28 сұрақ. Барометрлік нивелирлеуде қолданылатын аспаптар және олардың жүргізілуі



бет1/2
Дата30.11.2022
өлшемі18.3 Kb.
#466148
  1   2
28,29,30


28 сұрақ. Барометрлік нивелирлеуде  қолданылатын аспаптар және олардың  жүргізілуі.
Барометрлік нивелирлеу – жергілікті жердің абсолюттік биіктігінің өзгеруіне байланысты атмосфералық қысымның төмендеуі немес артуына негізделген нивелирлеу барометрлік деп аталады. Физикалық нивелирлеу белгілі бір орынның абсолюттік биіктіктің өзгеруімен
атмосфералық қысымның өзгеру заңдылығына негізделеді: теңіз деңгейінен биіктеген сайын қысым төмендейді, ал түскен кезде көтеріледі.

Барометрлік нивелирлеу жергілікті жердің абсолютті биіктік нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ол биік таулы және ойлы – қырлы бедерлі территориялардың түсірілімін жасауда қолданылады.


Метерологиялық жағдайлар есебімен бір – бірімен алыс емес екі нүктенің биіктігінің айырымын анықтауға болады. Бұл мақсатта биіктіктердің барикалық сатылары түсіністік, мұндайда атмосфералық қысым 1мм сынап бағанасына ауысып отырады. Бабине формуласы бойынша:


H=16000 x (1+0.004 x t1+t2 /2)x B1-B2/B1+B2
Мұндағы: В1-В2 – 1 және 2 нүктелердегі анықталған қысым, ал t1 және t2 - биіктік барикалық саты кестесінде құрастырылған ауа температуралары.

Ауа қысымы үнемі өзгеріп отырады, сондықтан барометрлік- нивелирлеу тұйық жүріс әдісі арқылы жүргізіледі. Оны тұрақты атмосфералық күйде жүргізеді (жауын – шашынсыз, желсіз күні және тағы басқа)


Барометр аспабы қолданылып, таңдап алынған нүктелік орындардың қысымы анықталады, осы қысымдық өлшем бірліктерінің айырмасы бойынша, сол нүктелердің өзара қандай биіктіктерде болатыны есептеледі.


29 сұрақ Глобустың құрлымы мен ерекшеліктеріне талдау арқылы, бұрмаланудың
болмайтынын түсіндіру. 
1. Географиялық карталар Жердің пішінінің ерекшеліктерін көрсетеді. Ол геоид тәрізді, яғни дұрыс емес пішінді, белгілі алгоритмдермен суреттеле алмайды. Глобусты жасаған кезде Жерді шар тәріздес етіп алынуына не себеп болды? Себебі, Жер эллипсоидінің оқсінің арасындағы қашықтығы өте аз – 43 км ғана. Ұсақ масштабты модельдерінде бұл айырмашылықты елемесе де болады.
2. Глобустың беті тегіс болып келеді. Бедерлі глобустар сирек жасалады, кейде жер бетінің белгілі бір аумақтарының ірі масштабтағы үлгісі жасалады. Мысалы, 1:30 000 000 масштабта дүние жүзіндегі ең үлкен тау жүйесі Джомолунгманың (8848 м) биіктігі глобуста 0,34 мм

болады. Бұл биіктіктегі айырмашылықты кішкентай шардың бетіне бейнелеу мүмкін болмағандықтан, глобус бетінің тегіс болуы айқындалған.


3. Егер бглобусты шар деп алсақ, оның осьтары барлық бағытта бірдей болады, ал меридиандар мен параллельдер – шеңбер бойымен сәйкес болады. Мұны оңай түсіндіруге болады: шар бетінің кез келген бағыттағы жазықтықпен түйісу сызықтары – шар тәрізді. Егер түйісу жазықтықтағы Жердің ортасы арқылы өтсе, үлкен шеңбер пайда болады. Үлкен шеңберлер болып меридиан және экватор сызықтығы алынған. Барлық меридиандардың радиусы бір-біріне тең болып келеді.
Егер шарды бөлетін жазықтық Жердің ортасы арқылы өтпесе, онда жазықтықпен түйіскен сызықтар кіші шеңбер құрайды. Экватордан басқа параллельден – кіші шеңбер болады. Оның радиустары экватордан полюске таман азая түседі.
4. Меридиан мен параллельдер арасындағы бұрыштар – глобустың кез келген нүктесінде түзу болады, яғни жер бетінің арасындағы бұрыштарына сәйкес болады.
5. Глобус масштабы кез келген нүктеде бірдей болады, сондықтан меридиандар арасындағы параллельдердің қашықтығы және бір параллельде орналасқан меридиандар бір-біріне тең. Глобустың масштабтарының тұрақтылығы қателіктер, яғни бұрмаланулар болмайтынын көрсетеді.
6. Бұрмалану жоқ болғандықтан, глобус бетінде кез келген фигураны көрсете алады. Сол себепті глобуста объектілердің пішіндері, бейнесі бұрмаланусыз беріледі – теңіз, материктер, мемлекеттер, ормандар т.б.
7. Глобустағы кез келген нүктелердің сызықтарының ұзындығы мен бұрыштарының бұрмалануы болмағандықтан, олардың аудандарында да қателік болмайды.
Глобусты пайдалану бүкіл Жер бетін көруге ыңғайлы. Глобустан көрінгендіктен материктер мен мұхиттардың байланысы, олардың орналасуы, өлшемдерінің ұқсастығы, полюстер мен экватордан қашықтығын есептеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет