288 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»



Дата30.06.2016
өлшемі69.37 Kb.
#168495
түріКодекс


А Р А Л А У Д А Н Ы Н Ы Ң Ә К І М Д І Г І
Қ А У Л Ы


Арал ауданы № ____ «___» ________ 2013 жыл

ЖОБА

Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын

орналастыру және жою орындарын

айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы «Экологиялық кодексiнiң»  288 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес Арал ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Арал ауданының аумағында өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын және жоятын орындар айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Оразбаевқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Арал ауданының әкімі М. Жайымбетов

«Келісілді»

«Арал аудандық мемлекеттік

санитарлық эпидемиологиялық

қадағалау басқармасы» мемлекеттік

мекемесі бастығы


_______________А. Сатекеева

«____»_________2013 жыл

«Келісілді»

«Қазақстан Республикасы Қоршаған

ортаны қорғау министрлігі Экологиялық

реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда

облысы бойынша экология департаменті»

мемлекеттік мекемесінің инспекторы


_______________С. Сейтенов

«____»_________2013 жыл

Аудан әкімдігінің

2013 жылғы «_____» __________

№______ қаулысына

қосымша
Арал ауданының аумағында өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын және жоятын орындар




Әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiктiң атауы

Қалдықтарды орналастыру
және жою орны

Көлемi, га

1

2

3

Арал қаласы

Арал қаласы

қаланың солтүстiк жағынан 1000 метр қашықтықта

3,0

Сексеуіл кенті

Сексеуіл кенті

кенттің солтүстiк жағынан 1000 метр қашықтықта

2,0

Жақсықылыш кенті

Жақсықылыш кенті

кенттің солтүстiк жағынан 1800 метр қашықтықта

2,0

Қаратерең ауылдық округі

Қаратерең елді мекені

ауылдың оңтүстiк-батыс жағынан 1000 метр қашықтықтата, «Кеме қалған» өңірі

1,0

Жаңақұрылыс ауылдық округі

Жаңақұрылыс елді мекені

ауылдың оңтүстік-шығыс жағынан 1500 метр қашықтықта, «Қалбай қорымы» өңірі

2,0

Бекбауыл ауылдық округі

Бекбауыл елді мекені

ауылдың оңтүстік-шығыс жағынан 1000 метр қашықтықта

2,0

Құмбазар елді мекені

ауылдың оңтүстік-шығыс жағынан 1000 метр қашықтықта

2,0

Үкілісай елді мекені

ауылдың шығыс жағынан 1000 метр қашықтықта

2,0

Октябрь ауылдық округi

Шижаға елді мекені

ауылдың оңтүстiк-батыс жағынан 1000 метр қашықтықта

1,0

Қосжар ауылдық округi

Қосжар елді мекені

ауылдың шығыс жағынан 1500 метр қашықтықта

2,0

Райым ауылдық округi

Қызылжар елді мекені

ауылдың оңтүстік-батыс жағынан 1200 метр қашықтықта

1,0

Шөмішкөл елді мекені

ауылдың шығыс жағынан 2000 метр қашықтықта

0,75

Құланды ауылдық округі

Ақбасты елді мекені

ауылдың оңтүстік жағынан 1000 метр қашықтықта, «Манабай қорымы» өңірі

1,5

Қамыстыбас ауылдық округi

Қамыстыбас елді мекені

ауылдың оңтүстiк-батыс жағынан 1500 метр қашықтықта, «Темірші» өңірі

2,0

Бөген ауылдық округi

Бөген елді мекені

ауылдың оңтүстiк-батыс жағынан 1000 метр қашықтықта

0,75

Қарақұм ауылдық округі

Абай елді мекені

ауылдың батыс жағынан 1000 метр қашықтықта, «Тұйықбас» өңірі

0,3

Атанши ауылдық округі

Жіңішкеқұм елді мекені

ауылдың оңтүстік-батыс жағынан 3000 метр қашықтықта

0,2

Сазды ауылдық округі

Сазды елді мекені

ауылдың солтүстік-батыс жағынан 2000 метр қашықтықта

0,3


«Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және жою орындарын

айқындау туралы» Арал ауданы әкімдігі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме




Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекетік органның құзыреті)

Осы қаулы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы «Экологиялық кодексiнiң»  288 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес әзірленді

3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Арал ауданының аумағында өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын және жоятын орындарды айқындау мақсатында даярланды

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ


5

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекетік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Жоқ

7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8

Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Жоқ

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ


Мемлекеттік – құқықтық

жұмыстар бөлімшесінің басшысы Ж. Әлішева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет