253 Құрылыс материалдары



Pdf көрінісі
Дата03.07.2022
өлшемі62.53 Kb.
#459590
rylys-materialdary



Мамандық бойынша тест

Мамандық
 бойынша тест: 1-пән  
1. Табиғи тас материалдарға тән беріктілік бойынша маркалар 
A) М500…М1000 
B) М15…М50 
C) М10…М35 
D) М0,4…М100 
E) М200…М600 
2. Бейорганикалық жылуизоляциялық материалдарға жатады 
A) металл, шыны, кірпіш 
B) ағаш талшықты тақта, асбест талшықты тақта 
C) ұлутас, бетон, вулкандық туф 
D) газобетон, минералды мақта, көбікті шыны 
E) шыныблоктар, шыныпакеттер 
3. Легирленген болаттарды алу үшін қолданылатын заттар 
A) көміртегі, оттегі, азот 
B) кальций, магний, көміртегі, сурьма 
C) оттегі, ванадий, темір, магний 
D) никель, хром, вольфрам, мыс 
E) күміс, алюминий, темір, магний 
4. Каолиндер дегеніміз 
A) жоғары иілімді монтмориллонит негізді саз-балшық 
B) күйдіргенде бұйымның ақ түсін сақтайтын, тек қана каолинит 
(Al
2
O
3
*2SiO
2
*4H
2
O) минералынан құралатын сазды шикізат 
C) күйдіргенде қанық қызыл түс беретін балшықтан жасалған керамика 
бұйымдарының бетіне жағылатын зат 
D) бұйымның бетіне жағылған соң оны күйдіргенде жоғары 
температураның әсерінен балқитын шыны сияқты көп компонентті зат 
E) біршама минералдық және органикалық қоспалардан құралған зат 


Мамандық бойынша тест

5. Бетон араласпасы дегеніміз 
A) байланыстырғыш затқа қажетті мөлшерде құм және үстемелер қосып 
жасалатын материал 
B) байланыстырғыш затқа қажетті мөлшерде құм және су араластырғаннан 
кейін қатайып, жасанды тасқа айналатын материал 
C) оңтайлы құрастырылып, мұқият дайындалған бетон компоненттерінің 
араласпасының ұстасып, қатаю процесіне дейінгі күйі 
D) қалыпқа салып және нығыздауды қажет ететін толтырғыштардан, су 
және байланыстырғыш заттан тұратын жаңадан жасалған біртекті масса 
E) минералдық заттардың битуммен қоспасы 
6. Органикалық материалдарға жатады 
A) ағаш материалдары, органикалық байланыстырғыш заттар, полимерлер 
B) бетондар, темірбетондар, құрылыс ерітінділері 
C) металлдар, керамикалық бұйымдар, шыныситаллдар 
D) фибробетон, шыныпластик, шынымақта 
E) асбестцемент, шыныпластик, фибролит 
7. Тыстамалық әйнектерге жатады 
A) көбікшыны, өрнекті шыны-кілем 
B) арматураланған, шыныққан 
C) марблит, стемалит, смальта 
D) шыныблоктар, шыныпрофилит 
E) витриналық, терезелік 
8. Графит пішініне және оның пайда болу жағдайларына байланысты 
шойынның түрлері 
A) сұр, шар тәріздес графит бар және қақталған жоғары беріктілі 
B) сұр, жоғары беріктілі және ақ 
C) сұр, түрлендірілген және шар тәріздес графит бар жоғары беріктілі 
D) ақ, сұр және қақталған 
E) ақ, түрлендірілген және қақталған 
9. Герметикалық материалдарды қолдану саласы 
A) гидротехникалық құрылыста конструкцияларының жерасты бөлігін 
гидроизоляциялау 
B) құрамалы конструкция элементтері арасындағы жапсарларды бекіту
және ғимаратқа ылғалдың енуін тоқтату үшін 
C) әртүрлі беттер мен ғимарат жапсарларынан су мен бу алмасуды 
қамтамасыз ету 
D) жабындарды гидроизоляциялау 
E) есік-терезе арқылы енетін дыбысты бәсеңдету 


Мамандық бойынша тест

10. Көбік шыны алу жолдары 
A) шыны грануласын жентектеу 
B) техникалық көбік пен шыны ерітіндісін араластыру 
C) шыны шихтасын түссіздену фазасына дейін термиялық өңдеу 
D) газдандырғышпен араласқан ұнтақталған шыныны термиялық өңдеу 
E) техникалық көбікке шыны балқымасын қосып араластыру 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет