178
дай сілтеме арқылы тексеруге болады www.scopus.com (link is external).
2014 жылғы 23 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұттық университетінде өткен
«Elsevier – Қазақстан: зерттеу қызметіндегі басымдық» атты халықаралық форумда аталған жур-
налды Scopus халықаралық деректер базасына енуі туралы куәлік Еуразия ұлттық университетінің
басшылығы мен журналдың редакторларына салтанатты түрде тапсырылды [2]. 2014 жылғы Еу-
разия Ұлттық Университетінің «Еуразиялық математикалық журналы» (Eurasian
Mathematical
Journal) Scopus халықаралық деректер базасына кірді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің Еуразиялық математикалық журналы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мем-
лекеттік университеті, Ресей халықтар достастығы университеті және Падован университетінің
қатысуымен (Италия) жылына 4 рет ағылшын тілінде шығарылады. Журналдың бас редактор-
лары – Ресей ғылым академиясының академигі, Л.Н. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік
университетінің ректоры В.А.Садовничий, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының ака-
демигі М. Өтелбаев және Қырым ғылым академиясының шетелдік академигі В.И. Буренков [3].
Біздің елімізде импакт фактор дәйектілік базалардың аналогы бар. 2005 жылдан бастап қа-
зақстандық журналдардың импакт-факторын Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы
есептеп келеді. Дегенмен аталған дәйектілік базасы локалды болғандықтан, қазақстандық им-
пакт-фактор әлемдік қауымдастықта мүлде мойындалмай келеді. Бұл тізімге 2010 жылғы есеп-
теулер бойынша 35 журнал еніп, 0,199 импакт-факторымен ҚР Ұлттық ядролық орталықтың ха-
баршысы көш бастап тұр [4].
Достарыңызбен бөлісу: