Мамандық бойынша тест
2
5. Бетон араласпасы дегеніміз
A) байланыстырғыш затқа қажетті мөлшерде құм және үстемелер қосып
жасалатын материал
B) байланыстырғыш затқа қажетті мөлшерде құм және су араластырғаннан
кейін қатайып, жасанды тасқа айналатын материал
C) оңтайлы құрастырылып, мұқият дайындалған бетон компоненттерінің
араласпасының ұстасып, қатаю процесіне дейінгі күйі
D) қалыпқа салып және нығыздауды қажет ететін толтырғыштардан, су
және байланыстырғыш заттан тұратын жаңадан жасалған біртекті масса
E) минералдық заттардың битуммен қоспасы
6. Органикалық материалдарға жатады
A) ағаш материалдары, органикалық байланыстырғыш заттар, полимерлер
B) бетондар, темірбетондар, құрылыс ерітінділері
C) металлдар, керамикалық бұйымдар, шыныситаллдар
D) фибробетон, шыныпластик, шынымақта
E) асбестцемент, шыныпластик, фибролит
7. Тыстамалық әйнектерге жатады
A) көбікшыны, өрнекті шыны-кілем
B) арматураланған, шыныққан
C) марблит, стемалит, смальта
D) шыныблоктар, шыныпрофилит
E) витриналық, терезелік
8. Графит пішініне және оның пайда болу
жағдайларына байланысты
шойынның түрлері
A) сұр, шар тәріздес графит бар және қақталған жоғары беріктілі
B) сұр, жоғары беріктілі және ақ
C) сұр, түрлендірілген және шар тәріздес графит бар жоғары беріктілі
D) ақ, сұр және қақталған
E) ақ, түрлендірілген және қақталған
9. Герметикалық материалдарды қолдану саласы
A) гидротехникалық құрылыста конструкцияларының жерасты бөлігін
гидроизоляциялау
B) құрамалы конструкция элементтері арасындағы жапсарларды бекіту
және ғимаратқа ылғалдың енуін тоқтату үшін
C) әртүрлі беттер мен ғимарат жапсарларынан су мен бу алмасуды
қамтамасыз ету
D) жабындарды гидроизоляциялау
E) есік-терезе арқылы енетін дыбысты бәсеңдету