№4 Двигательдердiң негiзгi түсiнiктемелерi мен анықтамалары Поршеннiң жоғарғы және төменгi өлi нүтелерi



бет1/4
Дата17.10.2023
өлшемі245.5 Kb.
#480907
  1   2   3   4
лекция 4Двигательдердiң негiзгi түсiнiктемелерi, анықтамалары

  • №4
  • Двигательдердiң негiзгi түсiнiктемелерi
  • мен анықтамалары
  • Поршеннiң жоғарғы және төменгi өлi нүтелерi
  • 2. Қысу көлемi
  • 3. Двигательдердiң жұмыс процессi
  • Поршеннiң жоғарғы және төменгi өлi нүтелерi (ЖӨН және ТӨН) цилиндр iшiмен жылжыған поршеннiң ең шеткi жағдайларын көрсетедi, яғни поршень жүрiп келiп керi қайту үшiн тоқтаған нүктелерiн оның өлi нүктелерi деп атаймыз. Сонда поршеннiң иiндi бiлiк осiнен ең көп алыстаған нүктесi жоғарғы (ЖӨН), ал ең жақын келген нүктесi төменгi (ТӨН) өлi нүтесi болады. Бұл нүктелерде поршеннiң жүрiс жылдамдығы нольге теңеседi, яғни ол тоқтайды да әрi қарай керi бағытта жылжып келесi өлi нүктеге жетедi. Осылайша оның жұмысы осы екi өлi нүктенiң арасында қайталана бередi.
  • Поршеннiң жүрiс жолы (S) оның жоғарғы мен төменгi өлi нүктелер аралығындағы жүрген жолының қашықтығын көрсетедi. Ол суретте S әрпiмен белгiленген. Бұл поршеннiң жүрiс жолы двигательдiң басқа да көптеген көрсеткiштерiне әсерiн тигiзедi, ал өзi иiндi бiлiктiң иiнiнiң ұзындығына, яғни иiндi бiлiктiң радиусына (r) тәуелдi. Олай болса оның шамасы S = 2 r . Сонда поршеннiң жүрiсi иiндi бiлiктiң жарты айналысына тең болады.
  • Цилиндр көлемi (V) поршеннiң жоғарғы және төменгi өлi нүктелерiнiң аралығында жүрiп өткен кездегi босатқан кеңiстiктiң көлемiн көрсетедi. Олай болса оның мөлшерi поршень ауданы мен жүрiсiнiң көбейтiндiсiмен анықталады, яғни
  • Vh = (D 2 /4 ) S,
  • Мұндағы D- поршень диаметрi. Егер двигатель бiрнеше цилиндрден тұратын болса, онда оның барлық цилиндрлерiнiң көлемiнiң қосындысын двигательдiң литражы деп есептейдi. Сонда:
  • V1h= Vh iц = (D 2 /4 ) S,iц,
  • – двигательдегi цилиндрлер саны. Дигательдiң литражы да оның негiзгi көрсеткiшiне жатады. Себебi двигательдердi осы жұмыс көлемiне байланысты түр-түрге бөледi және ол оның басқа эксплуатациялық көрсеткiштерiне тiкелей әсерiн тигiзедi.
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет