4-5 I. Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері


ІІ. Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану



бет2/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#188170
1   2   3   4   5   6

ІІ. Бірінші сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиіс. Балалардың өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы немесе еркімен қатысуы аса маңызды.

Осы дидактикалық ойындарға байланысты балалардың математикадан дидактикалық ойындарды өткізу үшін 1-сыныптың математика оқулығына тоқталайық. Оқулыққа гңгізілген материалдар бірінші сыныпта математикадан оқытудың нақты мақсаттарына орай іріктелген. Сондықтан мұнда келтірілген материалдар мынадай тараулар бойынша топтастырылған .


  1. Қарапайым түсінтер.

  2. 10 көлеміндегі сандар.

  3. Кестелік қосу және азайту.

  4. Толық ондықтар. Жуз.

  5. Біз нені үйрендік ?.

Әрбір сабаққа лайықталған материалдар оқулықтың жекелеген беттерінде келтірілген және ол жүйелі тиянақтауға әрі қалыптастырылатын іскерлік пен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған, бұрын өтілген және жаңадан өтілетін мәселені, сондай-іқ ілгеріде қарастырылуы тиіс жаңа тақырыпты оқып үйренуге ілгері даярлықты қамтамасыз ететін материалды қамтиды, яғни әртекті материалдардан тұрады.

Демек, мұғалім сабаққа әзірлену барысында оқулықтың әрбір бетінде келтірілген материалдарға жан-жақты талдау жасайды да, кезекті сабақтың оқу- материалдарын және оны оқытып үйретудің әдіс-тәсілдерін іріктейді.

Осы тұрғыдан алғанда оқулық, мұғалімнің оқыту іс -әрекеттерін анықтайды. Оқулықтағы әр сабақтың материалына шамамен 10 минутқа ғана лайықталғандықтан басқадай жаттығулар мен тапсырмаларды және қосымша материалдарды мұғалім өзі сұрыптайды .

Жалпы алғанда математика сабағы шамамен бір-бірімен өзара байланысты әрқайсысы 10 минуттық үш негізгі бөліктен тұрады.

Әр сабақтың бірінші бөлігінде көрнекіліктің бір түрімен ойыншықтар, қалталы полотно, жеке дара санақ материалдары, оқулықтың қосымшасынан дайындалатын әркімнің өзіндік дидактикалық кеспе материалдары және тағы басқалар жұмыс ұйымдастырылады. Оның түрі мен мазмұнын әр сабақтың нақты мақсатына орай мұғалімнің өзі анықтайды. Ол жұмысты орындаудың үлгісін мұғалім көрсетеді, ал оқушылар дидактикалық кеспе материалды, ойыншықтар мен нақты заттарды пайдаланып, мұғалімге ілесе орындайды немесе олар сыныпта орындалатын коллективтік жұмысқа белсенді қарастырылады. Демек, сабақтың бұл бөлігінде көрнекілікке сүйеніп, шәкірттердің қандай да бір мағлүматты сапалы қабылдауы жүзеге асырылады. Содан кейін балаларды сергітетін және олардың шаршауын бәсеңдететін дене шынықтыру минуттары өткізіледі де, оқушының әрі қарай орындайтын іс-әрекетінің түрі алмастырылады.

Сабақтың екінші бөлігінде оқушылар мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі немесе нұсқауы бойынша оқулықтағы сәйкес суреттерді болмаса тапсырмаларды ауызша орындайды.

Сабақтың үшінші бөлігінде математика дәптерлерінде орындалатын дайын практикалық жұмысқа арналады. Ал дәптерлер оқулықты толықтыра түсуі де, әрбір сабақтың нақты мақсатына жетуге көмектеседі.

Сабақтың қай бөлігінде болсын қарастырылатын материалдар тек қана білімділік мақсаттың шешілуі үшін емес, сонымен бірге оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне қатысты да мәселелердің тиімді шешілуі бағытында пайдаланылады. Осыған орай байқау, бақылау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, оқушылардың математикалық тіл байлығын дамыту т.с.с. мәселелерге де ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ оларды тегіс белсенді іс-әрекетке тарту, әр жұмыс түріне сәйкес ойын элементтерін және қызықты жаттығуларды пайдалану, іс-әрекетті түрлендіре ұйымдастыру да ойластырылуы керек. Мұның бәрі оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізіне алынуы тиіс. Сондықтан да ойын көмегімен әртүрлі есептерді шығаруға болады. Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы, оған «баспалдақ» ойынын алуға болады. «Заттарды салыстыру» тақырыбына, яғни «үлкен», «тең», «кіші» қатыстарын қалыптастыруға және «10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу» тақырыбына, сандар қатарының жасалуына, сандар құрылымына және «10 көлеміндегі қосу және азайту» тақырыбында қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығаруға, ал «11-мен 20 сандарды» тақырыбына, натурал сандар қатарына, сандардың ондық құрамына, кесінділер ұзындықтарына, қосу және азайтуға берілген жай есептер шығаруға және оқушылардың білімді игеруін тексеруге берілген ойын түрлерін қарастырамыз. Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды. Мен өзім 1-сыныпты оқыту кезінде төмендегі тарауларда әртүрлі ойындар өткізіп тұрады.

Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға аса көп көңіл бөлген осы орайда 1 - сынып математика сабағында заттардың орындарын сан қатарымен белгілеу тақырыбын қалай өткізгенің баяндап кетсек .

Бұл сабақта заттардың орындарын дұрыс белгілеу және оларды дұрыс ажырата білуге , 1 - ден 5 - ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру көзделді. Сабақ ойын түріне және сұрақ-жауап әдісінен құрылды. Көрнекілікке түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстардың үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар қолданылды.

Сабақ барысы: Өтілген тақырыпты тақтаға жазып, оның негізгі мазмұның түсіндірдім. Оқушыларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.


  • Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?

  • Құстарды .

  • Кәне, бұл суреттен құстардың аттарың атаңдаршы.

  • Үйрек , тауық , қаз , қораз , күркетауық .

Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары жайлы түсініктеме бердім.

  • Балалар, мына суреттегі құстар нешеу?

  • Барлығы бесеу.

  • Қазір біздер «Орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Осы
    суреттегі құстардың орындарын енді санмен белгілейсіңдер.
    Ойын шарты бойынша құстардың орындарын сұрап, тиісті
    орындарын белгілеттім.

  • Үйрек нешінші орында ?

  • Бірінші.

  • Тауық ше?

  • Екінші.

  • Қораз ше?

  • Үшінші.

- Қазше?

- Төртінші.



  • Күркетауық ше?

  • Бесінші.

Оқушылар орындарды цифрмен белгіледі. Одан кейін қалташалардағы құстарды суретпен өздерінің орындарына орналастырдым. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізілді. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жүмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушы тақтаға шығып құстардың орындарын ауыстырып қояды. «Күн» дегенде оқушылар бастарын көтеріп, көздерін ашады. Оқушы тақтаға шығып өз орындарына дұрыс қояды. Қалған оқушылар құстардың орындарын дұрыс табылуын бақылап отырды.

Осындай тәсілдермен жүргізілген ойын сабақтың оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол .

Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік үштастыруға қолайлы . Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақ басында, не ортасында, не соңында қолдануы мүмкін.

Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдары баланың зердесіне үялату оңай нәрсе емес. Ал, оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң , ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігің жеңілдету үшін санамақ ойынын ойнату тиімді. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың тілін ұстартып , логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.

Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына , логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар . Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда : «Қай қолымда?» «Үш әділ», «Сөз мәнісін байқайық» т.б.

«Санамақ» ойыны алғашқы ондықты оқып үйрену кезеңінде
математиканың бастапқы негіздерін меңгеруіне толық мүмкінділік
береді де, келесі ондыққа көшуді оңайлатады. Оны, әсіресе ойына
сақтау қабілеті төмен балалар үшін қолданған жөн.
Мысалы : бір дегенім білеу —.

екі дегенім егеу

үш дегенім үскі

төрт дегенім төсек

бес дегенім бесік

алты дегенім асық

жеті дегенім желке

сегіз дегенім серке

тоғыз дегенім торқа

он дегенім оймақ

он бір қара жұмбақ

Бұл ойынның оқушыға әсерлігі, біріншіден, оның қарапайым, ұғымға жеңілдігі болса, екіншіден, ұйқасымды, ырғақты айтылуы, үшіншіден, білеу, үскі т.б. сөздер жай мағынасыз айтыла салған сөз тіркестері емес, санның негізін көрсететін қасиеттері бар заттар таңдап, іріктеліп алынған, сондықтан да балалардың ұғымына жақын, түсінікті.

Қорыта айтқанда ұлттық ойындар - ата бабамыздың бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінгі байланыстыратын баға жетпес байлығымыз , асыл қазынамыз . Енді әр бағдарламалық тақырыптар бойынша ойын түрлерін қарастырайық .


2.1. Қарапайым түсініктер.

«Қарапайым түсініктер» тақырыбына арналған дидактикалық ойындар .

Мұнда: заттарды санау, әр түрлі белгілеріне (түсі, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттардың ұзындықтарын салыстыру және кеңістікте орналасу қалпын анықтау; уақыт аралығы жайында түсінік беру; санау барысында «нешінші?» сұрағына жауап беру арқылы санның реттік сипаттамасын аңғарту.

Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу; геометриялық фигураларды танып-білу және ажырату жайында алғашқы мағлұматтар беру; ұзындықты өлшеудің мән -мағынасын ашу сияқты мәселелерді оқытып үйрету барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар өзіндік ерекшелігі бар арнайы топ құрайды.



Олардың қатарына : «Түс және пішін», «Қанша?», «Сәулетші», «Біз нешеуміз?» , «Таныс фигураларды ата» , «Жеміс жинау» , «Жылдам ойлан» , «Жалгасып man» , «Телефон» , «Дукен» , «Ойыншықтар» , «Байқагыш бала» , «Жыл он екі ай» , «Аяңта», «Қатесін man», «Сиқырлы сандар», «Тізбек» , «He байцадың?» , «Қателеспе!» , «Багдаршам» , «Сиңырлы қоржын» , «Ойнайық та, ойлайьщ» , «Ханым , дат» , «Эстафета» , «Багыт» , «Кім қай партада отыр?» , «Қай уаңыт, сагат нешеу?», «Жеті кун» , «Көңілді санамақтар» т.б. -ойындары бар .

«Жеміс жинау».

Дидактикалық мақсаты. Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету.

Қажетті құрал - жабдықтар. Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері.

Ойын мазмұны. Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға шақырылған оқушы жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке - алма, екінші себетке - алмұрт, үшінші себетке - әр түрлі жемістер теріледі. Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке оқушы санайды, кейін сынып оқушылары хормен салыстырады . Екі себеттегі әртүрлі жемістерді салыстырады .

Мысалы : «Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрттар нешеу?

Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылайша әрі қарай жалғастыр. Себеттегі алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт қалды? Алмұрттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұрттың пішіні неге ұқсайды, алма ше?» деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

«Поезд құрастыру».

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсініктер беру, орналасу қалыптарын салыстыру .

Қажетті құрал — жабдықтар. Вагон нөмірі жазылған карточкалар.

Ойын мазмұны. Бес оқушы тақтаға шақырылады. «Алдымен кім тұрады? Ол нешінші вагон? Содан кейін ше? Ең соңында ше? Ол нешінші вагон? Бірінші және екінші вагондардан кейін кім түр? Ол нешінші вагон? Үшінші және бесінші вагондар арасында кім тұр? Ол нешіншісі? Бесінші вагонды ағытайық. Сонда неше вагон қалды? Тағы да 5 оқушы шақырылып, олар да поезд құрастырады. Поездың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Қай поездың вагоны артық? Қай поезда вагондар кем? Тіркемелерді теңестіру үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қоя отырып, екі топты теңестіру және салыстыру әдістерін игереді. Осыған ұқсас цифрлар жазылған карточкалардан тіркемелер құрастыруға болады.

«Кім жылдам ?»

Дидактикалық мақсаты . Санауға үйрету. Уақыт жайында қарапайым түсініктер беру: «бұрын», «кейін», «әуелі», «алдымен», «сонан кейін».

Қажетті құрал - жабдықтар. Түрлі ойыншықтар, шаршы, матрешкалар, т.б. заттар.

Ойын мазмұны . Ойынды қолда бар заттар мен материалдарға орай түрліше ұйымдастыруға болады.

Мысалы : Өлшемдері әртүрлі сақиналар жиынтығы бар болса, пирамидалар құрастыруға болады. Мұны орындау белгілі бір ретпен артатындай, (кемітетіндей) нұсқада ең кішісінен бастаймыз да, ең үлкеніне дейін орналастырып шығамыз. Осыған керісінше болуы да мүмкін. Ал, пирамида құрастыру санаумен қарбалас орындалады.

Оқушыларға фигуралардан, мысалы шаршылар мен үшбұрыш т.б. «үй құрастыру» ойынын еске түсіріп, орындалу ретін көрсету. Әр түрлі ойыншықтарды тақта алдында санап орналастыра отырып, оларды қайсысы қайсысынан бұрын (кейін) орналасқаны, әуелі, алдымен, сонан кейін қайсысы тұрғандығы жайлы түсініктерін анықтап, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

«Нені қайда қою керек ?»

(Заттардың кеңістіктегі орны)

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Заттардың кеңістіктегі орны жайындағы түсініктер қалыптастыру.

Қажетті құрал - жабдықтар. Геометриялық фигуралар. Жылжымалы сөрелер.

Ойын мазмұны. Тақтаға бірнеше оқушы шақырылады. Мұғалімнің басшылығымен төмендегідей тапсырмалар орындалуы тиіс. Жоғарғы сөреге қызыл дөңгелекті, оның астына төменгі сөреге жасыл дөңгелекті; қызыл дөңгелектің оң жағына - көк шаршыны (квадрат), ал сол жағына - жасыл үшбұрышты, жасыл дөңгелектің оң жағына сары үшбұрыш, ал сол жағына жасыл шаршыны (квадрат) қой.

Әр сөреге неше зат қойдың? Олар жайында не айтар едің? Барлығы неше зат қойдың? - деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.



«Нені қайда қою керек ?»

(Салыстыруға)

Дидактикалық мақсаты. Санауға үйрету. Геометриялық фигураларды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру.

Қажетті құрал - жабдықтар . Түрлі геометриялық фигуралар. Магнитті тақта.

Ойын мазмұны. Тақтаға оқушы шақырылады. Түстері, өлшемдері, пішіндері әртүрлі геометриялық фигураларды магнит тақтаға немесе фланелографта орналастыруы керек .

Мысалы: көк дөңгелек қызыл дөңгелектің сол жағына, ал жасыл дөңгелек қызыл дөңгелектің оң жағына, бір үлкен дөңгелек екі кіші дөңгелектің арасында, қызыл дөңгелектен төмен кіші көк үшбұрыш және т.с.с. болсын .

Тапсырма орындалғаннан кейін , заттарды санайды, топтар құрады, әртүрлі белгілеріне қарай салыстырады .

«Көру диктанты».

Дидактикалық мақсаты . Оқушылардың көз зердесін , есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Қажетті құрал жабдықтар. Геометриялық фигуралар.

Ойын мазмұны. Мұғалім оқушылар зейінін өзіне аударып, геометриялық фигуралар туралы пысықтау жұмысын жүргізеді. Тақта алдына геометриялық фигуралардан сурет құрастырылады . Балаларға мұқият қарап, есте сақтауларына уақыт беріледі . Енді құрастырылған суретті жасырып , жауып қояды .

Енді оқушылардан не бейнеленгені, қандай фигураларды құрағандығы жөнінде сұралады . Осыдан кейін еске түсіре отырып, өздері қайтадан салады . Орналастыру кезінде сәйкес терминдер қолданылып , еске түсіріледі.

Тапсырманың дұрыстығы тексеріліп, алғыр бала марапатталады.

«Көршілерін ата».

Дидактикалық мақсаты. Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы түсініктерін тиянақтау.

Қажетті құрал - эюабдықтар. Әртүрлі заттық суреттер.

Ойын мазмұны. Тақтаға үш оқушы шақырылады, сыныпқа қарап тұрады. Олардың әрқайсысының оң жақтағы, ортадағы, яғни арасындағы тұрған оқушының есімдері анықталады. Енді бағытын өзгертіп, терезеге қарап тұрады да, алдындағы жұмыс орындалады. Олар орындарына отырады да, біреуінің оң жақтағы сол жақтағы, алдындағы, артындағы көршілері анықталады. Осыған ұқсас жұмысты заттың суреттерімен де орындауға болады

«He жасырдың?».

Дидактикалық мақсаты . Заттың белгілері (түрі , түсі , пішіні , өлшемі) туралы түсініктерді тиянақтау .

Қажетті құрал - жабдықтар . Геометриялық фигуралар , жылжымалы сөре.

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады . Мәселен : сөреге қызыл (үлкен) , сары (үлкен) , жасыл (кіші) , көк (кіші), дөңгелектер қатарынан қойылады . Қызыл үлкен дөңгелек , сары үлкен дөңгелектің сол жағында немесе оның алдында , ал кіші жасыл дөңгелек сары үлкен дөңгелектің оң жағында немесе оның артында , ал сары үлкен дөңгелек қызыл үлкен дөңгелек пен жасыл кіші дөңгелектің арасында орналасқанын балаларға аңғартқан жөн . Енді оқушылар көздерін жүмады , сол кезде мұғалім бір фигураны жасырады . Сол фигураның орнын , түр - түсін оқушылар анықтап және айтып береді . Әрі қарай оны өз орнына қойып , тағы басқа біреуін жасырып , ойынды жалғастыруға болады .

«Бағдаршам».

Дидактикалық мақсаты. Түстер туралы , жол қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру.

Қажетті құрал - жабдықтар . Әр түсті (қызыл , жасыл , сары) дөңгелектер немесе текшелер (кубиктер).

Ойын мазмұны . Ойын сергіту сәті кезінде жүргізілгені дұрыс. Мұғалім бағдаршам туралы әңгіме өткізіп , әр түстің атқаратын қызметін, орнын анықтайды . Оқушыларға текшелер не дөңгелектер «таратылып» беріледі.

Оқытушы «Тоқта» дегенде оқушылар сәйкес қызыл дөңгелектерді (текшені) , «Дайындал» дегенде «сары» дөңгелекті (текшені), «Жүр!» дегенде жасыл дөңгелекті (текшені) көрсетеді . Әрі қарай ойынды жалғастыра беруге болады .

Мұғалім «Жасыл» түсті көрсеткенде - оқушылар орындарынан тұрып жүрген қимыл көрсетеді . «Сары» түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды . «Қызыл» түсті көрсеткенде орындарына отыра қалады . Осы қимылды бірнеше рет қайталап , ойынды жалғастыруға болады .

«He байқадың ?»

Дидактикалық мақсаты . Заттарды санауға, түр-түсін анықтай, ажырата білуге дағдыландыру. Көз зердесін қалыптастыру.

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім ойынға түрлі - түсті қарындашты , фломастерді пайдаланады . Қарындаштарды көрсете отырып , олардың түрін -түсін анықтатады .


  • Мынау қандай қарындаш (фломастер) ?

  • Нешеу ?

Алынған қарындаштарды алдымен жеке оқушы санайды , кейін дұрыстап барлық оқушы хормен санап шығады . Бір сәт оқушылар көздерін жүмады . Мұғалім не өзгергенін сұрайды .

  • Қараңдар , не өзгерді ?

  • Қарындаштар бесеу , біреуі жоқ .

  • Қандай қарындаш жоқ ?

Осылайша біртіндеп қандай және неше қарындаштың жоқ екендігін анықтау арқылы ойын жалғасады .

«Жылдам ойлан !»

Дидактикалық мақсаты . Оқушылар есептеп шығару барысында жиі кездесетін қарсы мағыналы (антонимді) сөздермен таныстырып жаттықтыру : биік - аласа , жоғары - төмен , қалың - жүқа , ұзын -қысқа.

Қажетті құрал - жабдықтар . Сөздер жазылған карточкалар .

Ойын мазмұны . Ойынға барлық оқушылар қатысады . Ойынды сынып бөлмесінде , спорт залында , ашық алаңда өткізуге болады . Балалар қол ұстасып қатар құрады . Мұғалім :

- Қазір біз қақпадан өтеміз ! Егер мен қақпа «биік» десем , сендер осылай жүре бересіңдер , қақпа «аласа» десем , еңкейесіңдер .

Кімде - кім уақытында еңкеймесе , ойыннан шығады . Бұл ойынды бірнеше рет қайталауға болады . Мұғалім:


  • «Қыран жоғары көтерілді» десем, қолдарыңды жоғары
    көтеріп , құс қанатының қимылын жасайсыңдар .

  • «Ұшақ қонуға төмендеп келеді» десем, аяқтарыңды бүгіп,
    қолдарыңды жандарына созып отырасыңдар .

Мұғалім :

- Біз орманға келдік. Орманда ағаш түрлері көп екен. Егер мен


сендерге осы ағаштар ішіндегі ең «ұзыны» қарағай десем, үш
қадам алға қарай секіресіңдер .

Ал ең «қысқасы» шырша десем , орындарыңда екі рет секіресіңдер .

Бұл ойындарды осы тәртіппен бірнеше сабақ бойы балаларды

сергіту сәтінде қайталауға болады .

Ескерту : Бұл ойынды, сондай - ақ , дөңгелек жайында түсінік

беру кезінде де пайдалануға болады .



«Ханым, дат!»

Дидактикалық мақсаты . Санауға дағдыларын дамыту .

Қажетті құрал - жабдықтар . Асықтар .

Ойын мазмұны . Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады . Мұғалім әр қатардан бір оқушыдан тақтаға шақырып , асық береді. Оқушылар асықтарын иіріп тастайды . Кімнің асығы алшы болып түссе «хан» , тәйкі түссе - «уәзір» сайланады , ал шік түскен асық иелері айыпкер «ұры» саналады .

Енді «уәзір» , «ұрыны» қолынан ұстап «ханға» апарады . Ұры барғысы келмей қарсыласады . Ал , уәзір болса , ұрының жылқының иесін қүрметтемегеніне ашуланып «дат» деп ханға сөз салады.

Ол : «О менің зор мәртебелі ханым , мына күнәһарды сіздің жылқыларыңыздың ішінен бір сәйгүлігіңізді алып кетуге тырысқанда ұстап алдым , оған үлкен жаза қолдануға тұрады» дейді. Ашуланған «хан» ұрыға жаза береді.

Жаза түрлері әр түрлі болуы мүмкін (санау , санамақ оқыту , айтқызу , т.б. ) . Сан қүрамын атату . Жаза түріне берілетін тапсырманы келесі кезеңдерде түрлендіріп беруге болады . Ойын осылайша жалғаса береді.



«Багыт».

Дидактикалық мақсаты. Оқушылар кеңістік туралы түсініктерін қалыптастыру, бекіту.

Қажетті құрал - жабдықтар . Конверттерге салынған тапсырмалар.

Ойын мазмұны . Мұғалім бүгінгі сабақтың әр кезеңін жұмбақтап , конверттерге салып жасырып қояды . Енді осы кезеңдердің тапсырмаларын анықтау керек.

Тақтаға бір оқушы шақырылып , конверттің жатқан жерін табу үшін бағытты нұсқау беріледі.

Мысалы : Алға қарай үш адым атта , оңға бір қадам жүр . Солға бұрылып , шкафқа дейін жүр . Шкафтың жоғарғы сөресінің оң жағындағы бірінші қораптың астындағы конвертті алып оқы . Оның ішіедегі сабақтың , ойынның немесе басқа тапсырманың аты болуы мүмкін . Ойынды осылайша бағытты өзгерте отырып жалғастыруға болады .

«Ойлан, ңандай ойыншықтарды жасырдым ?»

Дидактикалық мақсаты . Логикалық ойлауға үйрету , заттарды алмастыру ұғымын қалыптастыру түрі , формасы , тұрған орнына қарап және заттарды салыстыру арқылы «үлкен» , «кіші» , «қанша болса сонша» , «тең» қатыстарын үғындыру , бнрілген мысалдарды өздігінше орындауға төселдіру.

Ойынның жабдығы . Үлкен және кіші суреттер немесе ойыншықтар , қуыршақ , машина т.б.

Ойын мазмұны . Мұғалім қалталы полотноға немесе бәріне көрінетіндей орынға ойыншықтарды қояды да , естеріңде сақтаңдар деп ескертеді. Мысалы екі үлкен және екі кішкене қуыршақ немесе әр түсті екі бірдей машина оқушыларға көздеріңді жүмыңдар деп , тез бір қуыршақты жасырып қояды. Көздеріңді ашыңдар , кәне , мен қандай ойыншықты жасырдым , айтыңдар ?

Балалар жасырылған ойыншықтың атын , түсін , үлкен немесе кіші екенін айту керек .

Ойынға дұрыс жасап берген бала келесі ойында ойыншықтарды жасырып , балаларға сұрақ береді . Келесі ойындарда ойыншықтармен бірге басқа да түрлі түсті суреттер , немесе ясидектер пайдалануға болады . Ойын соңында жауап берген балалар дәріптеледі.

«Ою - Өрнек құрастыру».

Дидактикалық мақсаты . Оқушыларға қарапайым сандарды үйрету , заттың түсіне , формасына және құрылысына қарай ажырата білуге үйрету.

Ойын жабдығы . 10 фигураның жиынтығы . Олар : 2 қызыл дөңгелек , 2 сары және 2 жасыл үшбұрыш , 2 қызыл және 2 көк квадрат.

Ойын мазмұны . Мұғалім бір оқушыға магнитті тақтаға өрнек құрастыруды , ал басқа оқушылар партаның үстіне құрастырады . Осы мақсатпен мынадай тапсырма беріледі : магниттік тақтаның ортасына 1 парта үстінде немесе 1 парақ қағаздың бетіне қызыл дөңгелекті орналастыру , дөңгелектің жоғарғы және төменгі жағына 2 сары үшбұрырышты , оң және сол жағына 2 жасыл үшбұрышты орналастыру . Енді осы өрнекке байланысты мұғалім оқушыларға басқаша өрнек құрастыруды үйғарады : дөңгелек ортасында , 2 қызыл квадратты жоғары және төменгі жағына , ал 2 көк квадратты оң және сол жағына орналастыру керек . Содан соң оқушылардан фигуралардың санын , түсін сұрайотырып , өрнектегі фигураларды санату керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет