51
нес-идея, мамандықтар бойынша кәсіпқорлар тізімі, бұл ҚАЖ кәсіпорындарында қосымша тапсырыстар
орналастыруға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 185 субъектіге іске қосылмаған өндірістік алаңдар сенімгерлік
басқаруға берілді, бұл 2500-ден астам сотталғанды қосымша жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.
Жалпылай айтсақ, бұл қызметтің мақсаты – шартты түрде бас бостанды-ғынан айырылған азаматтарға
әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағытта-
рының бірі – істі болған жандарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация осы бағытқа
дәл келеді. Жалпы, пробация сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді екен. Яғни сына-
удың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол
үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Осылайша, байқаусызда
сүрінген жандар болса, оларды түрмеге тықпай, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Ал пробация қыз-
меті ондай жандарды бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, шешуге ықпал жасайды.Проба-
ция қызметкерлері шартты түрде бас бостандығынан айырылғандардың сот міндеттемелерінің орында-
луын қатаң қадағалаумен қатар, әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетеді.Оның негізгі бағыттары шартты
түрде бас бостандығынан айырылғандарға білім алып, кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуына ықпал жасап,
ауырып қалса, дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Әлеуметтік-құқықтық көмек
әрқайсысының қажеттілігіне байланысты көрсетіледі. Пробациялық қызметке жергілікті атқарушы орган-
дар, үкіметтік емес ұйымдар жәрдемдеседі.
Пробация қызметінің даму серпіні үш жылда әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген адамдар санының
көбейгенін көрсетті. Айталық, 2016 жылғы 10 ай ішінде есептегі адамдарға - 30235 әлеуметтік-құқықтық
көмек көрсетілді, оның ішінде 10766 - емдеу, 11806 - психологиялық сүйемелдеу, 231 - білім беру, 4270 -
жұмысқа орналастыру және өзге де көмектер көрсетілген. Талдау сотталғандарды әлеуметке қосу үшін
жасалған жағдайлардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау кезінде де, бас бостан-
дығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау кезінде де оң үрдісі бар екенін көрсетіп отыр. Ре-
спублика мекемелерінде сотталғандар арасында 1000 адамға шаққанда бұзушылықтар санының төмендеуі
байқалады. Айталық, 2016 жылғы 10 ай ішінде 159 бұзушылық, оның ішінде 35 қаскөйлікпен бұзушылық
жасалған (2015 жылы - 294 (64), 2014 жылы - 386 (92), 2013 жылы - 449 (98)[2].
Пробация туралы заң жобасын әзірлеу бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және про-
бация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құру – Ұлт жоспары-
ның 33-қадамына сәйкес жүргізіліп жатыр. 33-қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және
сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру.
Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді
стратегиясын жасау көзделген[3, 7].
Әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер стан-
дартын әзірлеу шеңберінде сарапшылармен, үкіметтік емес ұйымдармен және мүдделі мемлекеттік орган-
дармен үш дөңгелек үстел
өткізуді қоса алғанда, үлкен жұмыс жүргізілуде.
«Қазақстанда пробацияның екі моделі жұмыс істейді: шартты-үкімдік пробация және постпенитенци-
арлық пробация. Бір жыл ішінде атқарылған жұмыстардың өзі ғана нәтиже көрсетуде, жасалған қылмыс
саны 33%-ға азайған. Жаңа заңда әлемдік практикада орын алатын пробацияның төрт түрі болады: сотқа
дейінгі, шартты-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтың проблемалары, ең алдымен психоло-
гиялық тұрғыдағы, жұмысқа және әлеуметтік орналасу, құқықтық және медициналық сипаттағы пробле-
малар оның бостандықта жылдам бейімделуіне, қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына мүмкіндік
бермейді. Толық босатылу алдында сотталған адам үшін өтпелі бейімделу кезеңінің қажеттігі туындайды,
есептегі азаматтың оңалту бағдарламалары мен профилактикалық іс-шараларға қатысуын қамтитын оның
заңға бағынушылық мінез-құлқын ынталандыру тетігін әзірлеу және енгізу талап етіледі.
Соңғы 4 жыл ішіндегі статистика ҚАЖ мекемелерінен жыл сайын орта есеппен 8000-нан бастап 16000-
ға дейін адам босатылатынын растайды, оның ішінде шамамен 1000 адамның тұрақты тұрғылықты жері
жоқ және тиісінше ол бостандықтағы алғашқы күндеріне тұрғын үйге және жұмысқа мұқтаж болады[5].
Бүгінгі таңда осы азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық жағынан орналастыру проблемасын шешу
қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталықтарына (бұдан
әрі - орталықтар) жүктелген. Алайда Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мұн-
дай орталықтар тек төрт өңірде - Көкшетау, Қызылорда, Павлодар және Шымкент қалаларында жұмыс
істейді. Әрине, олардың ресурстары орын алып отырған қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандыруға
мүмкіндік бермейді. «Ұлт жоспары 100-нақты қадам» және ҚР Пробация туралы заңы шеңберінде атқа-
рылып жатқан жұмыстар оң нәтижесін беруде.Оған мысал ретінде пробация қызметінде есепте тұрған
адамдар санының көбеюі кезінде олардың қайталап қылмыс жасау саны төмендеген. 2016 жылғы 10 айдың
52
қорытындысы бойынша 29873 адам есепте тұрды, бұл ретте 309 қылмыс қайталанып жасалды (2015 жылы
- 26221 (455), 2014 жылы - 21423 (671), 2013 жылы - 18971 (744).
Жалпы Түркістан қаласы бойынша 2017 жылы ПҚБ-нің есебінде тұрған сотталғандардың саны- 213
адам, оның ішінде: пробациялық бақылау белгіленген 174 адам, Шартты түрде сотталғандар -44 адам,
қоғамдық жұмыс белгіленгендер - 1 адам, бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленгендер-124 адам,
жаза өтеу мерзімі кейінге қалдырылғандар- 1 адам, белгілі бір қызметті немесе белгілі бір іс-әрекетпен
шұғылдану құқығынан айырылғандар- 43 адам. ШТМБ-25 адам.
2017 жылдың 11 айында пробациялық бақылауға қойылған сотталғандар бойынша әлеуметтік құқықтық
көмек көрсету бағдарламасы 277 азаматқа толтырылып, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдардамалар
бөлімі», «Емхана», «Тубдиспансер», «СПИД» орталықтарына жолданған[4].
2017 жылы есепте тұрғандардың рецидивтік қылмыс жасауы дерегі кеміген.
Қазақстан болашақта дамыған елдермен иық тіресе алатын ізгілендірілген Қылмыстық құқық жүйесі
бар, қылмыстар саны және оның қайталану қаупі азайған мемлекет болып қалыптасып келеді. Еліміздің
егемендігі және оның қауіпсіздігі құқық қорғаушылар қолында десек, құқық қорғау оның ішінде пробаци-
ялық бейімдеу саласында елбасы бекіткен жоспар бойынша қызметтер атқарылуы тиіс. Ол тек ұсыныс не-
месе қағаз жүзінде қалмай, жоғарыда атап өткендей тыңғылықты жұмыстар атқарылса, алға қойған мақса-
тымыз-қылмыстылықпен күресіп, оның қайталануының алдын аларымыз сөзсіз. Сотқа дейінгі пробация,
пенитенциярлық пробация, постпенитенциярлық пробация бейімдеу мекемелеріндегі бейімделушілерді
жұмыспен қамту басты міндет болып табылған.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Жұмыс істегісі келгендердің бәрі жұмыс табады және бір емес,
екі жұмыс тауып, еңбекақы алу мүмкіндігі бар. Тек ниет болуы керек», деген қағидасын негізге ала оты-
рып, ҚР-дағы барлық жұмыссыздарды, оның ішінде пробациялық бақылау үйінде есепте тұрған жұмыссы-
здарды жұмыспен қамтып, еліміздегі жұмыссыздар тарапынан келетін қылмыстылық түрлерінің алдын-а-
лу керек. ҚР-да тек 4 өңірде атқарушы органдарының қарамағындағы әлеуметтік бейімдеу және оңалту
орталықтары жұмыс істейді. Бұл пробациялық бақылау ұйымының барлық қажеттіліктерін өтей алмайды.
Сондықтан, Қазақстанның 14 облыс орталығында, және халық көп шоғырланған
ірі қалаларда жазадан
босатылғандарға әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталықтарын ашу керек деп ойлаймыз.
Сонымен қатар, ҚР пробациялық бақылау ұйымының қызметіне дамыған елдердің пробациялық қа-
дағалау және бақылау институттарының бағдарламаларының озық үлгілерін енгізу керек. Мысалы, АҚШ-
тың
Лакелланд Джорджия штатының ПБҚ институты ( Роберт Л. Паттеннің) тексеру орталығы пробаци-
ялық қадағалаудың үш түрін жүзеге асырады.
Қарқынды қадағалау. Қатал қылмыскерлерге, жоғары дәрежелі бандалық мүшелерге, әдеттегі құқық
бұзушыларға және жыныстық құқық бұзушыларға осы деңгейде қадағалау керек. Стандартты қадағалау
. Стандартты қадағалаудағы құқық бұзушылар, тоқсанда екі рет есеп беруді талап етеді және алкоголь,
есірткіге қарсы күрес, қауымдық қызметінен есептен өтуі қажет. Бейресми қадағалау қылмыс жасағаны
үшін сотталмай, қадағалаусыз тағылымдамадан өтеді[6].
Англия және Уэльс, сонымен қатар Нидерланды елдерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, Қазақстан
Республикасында Пробациялық бақылау мекемелері түзету мекемелерімен
тығыз қарым-қатынас орна-
туы тиіс. Бұл қатынас бақылау қызметіне түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілер және жазадан боса-
тылғандар жайында ақпараттар алмасудың кепілі болады. Пробациялық бақылау мекемелерінің қылмы-
стылықпен күресу қызметінің рейтингін жыл сайын шығарып отыру, елімізде рецидивтік қылмыстардың
деңгейін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: