YESSENOV SCIENCE JOURNAL №2 (43)-2022 /// YESSENOV SCIENCE JOURNAL 2022, Vol.43 (2)
35
ӘОЖ 534.08
DOI 10.56525/LZPC8624
«МЕХАНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕР»
ТАРАУЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
*
ТАЙМУРАТОВА Л.У.
Ш.Есенов атындағы Каспий
технологиялар
және инжиниринг университеті
Ақтау қ., Қазақстан
E-mail: lidiya.taimuratova@yu.edu.kz
АЛМАҒАМБЕТОВА А.А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қызылорда қ., Қазақстан
E-mail: aldajarovna1971@mail.ru
ЖУБАНЫШОВ А.
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар
және инжиниринг университеті
Ақтау қ., Қазақстан
*Корреспондент авторы:
lidiya.taimuratova@yu.edu.kz
Аңдатпа. Бұл мақалада механикалық тербелістер туралы айтылады. Механикалық
тербелістер
табиғатта, физикалық құбылыстарда болады. Механикалық тербелістер көп
жағдайларда физиканың барлық салаларында кездеседі.
Тербелістердің физикалық
табиғаты әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан механикалық, электромагниттік және т. б.
тербелістерді
ажыратады дегенмен, әртүрлі тербеліс процестері олар бірдей
сипаттамалармен және бірдей теңдеулермен сипатталады. Әр түрлі физикалық сипаттағы
тербелістерді зерттеуге бірыңғай көзқарастың орындылығы осыдан шығады.
Тербелмелі
жүйеге әсер ету сипатына байланысты әр түрлі болып бөлінеді. Физика пәні жетінші
сыныптан басталғандықтан, ондағы заңдар мен заңдылықтар және құбылыстарды қайталау
керек және де олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мақалада пружинаның тербелісі,
маятниктер туралы айтылғаннан кейін, тербелмелі жүйе туралы ұғым қалыптастыру туралы
айтылады. Еркін тербелістерді түсіндіру үшін математикалық
маятникті эталон ретінде
түсіндіреді. Маятниктің тербелісін түсіндіргенде формулаларды вектор арқылы сипаттау
керек. Содан соң проекцияларға көшу керектігі айтылады. Күнделікті
өмірімізде
тербелмелі қозғалыстар жиі кездеседі. Мысалы, жел соғу кезінде жапырақтардың қозғаысы,
металл пластинаны майыстырып,
бір жағын жіберіп қалғанда, оның тербеліске түсуі,
сияқты әткеншек, бесік, қабырға сағатының маятнигі, серіппеге ілінген жүк, домбыра шегі,
таразы сілтемесі осының барлығы тербеліске мысалдар бола алады. Бұл тарауды түсіндіру
өте қиын, сондықтан тұрмыста, табиғатта болып жатқан құбылыстарды мысалдарға алып,
білім алушылардың ынта-жігерін назарға алып, физикалық құбылыстар арқылы түсіндіру
қажет болады. Ең қарапайым әдіс, математикалық маятниктің қозғалысын түсіндіру
арқылы, еркін тербелістің ауа кедергісін есепке алсақ, түбінде ол , яғни тербеліс тоқтайды.
Тербелу болуы үшін сырттан күш әсер ету керектігін айту керек. Механикалық тербелісті
түсіндіру арқылы электромагниттік тербелісті аналогы ретінде қарастыру керек.
Механикалық қозғалыстарды қарастырғанда түрлі математикалық түрлендіру
арқылы
оқытылатына басты назар аудару керек.. Механикалық тербелістер тарауын оқытқан кезде
демонстрациялық эксперимент арқылы маятниктердің түрлерін көрсеткен жөн.