№3-комиссаров indd


Абдуова Баян Серікбайқызы



Pdf көрінісі
бет76/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

Абдуова Баян Серікбайқызы 
ЕҰУ Филология факультеті практикалық қазақ тілі кафедрасының проф.м.а.
Асанова Ұлмекен Отарқызы
ЕҰУ Филология факультеті практикалық қазақ тілі кафедрасының проф.м.а.
ИМПАКТ ФАКТОРЛЫ БАСЫЛЫМДАРҒА 
МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРЫ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ
Түйін. Ұсынылып отырған мақалада импакт факторлы басылымдардың ерекшеліктері, жарияла-
нымдарға қойылатын талаптар, әлемдік ғылыми кеңістіктегі өзекті мәселелер жайында баяндалады. 
Кілт сөздер: беделді басылымдар, мақалаға сілтеме, ғылыми ақпарат институты, скопус базасы.
Резюме. В статье представлены особенности импакт факторныx изданий, требования к публикациям 
и актуальные проблемы в мировом научном пространстве.
Ключевые слова: авторитетные издания, ссылка на статью, научно-информационный институт
база скопусов.
Summary. The article presents the features of the impact of factor publications, the requirements for publications 
and actual problems in the world scientific space.
Key words: authoritative publications, reference to an article, scientific and information institute, the base of 
the scopus. 
Импакт-фактор (ағылш. impact – әсер, factor – коэффициент, көрсеткіш) – ғылыми журналдың 
елеулігінің сандық көрсеткіші, яғни «беделі» дегенді білдіреді. Аталған термин біздің елімізде 
2011 жылы жаңадан қабылданған «Ғылым туралы» заңмен бірге кең қолданысқа енді. Ал әлем-
де бұл термин 1960 жылдан бері қолданылып келеді. «Ғылым туралы» заңы профессор неме-
се доцент (қауымдастырылған профессор) ғылыми атақтары мен философия докторы (Doctor 
of Philosophy немесе Ph.D.) ғылыми дәрежесін алу үшін нөлден жоғары импакт-факторлы ха-
лықаралық ғылыми басылымдарда жариялануға міндеттейді. Журналдың импакт-факторын (IF) 
анықтау үшін, белгілі бір журналдың ағымдағы жылғы импакт-факторы сол журналда алдыңғы 
екі, кей жағдайда үш жылда жарияланған мақалаларға жасалған сілтемелер санын сол жылдары 
жарияланған барлық мақалалар санына бөлумен есептеледі. Журналдардың импакт-факторын 
1960 жылдардан бастап Ғылыми ақпарат Институты (ағылш. Institute for Scientific Information, 
ISI) есептейді. Оны 1992 жылы Thomson корпорациясы сатып алып, өз иелігіне алды және қазіргі 
уақытта Thomson Scientific (Thomson Reuters) деп аталады. Жыл сайын импакт-факторы есептел-
ген журналдар тізімі «Journal Citation Report» журналына басылып шығады.
Аталған журналдардың басым көпшілігі ағылшын тілінде. «Өкінішке орай, бейресми дерек-
тер бойынша қазақстандық бірде-бір журнал бұл тізімде жоқ дегенімен, Әл-Фараби атындағы 
Қазақ Ұлттық университетінің «Eurasian Chemico-Technological Journal» атты журналы Scopus 
халықаралық дәйектілік базасына, ал Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Уни-
верситет еңбектері», «Автоматика. Информатика» журналдары және ҚР денсаулық сақтау мини-
стрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының «Денсаулық сақтауды да-
мыту» журналы Ресейлік ғылыми дәйектілік индексі (РҒДИ) бар журналдар тізіміне енгізілген» 
[1].
Thomson Reuters пен Scopus базаларындағы журналдардың бәрі бірдей ақылы емес. Жара-
тылыстану, техника салалары бойынша көбіне тегін. Гуманитарлық саланың өзінде де тегін 
шығаратын журналдар табуға болады. Бір өкініштісі, зерттеушілеріміз кейде журналдардың 
сапалысын таңдай алмайды. Кей журналдар базада болғанымен соңғы екі немесе бес жылда 
зерттеушілер сілтеме жасамаған болуы мүмкін. Олардың арасында өздері туралы толық ақпарат 
бермейтін, ақша табумен айналысатын жалған журналдар да бар. Скопус базасындағы журнал-
дар тізімін http://www.elsevier.com/online-tools/scopus/content-overview (link is external) сілтемеcі 
арқылы табуға болады: 
Excel форматындағы басылымдар тізімін тура осы сілтемемен табуға болады: http://www.
elsevier.com/__data/assets/excel_doc/0003/148548/title_list.xlsx(link is external). Скопус базасына 
ақысыз кіруге мүмкіндік болса жарияланымды журналдың базада өңделген нөмірлерінде мына-


178
дай сілтеме арқылы тексеруге болады www.scopus.com (link is external).
2014 жылғы 23 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұттық университетінде өткен 
«Elsevier – Қазақстан: зерттеу қызметіндегі басымдық» атты халықаралық форумда аталған жур-
налды Scopus халықаралық деректер базасына енуі туралы куәлік Еуразия ұлттық университетінің 
басшылығы мен журналдың редакторларына салтанатты түрде тапсырылды [2]. 2014 жылғы Еу-
разия Ұлттық Университетінің «Еуразиялық математикалық журналы» (Eurasian Mathematical 
Journal) Scopus халықаралық деректер базасына кірді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің Еуразиялық математикалық журналы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мем-
лекеттік университеті, Ресей халықтар достастығы университеті және Падован университетінің 
қатысуымен (Италия) жылына 4 рет ағылшын тілінде шығарылады. Журналдың бас редактор-
лары – Ресей ғылым академиясының академигі, Л.Н. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік 
университетінің ректоры В.А.Садовничий, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының ака-
демигі М. Өтелбаев және Қырым ғылым академиясының шетелдік академигі В.И. Буренков [3].
Біздің елімізде импакт фактор дәйектілік базалардың аналогы бар. 2005 жылдан бастап қа-
зақстандық журналдардың импакт-факторын Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы 
есептеп келеді. Дегенмен аталған дәйектілік базасы локалды болғандықтан, қазақстандық им-
пакт-фактор әлемдік қауымдастықта мүлде мойындалмай келеді. Бұл тізімге 2010 жылғы есеп-
теулер бойынша 35 журнал еніп, 0,199 импакт-факторымен ҚР Ұлттық ядролық орталықтың ха-
баршысы көш бастап тұр [4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет