кредит беру жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінің 10-тармағының 4) тармақшасы талаптарының жалпы меншік құқығындағы кепіл шарттың мүлікті соттан тыс сату үшін өтініш иесі жұбайының (зайыбының) жазбаша келсімін алмай жасау бөлігінде бұзушылық болған. Осыған байланысты, Агенттік Банктен жазбаша міндеттеме талап етті;

2) Нұсқаулықтың 10-тармағының 2) тармақшасының талаптары (осының алдындағы есепті кезеңде) Банктің клиенттерінен ақша қабылдау кезінде тәуекелдерге баға беру процесін тиісінше қамтамасыз етпеу бөлігі бойынша

(13.04.09 г № Ю-109) бұзылған. Осы факт бойынша Агенттік Банкке ҚР заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселені қарау үстінде;



- «БТА Банк»АҚ - «Темірбанк» АҚ ЕҰ клиент шотындағы ақшаны оның өзінің қатысуынсыз, есепке алу және есептен шығару жөніндегі банктік операцияларды заңсыз жасаған. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Банктің қызметкеріне қатысты клиенттердің ақшасын талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, Банктің атына филиалдардағы фронт-офистің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметке бақылауды күшейту қажеттігі туралы хат жолданды (20.04.09ж. кіріс № Ф-754).




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет