4-5 I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері



бет1/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#188170
  1   2   3   4   5   6
Жоспар
Кіріспе...........................................................................................................................4-5
I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері.

1.1. Ойын туралы ұғым..........................................................................................6-10

1.2. Ойынның түрлері мен рөлі...........................................................................11-16
ІІ. Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану................................................................................................................17-21

2.1. Қарапайым түсініктер...................................................................................22-32

2.2. Он көлеміндегі сандар...................................................................................33-40

2.3. Кестелік қосу және азайту.............................................................................41-47

2.4. Толық ондықтар. Жүз...................................................................................48-52

2.5. Педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі. Біз нені үйрендік?.....................53-68
Қорытынды..................................................................................................................69
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................70-72

Кіріспе.

Қазақстан білім беру тұжырымдамасында «Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады» -деген . Осыған орай әр пәнді , соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда. Сондықтан да бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе .

Ғылыми жұмыс бойынша материалдар №65 Ы.Алтынсарин атындағы гуманитарлық эстетикалық гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Оспанова Ш., Әбуова Т., Әлімтаева Ж. және Т.Тәжібаев атындағы №47 тарихи-гуманитарлық гимназия мектебінің озат мұғалімдері Тойшыбекова Дина, Керімбекова Кәмшәт апайлардың сабағына қатысып, математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесімен танысып , педагогикалық іс - тәжірибеде қолдандым .

Жұмыстың мақсаты - бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау.

Жұмыстың болжамы - егер бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісі дамытылатын болса, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарлайды, өйткені пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.

Зерттеу әдісі - тақырыпқа байланысты психологиялық-
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, әдістемелік
тұрғыдан талдау; алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-
тәжірибелерімен танысу; бақылау, ізденушілік және зерттеушілік
жұмыстар.

Зерттеу нысаны - бастауыш мектептегі математика пәнін оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні - бірінші сыныпта дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту жолдары мен әдістері.

Зерттеу жұмысының міндеттері:


  1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып ,
    оларға ғылыми - әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;

  2. Бірінші сыныпта математика сабағында дидактикалық
    ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой - өрісін
    дамыту мүмкіндіктерін анықтау.

  3. Бірінші сыныпта математика сабағында дидактикалық
    ойынды пайдалану әдістемесін ұғыну . __

Жұмыстың практикалық құндылығы - бастауыш сыныпта математиканы оқытуда; студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесінде және математиканы оқыту әдістемесі пәнінен лабораториялық, практикалық сабақтарда пайдалануға болады .

I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері.

1.1. Ойын туралы ұғым.

Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-


тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар,
зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық.

Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Әрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P.M. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленка т.б.

Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.

Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп

болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты

танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол –

ойын.

Балалар ойын үстінде өздерін еркін, жеңіл сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет. Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады .



Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін білумен байланысты. Бұл салада ғалым педагогтар, психологтар Ж.Аймауытов, Л.С. Выготский, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, С.Макаренко, М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Т. Собиров, Г.Усманов т.б. арнайы зерттеу еңбектері бар .

Психолог ғалымдар баланың даму процесін қарастыруда бірнеше ғылыми теориялық принциптерді ұсынады. Солардың бірі Л.С. Выготский төменгі ісласс оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екенін және олардың үлкен сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған. Мектепке бар ынтасымен келген 7 жасар бала, тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі. Оның жақсы оқушы, жақсы мінез-құлықты бала атанғысы келеді. Балалар бұл жаста барынша көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш, өзінің жаңа ұжымда, балалар арасында еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп ережелерін орындауға қызығады.

Выгодский теориясы бойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр түрлі жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді. Осыдан барып оның психикалық дамуын айқындайтын, басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа түсініктерді құрастыруға жол ашады. Орта мен бала арасындағы қатынас құбылысын оның күрделілігін түсіндіргенде Л.С. Выготский төменгі класс оқушыларына әсерленушілік сипат және ықпал жасайтын жағдайларды баланың қабылдауымен байланыстырады. Бұдан өмірдің ішкі рухани өмірін, әсіресе адамгершілік ойлауын, сезімін, санасын, іс-әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндетінің бірі болып табылады.

М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқулығында бала дамуының психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен. Мәселен, жан- тәрбиесі, ес, қиял, ойлау, тіл т.б. психикалық процестерге талдау жасаған және бұл психикалық процестерде төменгі класс оқушыларының ерекшеліктерін көрсеткен.

«Әсер күшті болса, есте ұзақ сақталады». Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы керек. Мұғалім сабақ бергенде өзі есінен түсіп, ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма?» - деген.

М. Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу-тәрбие процесінде мұғалім де, ата- ана да керек.

Қ. Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастырылған. Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес, ойлау, қиял, эмоция мен сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т.б.

Төменгі кластағы балалар негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады.

Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қорғауды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала - щапшаң, бала - ұрыншақ» , «Ойнай білмеген, оймен білмейді» - деп тегін айтылмаған.

Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қимылдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады .

М.Жұмабаев халықтық педагогика негізінде ойына мынадай мән
берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны
әсерлене пайдаланады. '

7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организімі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, олардың өмірге бейімделуі.



Қарапайым мысалдарды шығаруда икемділіктерін байқау.

  • Егер 2-ге 1-ді қоссақ қанша болады?
    Тағы сол сияқты .

  • 2-ден 1-ді азайт. Сұрақтар берілді.

Жоғарыда бірнеше сабақтардың күнделікті іс-жоспарлары көрсетілген, осы тақырыптар бойынша жұргізілген эксперимент - нәтижесі төмендегінше.







10-ға

Геометриялық

Қарапайым



Мектеп аттары

дейін

фигура

мысалдарды







тура және

туралы

шығару







кері санау

ұғымын













анықтау







№65













Ы.Алтынсарин










1

атындағы

100%

83,5 %

68%




гуманитарлық -













эстетикалық













гимназия













№47 Т.Тәжібаев










2

атындағы тарихи

100%

86,5 %

65,5 %




- гуманитарлық













гимназия










Сөйтіп ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды. Көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі зейін баладан ойыншық заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді.

Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді. Мақсаткерлік, ерік күшін бағындыра білу - жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес, көп уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, тіптен секіру, бұғалық тастау, допты секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнап жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс- әрекетті игеру міндетін орындайды.



1.2. Ойынның түрлері мен рөлі.

Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.

Бірінші сынып шәкірттеріне тиянақты білім беру мұғалімнің творчестволық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді. Мұның өзі көп жағынан олардың әлі ойын баласы екендігімен байланысты. Сондықтан сабақ оларға тартымды болу үшін тақырыпқа сәйкес ойындар таңдап алып, сабақ барысында ұтымды пайдалану керек. Сонда ғана барлық баланы сабаққа ынталы қатыстыруға болады. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:


  1. Дидактикалық ойындар.

  2. Сөздік — дидактикалық ойындар .

  3. Ролъді сюжетті ойындар .

  4. Драмалық ойындар.

  5. Творчестволық ойындар.

  6. Әдеби – музыкалық ойындар .

Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.

Бірінші сынып балаларын оқытып тәрбиелеуде балалар игеруге тиісті бағдарламалық мазмұнды сұрыптап, жоспарлайды. Оның дидактикалық және ойын міндеттерін, қимыл мен ережелерін ойланған нәтижесін дәл белгілейді. Ол ойынның өзіндік ерекшелігі мен өз әрекетін сипатын бұзбастан, оның өзіндік бүкіл барысын жобалағандай болады .

Ойынды педагогикалық процеске еңгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сала тән: мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білуі ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану, балалардың қарым-қатынастардың игі тілектестігі және көңіл-күйлерінің шаттығы.

Ойынды басқара жүріп, оқытушы баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды ақыл- ой адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланылады. Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсы бір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты іс- әрекеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі балалардың сұрақтарынан көрінеді. Ұстаз сол сұрақтарға жауап қайтарады да, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнаушылардың өзара түсінуіне, келісуіне көмектеседі.

Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар оқытушының басшылығымен жаңа білім меңгереді.

Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұның баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуын күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.

Балаларды оқытып, тәрбиелеуде әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады. Бұған оқыту кезеңінде ерекше мән берілуге тиіс. «Ойын баласы» деп есептелетін бұл жастағы шәкірттердің оқу-білімге қызығуын өзіндік еңбектің қарапайым түрін үйренуі айналадағы қоғамдық өмірді танып, білуі ойын арқылы іске асады.

Ол өмірден алған әсерін ойында бұлжытпай бейнелейді. Баланың ойы көрнекілікке, образдылыққа негізделетіндіктен, сабақ мазмұнына орай ойын әдісін орнымен колданудың маңызы зор.

Ойын оқушының ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог, түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық, әлеуметтік сезімі оянады. Ұжымдық еңбек ету процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, достық, ынтымақтары нығаяды.

Оқытуда қолданылатын ойын әдістері - ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдісі. Ол логикалық, дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойын әдістерін қолдана өткізілген сабақтар, жаттығу жұмыстары баланың сөзге белсенділігін арттырып, олардың ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете тиянақтай түсуге жәрдемдеседі. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М.Горький «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады» , дегені мәлім.

Ана тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту ісінде сабақта, сабақтан тыс уақытта қолданылатын дидактикалық, сөздік, творчестволық, сюжеттік, рольді ойындардың маңызын ерекше атап көрсетуге болады .

Оқушының математикалық тілде дұрыс сөйлеп үйренуге бағыт беретін ойындардың бір түрі - сөздік ойындар. Сөздік ойындар әр сабақта жүйелі жүргізілуі тиіс. Сол арқылы балалар тапқырлыққа, шапшаңдылыққа, ауызша және жазбаша есептеуге дағдыланады. Математика сабағында есептеуге үйрету, математикалық диктантпен жұмыс, сұрақ-жауап әдістерін қолдану қажет. Өтілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа анаграмма, ребустар, сөзжұмбақтар, өлең есептер қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады. Сол сияқты қимылды ойындардың да тиімділігі бар. Қимылды ойындар да бала ағзасын жетілдіріп, ақыл-ойының дамуына үлкен әсер етеді. Көңіл-күйі артып, жүйелері жақсарады .

Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті құралдарды, күні бұрын дайындау қажет. Сондықтан да бірінші сыныпта оқитын сабақ көбінесе ойын ретінде өтіледі. Ойын да, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар айналадан көрген түйгенін бағдарлап- байқағанын, естігенін-білгенін ойынмен бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, олардың өмірге көзқарасы қалыптасады, творчестволық іс-әрекеті дамиды, өзіне ойын кезінде сенімі артып, күш-жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекетіне еркін араласып, қарым-қатынасқа түседі.

Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В. Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» - десе, Н.К.Крупская «балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы» - дейді, ата-аналарына арналған лекцияларында А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан А.С.Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп тұжырымдайды.

Дидактикалық ойындардың түрлерінде шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.

Тікелей дидактикалық міндетті шеше алмайтынын, бірақ балалардың бойында ықылас, есте сақтау, байқағыштық, назар аударғыштық сияқты басқа да белгілі бір психикалық процесті дамытуға бағытталған ойынның түрлерін педагог ұмыт қалдырмауға тиіс. Балалар үшін творчестволық және қимылды ойындармен қатар дидактикалық ойындардың әсері мол. Дидактикалық математикалық ойындарды қолдану сабақтың әсерлілігін арттырып, оқушылардың осы пәнге деген ынтасын дамытады. Бұл ойындар жаңа сабақ процесінде өткенді қайталау, білімді тиянақтау кезінде қажетті сабақ мазмұнына орай пайдаланылады.

Бірінші сыныпқа арналған дидактикалық ойындар мен ойыншықтар тапшылығынын орнын қалай толтыруға болады? Шамасы, бізге бірінші кезекте балабақшалардың тәжірибесін пайдалану керек болар. Бала-бақшаларда мектепке дейінгі тәрбие жағдайларына арналып көп мөлшерде алуан түрлі дидактикалық ойындар мен ойыншықтар жасап, оларды балалармен жүргізген жұмыстарында ойдағыдай қолдануда. Ондай практика, әрине мақтауға тұрады және жинақтауды талап етеді. Алайда мүның бәрі кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың жүйесін жай алмайды .

Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар ғылыми психологиялық- педагогикалық негізде талдау жасалуы тиіс, олар біртұтас педагогикалық концепцияның бір бөлігін құрайтын болуға тиіс.

Дидактикалық ойын оқыту процесінде қандай орын алуға тиіс? Дидактикалық ойындар мен ойыншықтар қандай оқу міндеттерін шешуге байланысты пайдалануға тиіс? Қазіргі оқыту процесіне қандай дидактикалық ойыншықтар керек? Оларды қандай психологиялық-педагогикалық концепцияға сүйеніп жасаған жөн. Оқыту процесінде ойын балалар үшін өзінің тамаша тартымдылығынан айрылып қалмау үшін, ойыншық әдеттегі әдістемелік құрал- сайманға айналып кетпеу үшін, мұғалім дидактикалық ойындар мен ойыншықтарды пайдаланып, материалды балаларға қалай жеткізуі керек? Осы және басқа толып жатқан мәселелер бастауыш сыныптардағы дидактикалық ойындардың аса маңызды мәнін құрайды. Өндірістің мүмкіндіктері мен мүдделерін ғана емес, сонымен бірге бірінші кезекте балаларды дамытудың, олардың жеке басын қалыптастырудың мүдделері ескерілген, ғылыми жағынан негізделген дидактикалық ойыншықтардың жиынтықтарын шығаруды жолға қою керек.

Сонымен бірге оқу - тәрбие процесінде ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне , сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісі мен шеберлігіне байланысты. Мұғалім ойынды пайдалану әдістемесінде ойын түрлерін таңдап-талдауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет