Бақылау жұмыстары []
-
Вариант
4.1. Қаржылық есептеулерде пайыз (пайыздық ақша) дегеніміз:
а) қарыз сомасының жүзден бір бөлігі;
ә) несиені қолданғаны үшін төленетін ақша сомасының қарыз сомасына қатынасы;
б) ақшаны қарызға беруден түсетін пайданың абсолюттік шамасы;
в) несие төлемі сомасының қарызға қатынасы.
5.1. Күрделі пайыздар түсінігі:
а) 365 немесе 366 күннен тұратын, уақыт өлшемі базасы ретінде жыл алынатын, ал әр айдың ссуда күндер саны ретінде 30-ға тең деп алынатын пайыздарды есептеу варианты;
ә) аударылған пайыздар қарыз сомасына қосылып, ал алынған сома келесі пайыздарды аударуға база ретінде есептелінетін пайыз-дарды есептеу варианты;
б) пайыздарды капиталдандыратын пайыздарды есептеу варианты;
в) аударылған пайыздар қарыз сомасына қосылып, ал алынған сома келесі пайыздарды аударуға база ретінде есептелінбейтін пайыздарды есептеу варианты;
6.1. Төменде берілген операциялардың қайсысын “төлемдер” ағымына жатқызуға болады:
а) төлемдер мен түсімдердің тізбегінің қатары;
ә) төлемдер тізбегінің қатары;
б) түсімдер тізбегінің қатары;
в) қарыз келісімі бойынша пайыздарды қосу тізбегі.
7.1. «Рентаның қазіргі уақыттағы шамасы» деген термин нені білдіреді:
а) рентаның барлық мүшелерінің қосындысы;
ә) рента мерзімінің соңындағы тізбектелген барлық мүшелердің төлемдерінің сомасына пайыздардың есептеуі;
б) рентаның барлық мүшелерінің төлемдер ағымының бастапқы сәтінде немесе оның алдында дисконтталған сомасы;
в) рентаның барлық мүшелерінің төлемдер ағымының соңында немесе оның алдында дисконтталған сомасы.
8.1. Қарызды төлеу әдістерінің бірі несиені алу мезетінде қарыздың барлық сомасына пайыздардың есептелуін және олардың негізгі қарызға қосылуын көздейді, қарызды төлеу пайыздарымен жүреді:
а) несиенің барлық мерзімі ішінде тең шамада;
ә) уақыт өте келе азаятын төлемдермен;
б) уақыт өте келе көбейетін төлемдермен;
в) мерзімді төлемдермен.
9.1. Дисконт көрсеткішінің қазіргі кездегі пи ұлғаймалы таза мəнінің мағынасы:
а) төмендейді;
ə) өседі;
б) тұрақты болады;
в) тəуелділік жоқ.
-
Вариант
4.2. Пайыздық қойылым - бұл:
а) негізгі қарыз сомасының әрбір 100 теңгесіне есептелетін сома;
ә) бекітілген уақыт кескінінде есептелетін пайыздық ақша сомасының қарыз сомасына қатынасы;
б) ақшаны қарызға беруден түсетін пайданың абсолюттік шамасы;
в) ақшаны қарызға беруден түсетін пайданың салыстырмалы шамасы.
5.2. Күрделі пайыздар қойылымы бойынша өсіру формуласын көрсетіңіз:
а) S = Pn(1+ i) ;
ә) S = Pn (1+ i) ;
б) S = P(1+ i)n ;
в) S = P(1+ ni)n .
6.2. «Рентаның өсірілген сомасы» дегеніміз не:
а) төлемдер тізбегінің барлық мүшелерінің сомасы;
ә) барлық төлемдердің сомасы;
б) барлық түсімдердің сомасы;
в) рента мерзімінің аяғына таман пайыз қосылған төлемдер тізбегінің барлық мүшелерінің сомасы?
8.2. Қарызды тең сомалармен төлеу кезінде пайыздық төлемдер мен
мерзімді төлемдер:
а) уақыт ішінде көбейеді;
ә) пайыздық төлемдер көбейеді, мерзімді төлемдер уақыт өте келе азаяды;
б) уақыт ішінде азаяды;
в) пайыздық төлемдер азаяды, мерзімді төлемдер уақыт ішінде көбейеді.
9.2. Дисконт көрсеткішінің мынадай мəні табыстылықтың ішкі нормасы деп
аталады:
а) NPV теріс мəнді қабылдаса;
ə) NPV оң мəнді қабылдаса;
б) шығынның дисконтталған ағымдар сомасы пайда ағымының сомасына тең болғанда;
в) шығынның дисконтталған ағымдар сомасы пайда ағымының дисконтталған сомасына тең болғанда;
-
Вариант
4.3. Есептеу мерзімі дегеніміз:
а) бір жыл;
ә) несиені алғаннан несие толық өтелгенге дейінгі уақыт аралығы;
б) пайыздық қойылымға сәйкес келетін уақыт аралығы;
в) несиені алғаннан бастап бөлшектеп төлегенге дейінгі уақыт аралығы.
5.3. Күрделі пайыздар қойылымы бойынша математикалық дисконттау формуласын көрсетіңіз:
а) P = S (1 + i)−n ;
ә) P = S (1− n d) ;
б) P = S (1− ni)−1 ;
в) P = S (1− d)n .
6.3. Қаржылық рента:
а) барлық мүшелері оң шамалар болып келетін төлемдер ағымы;
ә) мезгілдік интервалдары тұрақты болып келетін төлемдер ағымы;
б) қарыз алушының қарызды жабу үшін тұрақты төлем жасауы;
в) барлық мүшелері оң шамалар, ал мезгілдік интервалдары тұрақты болып келетін төлемдер ағымы?
8.3. Қарыз тең мерзімді төлемдермен төленсе:
а) пайыздық төлемдердің сомасы азаяды, ал төленетін төлемдер уақытқа сәйкес өседі;
ә) пайыздық төлемдердің сомасы өседі, ал төленетін төлемдер уақытқа сәйкес азаяды;
б) пайыздық төлемдер сомасы және төленетін төлемдер уақытқа сәйкес өзгерісіз қалады;
в) пайыздық төлемдер сомасы және төленетін төлемдер уақытқа сәйкес азаяды.
9.3. Табыстылық индексі көрсетеді:
а) жобаның салыстырмалы табыстылығын;
ə) салым бірлігіне есептегендегі ақша түсімінің құнын;
б) ақша салымының дисконтау құнын;
в) жобаның абсолютті табыстылығын.
-
Вариант
4.4. Өсірілген ақша сомасы - бұл:
а) бастапқы қарыз сомасы мен оған мерзімнің аяғындағы есептелген пайыз сомасын қосқандағы шығатын жалпы ақша сомасы;
ә) несиені пайдаланғаны үшін есептелген ақша сомасы;
б) несие берушінің бір жылдағы табысы;
в) мерзімнің аяғына қарай дисконтталған бастапқы қарыз сомасы.
5.4. Күрделі тіркелім қойылымы бойынша банктік тіркелім формуласын көрсетіңіз:
а) n ;
сл P = S (1+ i )−
ә) (1 сл ) P = S − n d ;
б) = (1− )−1 ; сл P S n d
в) n .
сл P = S (1−d )
6.4. Постнумерандты рента дегеніміз:
а) белгілі бір көрсетілген мерзімнен кейін төлемдермен қалыптастырылатын рента;
ә) төлемдері әр кезеңнің аяғында түсетін рента;
б) төлемдері инфляцияның ескеру арқылы жөнделген рента;
в) төлемдері салық шамасына қарай дұрысталған рента.
8.4. Борышкер үшін қарызды бір уақытта төлеу тиімді, егер төлеу қоры құралы пайыз қойылымы бойынша орналасса:
а) қарыз алынған қойылымнан жоғары болмаса, яғни g > i ;
ә) қарыз алынған қойылымнан жоғары болса, яғни i > g ;
б) қарыз алынған қойылымға тең болса, яғни i = g ;
в) қарыз алынған қойылымнан тәуелсіз болса.
9.4. Өтелімділік мерзімі көрсеткішінің негізгі кемшілігін көрсетіңіз:
а) көрсеткішті сұранысы тұрақсыз өнімді шығару жобасын бағалау үшін қолдануға болмайды;
ə) көрсеткіш инвестицияның жұмыс істеуінің барлық кезеңін есептемейді;
б) нормативтік мерзімді таңдау субъективті болуы мүмкін;
в) көрсеткіш инвестицияның тəуекелдігін бағалайтын жай əдіс болып табылады.
-
Вариант
4.5. Жай пайыздар дегеніміз:
а) пайыздық қойылымды қарыз мерзімі біткенше бастапқы ақша сомасына ғана есептеу варианты;
ә) есептеу варианты, егер пайыздық қойылым алғашқы мерзімдегі пайыз есептелген ақша сомасына есептелсе;
б) есептеу варианты, егер пайыздық қойылым уақытқа байланысты дискретті өзгерсе;
в) есептеу варианты, егер пайыздық қойылым уақытқа байланысты үзіліссіз өзгерсе.
5.5. Өсірілген сомаға не болады, егер пайыздық қойылым бойынша күрделі пайыздар есептеу жиілігі өссе?
а) өскен соманың шамасы өзгермейді;
ә) өскен соманың шамасы өседі;
б) өскен соманың шамасы азаяды;
в) өскен соманың шамасы кіші көлемде өзгереді.
6.5. Жылына бір рет пайыз есептелген қарапайым жылдық рентаның өсірілу
коэффициентін көрсетіңіз:
7.5. Пайыз қойылымы өскен кезде келтірінді рента коэффициентінің мәні:
а) өзгермейді;
ә) төмендейді;
б) өседі;
в) белгісіз.
8.5. 100 млн. теңге 5 жыл ішінде тұрақты жылдық рентамен төленеді. Қарыздың қалдығына 20% жылдық пайыз есептеледі. Бұл жағдайда әр жылда төленетін төлемдер:
а) 38,268 млн теңге;
ә) 33,438 млн теңге;
б) 58,128 млн теңге;
в) 63,354 млн теңге.
9.5. Жоба үшін IRR көрсеткіштің нақты есептелуі:
а) ( , ) 1 2 r r интервал ұзындығына оң пропорционалды;
ə) ( , ) 1 2 r r интервал ұзындығына теріс пропорционалды;
б) интервал ұзындығына тəуелділік жоқ;
в) интервал ұзындығы максималды болған жағдайда жетеді.
-
Вариант
4.6. Жай пайыздар бойынша ақша сомасын өсіру формуласын көрсетіңіздер:
а) S = P(1+ n ⋅ i) ;
ә) S = P(1− n ⋅ d) ;
б) P = S(1− n ⋅ i)−1 ;
в) P = S(1− n ⋅ d)−1 .
5.6. Тиімді жылдық тіркелім қойылымының нәтижесі бірдей болады:
а) номиналды тіркелім қойылымымен жылына бір рет дисконттау;
ә) күрделі тіркелім қойылымымен жылына бірнеше рет дисконттау;
б) дисконттау кезеңінің санына бөлінген номиналды тіркелім қойылымымен жылына бірнеше рет дисконттау;
в) күрделі пайыздық қойылыммен өсіру.
6.6. Егер инвестиция аяқталғаннан кейін 2 жылдан соң 10 жыл бойы тұрақты
көлемде қайтарылым күтілсе, онда түсімдердің мұндай ағымы нені білдіреді:
а) кейінге қалдырылған, тұрақты, шектелген рентаны;
ә) сол уақытта орындалатын, тұрақты, шектелген рентаны;
б) айнымалы, кейінге қалдырылған және шектелген рентаны;
в) кейінге қалдырылған, тұрақты, мәңгілік рентаны.
7.6. Төлемдер ағымының ағымдағы құны деп:
а) оның барлық
ә) оның барлық мүшелерінің төлемдер ағымының бастапқы сәтінде дисконтталған сомасы;
б) кезең соңына жинақталған қарыздың жалпы сомасы;
в) инвестицияның жалпы көлемі.
9.6. 16950 долл. тұратын құрал-жабдықты сатып алу 10 жыл бойы əр жыл сайын 3000 долл. үнемдеуге мүмкіндік береді. Табыстылықтың ішкі нормасын анықтаңыз:
а) 12%;
ə) 15%;
б) 13%;
в) 11%.
-
Вариант
4.7. Жай пайыздық қойылым кездегі математикалық дисконттау формуласын көрсетіңіздер:
а) P = S(1+ n ⋅ i)−1 ;
ә) P = S(1− n ⋅ i) ;
б) S = P(1− d ⋅ n) ;
в) P = S(1− d ⋅ n) .
5.7. Есептеудің антисипативтік және декурсивтік тәсілдері арасындағы айырмашылық жоғалады:
а) жай пайыздарды есептегенде;
ә) күрделі пайыздарды есептегенде;
б) аралас сызба нұсқасы бойынша есептегенде;
в) үздіксіз пайыздарды есептегенде.
6.7. Пренумерандты рента дегеніміз:
а) белгілі бір көрсетілген мерзімнен кейін төлемдермен қалыптастырылатын рента;
ә) төлемдері әр кезеңнің басында түсетін рента;
б) төлемдері инфляцияның ескерілуімен жөнделген рента;
в) төлемдері салық шамасына қарай дұрысталған рента?
7.7. Салушы банкке баласы 5 жыл оқу мерзім ішінде әр жылдың аяғында 10000 тг алып тұруы үшін және оқу соңында барлық салымды жұмсауы үшін
белгілі бір соманы салу ниетінде. Жылдық қойылымы 12% күрделі пайыздар
есептелгенде салым сомасы құрайды:
а) 54125 теңге 58 тиын;
ә) 58459 теңге 76 тиын;
б) 36047 теңге 76 тиын;
в) 39127 теңге 68 тиын.
9.7. Баламалы инвестициялық жобаны бағалау кезінде критерийлерді таңдау
проблемасы орын алады. Негізгі себебі, ол:
а) NPV, PI жəне IRR – қатысты көрсеткіштер;
ə) NPV – абсолютті көрсеткіш, PI жəне IRR – қатысты көрсеткіштер;
б) NPV жəне PI – абсолютті көрсеткіштер, IRR – қатысты көрсеткіш;
в) NPV жəне IRR – абсолютті көрсеткіштер, PI – қатысты көрсеткіш.
Достарыңызбен бөлісу: |