3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Сақталу заңдары» және «Тербелістер мен толқындар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1- нұсқа
Оқу мақсаттары
9.2.3.2 - импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
9.2.3.5 - механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілдермен анықтау
9.2.5.2 - эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті
анықтау
9.2.5.16-дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Импульстің сақталу заңын есептер шығаруда қолданады
Механикалық жұмысты графиктік және аналитикалық тәсілдермен анықтайды
График бойынша амплитуда, период, жиілікті
анықтайды
Дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері
Орындау уақыты 30 минут
Тапсырмалар
1. Массасы 20 кг дене 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді,ал массасы 4 кг екінші дене бірінші денеге қарама –қарсы бағытта 1 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді
а)бірінші дененің импульсін анықтаңыз
___________________________________________________________________________[1]
b)екінші дененің импульсін есептеңіз
___________________________________________________________________________[1]
с)жүйенің импульсін анықтаңыз
___________________________________________________________________________[1]
2.Массасы 2 т машина тежелгеннен кейін 50 м жол жүріп барып тоқтады. Жол горизонталь, ал үйкеліс коффициенті 0,4
a)үйкеліс күшінің жұмысын есептеңіз
____________________________________________________________________________[1]
b)машинаның кинетикалық энергиясының өзгерісін анықтаңыз
____________________________________________________________________________[2]
3.Мына суретте жұмысшы жылжымайтын блокты пайдаланып массасы 12 кг жүкті 2 м биіктікке арқанды тарта отырып шығарды
а)(а-сурет )жылжымайтын блок пен арқанның арасындағы бұрыш 00 болғандағы жұмысты есептеңіз
_________________________________________________________________________[1]
b)(б-сурет)жылжымайтын блок пен арқанның арасындағы бұрыш 450 болғандағы жұмысты есептеңіз
___________________________________________________________________________[1]
c)(в-сурет)жылжымайтын блок пен арқанның арасындағы бұрыш 600 болғандағы жұмысты есептеңіз
__________________________________________________________________________[1]
4.Механикалық тербелістің графигі берілген
а)тербелістің амплитудаын анықтаңыз
_______________________________________________________________________[1]
в)графиктен механикалық тербелістің периодын анықтаңыз
______________________________________________________________________[1]
с)графиктен механикалық тербелістің жиілігін және циклдік жиілігін есептеңіз
______________________________________________________________________[1]
5.Кестедегі дыбыс сипаттамаларын тұжырымдамаларымен сәйкестендіріңіз[3]
№
|
Дыбыс сипаттамалары
|
тұжырымдамалар
|
1
|
Дыбыстың қаттылығы
|
Жиілігімен анықталады
|
2
|
Дыбыс тонының биіктігі
|
Амплитудасымен анықталады
|
3
|
Тембр
|
Бірнеше дыбыс толқындарының қабаттасуы
|
4
|
Шу
|
Қатты,сұйық және газдарда тарайды
|
5
|
Дыбыс толқыны қандай орталарда тарайды
|
Бір дыбысты басқа дыбыстардан ажыратуға мүмкіндік беретін дыбыс сапасы
|
Достарыңызбен бөлісу: |