3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Вариаторлар. Вариаторлардың түрлері\



бет27/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Вариаторлар. Вариаторлардың түрлері\

Вариаторлар. Өндірісті автоматтандыруға байланысты жылдан-жылға вариаторлар техникада кеңінен колданылып келеді. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан жұмыс істеу принциптеріне байланысты жіктеледі. Маңдайлы вариатор. Маңдайлы вариаторларда екі түрлі беріліс саны кездеседі.

Вариаторлардың негізгі көрсеткіші олардьщ реттеу диапазоны

болып табылады. Реттеу диапазоны жетектегі диск жылдамдығының өзгеруін керсетеді, яғни вариаторларды реттеу диапазоны:

D – вариатордың негізгі көрсеткіші.

Теория тұрғысынан алғанда екінші дискінің диаметрі өте кіші (D2 →0) болса, онда реттеу диапазоны шексіздікке жақындауы тиіс, бірақ практикада реттеу диапазоны D = 3 ... 4 болады, себебі оның кемуінен сырғанау көбейеді, олар тезірек тозады, яғни п. ә. коэффициенті төмендейді (21-сурет).

1. Маңдайлы вариаторларда айналу жылдамдығы бір ғана нүктеде те-неледі, басқа нүктелердің жылдамдықтары әр түрлі болғандықтан, оларда сырғанау пайда болады. Дегенмен, олар конструкциясының өте қарапайымды-лығынан бұрандалы престерде және көптеген аспаптарда кеңінен қолданылады.

Вариатор – бұл қозғалтқыш күшін доңғалақтарға дер кезінде жеткізетін және белгілі бір реттеу диапазонында беріліс қатынасын біртіндеп өзгерте алатын автоматты құрылғы. Беріліс қатынасын автоматты түрде, арнайы бағдарлама бойынша немесе қолмен жүзеге асыруға болады. Бір қызығы, өнертапқыштар вариаторды әдеттегі «автоматтан» әлдеқайда ерте ойлап тапқан екен. Оған XIX ғасырдың соңында патент берілгенімен, автокөліктерге бірден орнатыла қоймаған. Елуінші жылдары ғана бұл беріліс қорабымен жабдықталған көлік пайда болып, вариатор алғаш рет DAF маркалы автомобильдерге сериялы түрде орнатыла бастайды. Алдымен вариатормен жабдықталған жүк көліктері, артынан жеңіл көліктер шығарыла бастаған. Содан кейін, ол Volvo-ның кейбір модельдеріне орнатылып, тоқсаныншы жылдардың аяғы мен екі мыңыншы жылдардың басында «TipTronic» деген атпен танымал болған вариатор Audi көлігінің седандарына орнатыла бастаған. Бірақ, вариаторлар соңғы 2-3 жылдың көлемінде ғана кеңінен таралып жатыр.

Вариаторлар ауыспалы диаметрлі, тізбекті, тороидальды деген бірнеше түрге бөлінеді. Оның ішінде ең көп таралғаны – бірінші түрі. Сондықтан қазіргі уақытта бұл механизмнің қалай жұмыс істейтінін талқылауға әбден болады. Негізі ол бір қарағанда кәдімгі автоматқа ұқсайды. Оның да P, R, N, D деп аталатын беріліс деңгейлері бар. Бірақ, вариатор мүлдем басқаша жұмыс істейді. Атап айтқанда, беріліс деңгейі автоматты түрде ғана ауыспайды, оны механикалық тәсілмен қолмен ауыстыру мүмкіндігі де бар. Сондай-ақ, қозғалған кезде және беріліс деңгейі ауысқанда ешқандай сілкіну дегенді білмейді. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет