3. Ағымдағы жағдайды талдау


Үшінші бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі236 Kb.
#125462
1   2   3   4   5   6

4.3.3. Үшінші бағыт:

еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді.

Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетін болады. Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерді айқындау критерийлерін ауыл шаруашылығы, экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органдар әзірлейтін болады.

Әзірленген критерийлерге сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы, экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісе отырып, экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.

Жергілікті атқарушы органдар айқындаған және ауыл шаруашылығы, экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісілген экономикалық әлеуеті төмен елді мекендердің тізбесі ВАК-та бекітілетін болады.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден көшуі:

бір ауданның ішінде;

бір облыс шегіндегі бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы мүмкін.

Бағдарламаның осы бағытына қатысушылар мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиіс:

өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар санаттарына жатуға тиіс;

экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға тиіс;

айлық жиынтық табысы бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.

Еңбек нарығындағы нақты жағдайларды ескере отырып, жұмыстар вахталық әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін.

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау:

көшуге субсидия беруді;

сатып алу мүмкіндігімен, үлгілік жалға берілетін тұрғын үй беруді;

жаңа тұрғылықты жерінде кәсіптік оқу курстарынан өтуді және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;

психологиялық бейімдеуді қамтиды.

Қоныс аударумен байланысты субсидиялар көшу және алғашқы бейімделу шығындары өтемінен тұрады. Субсидияның мөлшерін былайша саралау жоспарланады:

отбасылар бір ауданның шегінде қоныс аударған жағдайда – отбасы басшысына – 10 АЕК және отбасы мүшелеріне – 5 АЕК,

отбасылар облыс шегінде қоныс аударған жағдайда – отбасы басшысына – 25 АЕК және отбасы мүшелеріне – 15 АЕК.

Бағдарламаның осы бағытына қатысу және мемлекеттік қолдау көрсету шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін болады.

Келген жерінің жергілікті атқарушы органдары аумақты дамыту бағдарламасына және елді мекенді дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлік-коммуникациялық желілердің жергілікті схемасы) сәйкес:

жалға берілетін тұрғын үйді салатын орынды айқындайды;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген үлгілік жобалар бойынша (аумақтардың сейсмикалық жағдайын ескере отырып) жалға берілетін тұрғын үйді, оның ішінде отбасылық жатақханаларды және әлеуметтік инфрақұрылымды салуды жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды жалға берілетін тұрғын үймен дайын тұрғын үйді сатып алу, «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді жалға беру, отбасылық үлгідегі жатақханадан орын беру және құрылысы бұрын басталған объектілерді салып бітіру немесе бос тұрған объектілерді жөндеу және абаттандыру есебінен де қамтамасыз ете алады.

Жалға берілетін үлгілік тұрғын үйді салуды және (немесе) сатып алуды 2011 жылы қаржыландыру бюджеттік кредиттер есебінен, келесі жылдары республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте жергілікті бюджеттердің қоса қаржыландыру үлесі 10 %-дан, Астана қаласы үшін 3 % -дан кем болмауға тиіс.

Бағдарламаға қатысушының таңдауы бойынша жалға берілетін тұрғын үй сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз берілетін болады.

Жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін Бағдарламаға қатысушының бірге тұратын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз күйінде сақталған жағдайда, тұрғын үйді жалдаушының жалға алу төлемін төлеу мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады.

Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу жалға алу мерзімі кезеңінде тұрғын үй құны төлемін толық ескере отырып, 15 жыл ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Тұрғын үйді тұрудың бесінші жылынан бастап мерзімінен бұрын сатып алуға болады.

Жалға берілетін тұрғын үйді беру қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін болады.

Республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жалға берілетін тұрғын үй беруді қаланың шегінде тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін ғана көзделген.

Жалға берілетін тұрғын үйдің ауданы отбасының құрамына байланысты, бірге тұратын отбасы мүшесінің біреуіне 18 шаршы метрден не отбасына 100 шаршы метрден аспауға және бір бөлмелі пәтерден не отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлмесінен кем болмауға тиіс.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 70 мың теңгеден (сейсмикалығы жоғары аудандар үшін түзету коэффициентін ескермегенде) аспауға тиіс.

Еңбек қызметін вахталық әдіс бойынша жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға отбасылық үлгідегі жатақхананы қоспағанда, жалға берілетін тұрғын үй берілмейді.

Іске асыру тетігі:

1. Егер адам экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде тұратын болса немесе Бағдарламаға қатысушыны Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, ол Қағидада белгіленген құжаттар тізбесін қоса отырып, жергілікті жұмыспен қамту органына қоныс аударуға өтініш бере алады.

2. Жергілікті жұмыспен қамту органы құжаттардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға іріктеу критерийлеріне сәйкестігін қарайды, өтініш берушілермен қоныс аударудың ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.

3. Өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссия өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізуді ұсынады не одан бас тартады және шешімді жергілікті жұмыспен қамту органына жібереді.

4. Қоныс аудару бір облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылатын жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия әлеуетті қатысушылардың тізімін келісу және Бағдарламаға қатысушылардың жалпы тізімін қалыптастыру үшін өңірлік комиссияға жолдайды.

Тиісті комиссия азаматтарды Бағдарламаның осы бағытына қатысушылар қатарына енгізу жөнінде шешім қабылдайды және ақпаратты жергілікті жұмыспен қамту органдарына жолдайды.

5. Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен жергілікті жұмыспен қамту органы арасында (шыққан және келген жерінің) әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды қамтуға тиіс.

6. Жергілікті атқарушы органдар (келген жерінің) өңірдің даму бағдарламасы мен аумақты дамытудың бас жоспарына сәйкес жалға берілетін тұрғын үйді салатын орынды белгілейді және қоныс аударған Бағдарламаға қатысушыларға белгіленген субсидияларды төлейді.

7. Жергілікті атқарушы органдар жалға берілетін үлгілік тұрғын үйді салуды және (немесе) сатып алуды, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауды, дамытуды, абаттандыруды және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуды жүзеге асырады.

8. Құрылыс саласында уәкілетті орган сейсмологиялық аймақтарды және сейсмологиялық сипатын ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көп пәтерлі) үлгілік жобасын әзірлейді.

9. Бағдарламаның барлық бағыттарының қатысушылары тиісті біліктілігі болған жағдайда, жалға берілетін тұрғын үйді салу, құрылысы аяқталмаған объектілерді салып бітіру барысында құрылатын жұмыс орындарына орналасуға басым құқыққа ие болады.

10. Бағдарламаға қатысушылар қоныс аударғаннан және жайласқаннан кейін Бағдарламаның бірінші немесе екінші бағытына қатыса алады.

11. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын жергілікті жұмыспен қамту органы бақылайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет