4. ƏЛемдік мұхит төсенішінің ЖƏне оның континенттік жағалауларының ҚҰрылымдық элементтері



Дата09.06.2016
өлшемі89.5 Kb.
#124640
4. ƏЛЕМДІК МҰХИТ ТӨСЕНІШІНІҢ ЖƏНЕ ОНЫҢ

КОНТИНЕНТТІК ЖАҒАЛАУЛАРЫНЫҢ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

4.1. Мұхит төсенішінің геологиялық жəне

геоморфологиялық ерекшеліктері

Əлемдік мұхиттар алабы өздерінің геологиялық жəне

геоморфологиялық ерекшеліктері тұрғысынан үлкен екі бөлікке

жіктеледі, олар – Орталық-мұхиттық жоталар жəне аймақтық

көтерілімдер жəне жоталармен күрделілене түскен абиссальдық

жазықтар. Соңғыларын кейде «мұхиттық үмтірт» немесе

«мұхит төсеніші» деп те атайды. Мұхит түптерінде тағы да екі

түрлі тектоникалық құрылым кеңінен етек алған, бірақ олар

ауқымды құрылымдар емес, жыртылыс құрылымдары.

Бұларды мұхиттық рифт жəне трансформдық жарылымдар

деп атайды.

Орталық-мұхиттық жоталар (ОМЖ)

жалпыпланеталық құрылым. Кейінірек «Орталық Атлант

жотасы» деген атауды иеленген, ұзынынан-ұзақ созыла

сағаланатын осындай жоталар Атлант мұхиты алабында бар

екендігі ХХ ғасырдың 30 жылдарында белгілі болған болатын.

Мұндай жоталар тек Атлант мұхитында ғана емес, барлық

мұхиттар түбінде де болатындығын ХХ ғасырдың 50 жылдары

М.Юинг жəне Б.Хейзен деген ғалымдар дəлелдеді. Бұл

жоталарды континенттер өңіріндегі кəдімгі таулы белдеулермен

салыстыруға болады, себебі олар бүкіл мұхиттар алабының нақ

орта тұсын қуалай созыла отырып, жалпы ұзындығы 80 мың км-

ден астам жететін жалпыпланеталық құрылым құрайды 3.16-

суретке қараңыз. Су астындағы мұндай таулар континенттердегі

тау жүйелерімен салыстырғанда аласалау болып келеді,

олардың мұхит төсенішінен есептегендегі орташа

салыстырмалы биіктігі 1000-3000 м аралығында өзгереді. ОМЖ-

ның ені жүздеген км-ден 2000-4000 км-ге дейінгі аралықта

өзгереді. Соңғы көрсеткіштер (мыңдаған км) негізінен Тынық

мұхит алабындағы жоталарға тəн, бұл мұхит түбіндегі жоталар

Геотектоника жəне геодинамика

109

енді болып келеді, олар «Шығыс Тынықмұхиттық

көтерілімдер» деген атауға ие.

ОМЖ-дың «орталық» деп аталу себебі олардың көп

жағдайда расынан да мұхит алабының нақ орта тұсын «тілгілей»

созылатындығында. Бұл əсіресе Атлант мұхитындағы жоталарға

тəн қасиет, яғни бұл мұхиттағы жоталар мұхитты жиектейтін

континенттердің жағалауларынан бірдей қашықтықта

сағаланады (жағалауларға параллель бағытта созылады) (3.18-

суретке қараңыз). Бұл жоталар жүйесі «Орталық Атлант

жотасы» деп аталады. Атлант мұхиты алабын «тілгілейтін»

ОМЖ-ның солтүстіктегі жалғасы Солтүстік Мұзды мұхит

алабында «Геккель жотасы» деген атауды иеленген жоталар

жүйесіне жалғасады. Орталық Атлант жотасы оңтүстік

жартышарда Үнді мұхитына тиесілі жоталарға ұласады. Үнді

мұхиты алабындағы жоталар жүйесінің екі тармағы бар,

олардың біріншісі «Араб-Үндістан жотасы», ал екіншісі

«Оңтүстік-Шығыс Үндімұхит жотасы» деп аталады. Араб-

Үндістан жотасы Африка мен Арабстанды бір-бірінен даралай

отырып, Аден бұғазы арқылы Қызыл теңіз алабына барып

сұғынады. Үнді мұхитындағы жоталар жүйесінің Оңтүстік-

Шығыс Үндімұхит тармағы аталған мұхит аумағының шығыс

жақ бөлігінде «Австралия-Антарктика жотасына» ұласады, ал

бұл жота, өз кезегінде Шығыс Тынықмұхиттық көтерілімдерге

барып жалғасады.

Шығыс Тынықмұхиттық көтерілімдер мұхит алабының

орта тұсына орналаспаған, яғни бұл жоталар жүйесі мұхиттың

шығыс жағалауларына (Америка континенттеріне) жақынырақ

орналасқан. Ол аз десеңіз, аталған жоталар жүйесі өзінің

солтүстік бөлігінде Калифорний бұғазы аймағында Солтүстік

Америка континентінің «астына қарай сұғынып кетеді».

ОМЖ-ның көлденең қимасында үш түрлі белдем

оқшауланады, олар: а) ОМЖ-ның нақ орта тұсын қуалай

созылатын өстік белдем; бұл белдем мұхиттық рифтіге сəйкес

келе отырып, терең-терең шатқалдармен сипатталады;

ə) айдарлы белдем рифтінің екі жақ қапталдарында орналасады,

бұл белем жербедердің мейлінше ойдымдылығымен

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

110

сипатталады; б) жота баурайларының белдемі айдарлы

белдемнен басталып абиссальдық жазықтарға дейінгі аралықты

алып жататын біршама енді белдем; бұл белдемнің бедері

абиссальдық жазыққа жақындаған сайын бірте-бірте аласара

береді.

ОМЖ-ның өстік белдемі немесе мұхиттық рифт аймағы

ОМЖ-ның созылу бағытын қуалай орналасқан, ол жылу

ағымының өте жоғары көрсеткіштерімен (4.1-сурет),

магматизмнің кеңінен етек алуымен жəне саязфокусты

жерсілкіністермен (гипоцентр тереңдігі 30 км-ден аспайды)

ерекшеленеді: Бұл аймақта базальт лавалары ұдайы мұхит

түбіне төгіліп жатады, бұл лавалар астеносфера заттарының

қысымның күрт азайып кетуі жағдайында балқуы салдарынан

туындайтын балқымалар қимасының беткі бөлігін құрайды.

Екінші сөзбен айтқанда, нақ осы мұхиттық рифт аймағында

астеносфера заттары есебінен жаңа мұхиттық литосфера

қалыптасады, бұл литосфераның төменгі ¾ бөлігі

ультрабазиттерден, беткі ¼ бөлігі габбро-базальттардан тұруы

тиістілігін Рингвуд деген ғалымның арнаулы зерттеулері

болжамдаған. Рифт аймағында геологиялық əдебиетте «қара

шылымшылар» жəне «ақшыл шылымшылар» деген атауды

иеленген (черные и белые курильщики) өте ұсақ тозаңды

сульфаттардың бұлттары дəйім аспандап жатады. Мұндай

бұлттар ыстық лаваның мұхит суымен əрекеттесуі нəтижесінде

туындайтын гидротермалармен байланысты туындайды.

Аталған гидротермалар алуан түрлі металдардың сульфидтерін,

сульфаттарын жəне оксидтерін түзеді, бұлардың шоғырларын

өнеркəсіптік тұрғыдан игеру мүмкіндігі туған жағдайда, олар

пайдалы түрбөлшектерге (компоненттерге) өте бай кенорын

рөлін атқарған болар еді. Өстік белдем ауқымында шөгінділер

болып жарымайды, яғни бұл өңірдің базальттары шөгінділермен

көмкеріліп үлгермеген. Мұхиттық рифт литосфералық

тақталардың дивергенттік шекарасы рөлін атқарады, яғни

рифт аймағы жаңа мұхиттық литосфераның жаңадан

қалыптасу аймағы ғана емес, осылайша қалыптасқан

литосфералардың бір-бірінен ажырау шекарасы болып

Геотектоника жəне геодинамика

111

табылады (3.15-суретке қараңыз). Сондықтан да бұл аймаққа

созылу кернеулері тəн, яғни бұл шекара жыртылу

деформацияларымен ерекшеленеді.

ОМЖ-ның айдарлы белдемі мұхиттық рифт аймағының

екі жақ қапталын жиектейді. Бұл белдем тік бағытталған терең

жарылымдармен тілгіленуі нəтижесінде бір-бірінен

оқшауланған көтерілімдер мен ойыстардың көлденең бағытта

бір-бірін алмастыру көрінісімен ерекшеленеді. Айдарлы белдем

ауқымында мұхит шөгінділерінің жұқа қабатшалары ұшыраса

бастайды, олардың геологиялық көнелігі 10 млн жылдан

аспайтындығы анықталған, яғни олардың көнелігі неоген

кезеңінің миоцен дəуірінен жастау.

4.1-сурет. Туамоту аралдары мен Перу жағалауларын жалғайтын түзу

сызық арқылы тұрғызылған мұхит түбі бедерінің көлденең қимасы;

Орталық-мұхиттық жоталар (ОМЖ) өңірі жылу ағымының жоғары

дəрежесімен сипатталады

ОМЖ баурайларының белдемі өзінің ендік көрсеткіші

жағынан ең ірі белдемдер. Бұл белдемнің ені жүздеген, тіпті

мыңдаған км-мен өлшенеді (соңғы көрсеткіштер Тынық мұхит

жоталарының баурайларына тəн). Баурай белдемдерінде

сейсмикалық белсенділік мүлдем байқалмайды. Бұл өңірде

мұхит шөгінділері біршама кең тараған жəне олардың

қалыңдығы абиссальдық жазыққа қарай жақындаған сайын

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

112

бірте-бірте арта береді. Бұл өңірдегі шөгінділер айдарлы белдем

шөгінділеріне қарағанда көнелеу, атап айтқанда мұнда палеоген

кезеңінің олигоцен дəуіріне тиесілі шөгінділер кең тарағандығы

анықталған.

ОМЖ ауқымындағы «жолақты магниттік

қалыпсыздықтар» деп аталатын арнаулы процесс нəтижелерін

зерттеу қорытындылары мұхит түбінің спредингі деп аталатын

процесс, яғни мұхит түбінің мұхиттық рифт аймағынан

континенттік жағалауларға қарай үнемі жылжып

отыратындығын анықтады. Спрединг жылдамдығы Атлант

мұхитында жылына 2–4 см шамасында болса, Тынық мұхит

түбінің бұл көрсеткіші 10–12 см-ге дейін жететіндігі

анықталған.

Мұхит түбінің абиссальдық жазықтары (бұлар «мұхит

төсеніші» немесе «мұхиттық үстірттер» деп те аталады)

өздерінің ауданы тұрғысынан алғанда мұхит алабындағы ең

ауқымды құрылым. Олар ОМЖ-ның етегінен басталып

континенттік баурайларға дейінгі аралықты алып жатыр. Бұл

құрылымның атауы айтып тұрғандай, ол біршама жазық

бедермен сипатталады. Жазық бетінің орналасу тереңдігі орта

есеппен 4-6 км аралығында. Абиссальдық жазықтардың қимасы

мұхиттық қыртыс қимасына сəйкес келеді, яғни бұл қимада

қышқыл жəне орташа құрамды магмалық таужыныстар (гранит-

риолиттер мен диорит-андезиттер) мүлдем дамымаған (азын-

аулақ мөлшерде плагиограниттер ғана ұшырасуы мүмкін), қима

түгелге дерлік базальт лаваларынан жəне оларды жаппай

көмкеріп жатқан тереңсулық мұхиттық шөгінді

таужыныстардан құралған. Шөгінділердің қалыңдығы

континент баурайларына жақындаған сайын қалыңдай түседі

жəне осы бағытта олардың геологиялық көнелігі де арта береді.

Мұхит түбінде юралық шөгінділерден көнелеу шөгінділер

ұшыраспайды. Юра шөгінділері Тынық мұхиттың жəне Атлант

мұхитының түптерінде континент баурайларына жапсарлас

өңірлердің қимасында анықталған.

Абиссальдық жазықтардың бет-бедері жалпы алғанда

біршама тегіс болып келетіндігі айтылды. Алайда бұл

Геотектоника жəне геодинамика

113

мəлімдеме аталған құрылым ауқымында ойдымдылық (кедірлі-

бұдырлылық) белгілері мүлдем болмайды деген сөз емес.

Əсіресе Тынық мұхитқа тиесілі мұхит төсеніші ауқымында ірілі-

ұсақты жоталар мен жекелеген суасты жанартауларының

конустары жиі ұшырасады. Аталған жанартаулардың кейбіреуі

мұхит алабындағы аралдарды қалыптастырса, екіншілерінің

беткі жазықтығы азын-аулақ дəрежеде су астына батып тұрады.

Мұндай құрылымдарды «гийоттар» деп атайды (жақын шет ел

геологиялық əдебиетінде олар «гайоттар» деп қате аталып жүр).

Аталған кедірлі-бұдырлылық негізінен Тынық мұхиттың

абиссальдық жазығына тəн екендігі айтылды, алайда мұндай

ойдымдылық өзге мұхит түптерінде де жоқ емес. Мəселен,

Атлант мұхиты мен Үнді мұхитының абиссальдық жазықтары

ауқымында да беті абразиямен шайылып кеткен суасты

жанартаулары (гийоттар) мен жас жанартаулар конусының

есебінен қалыптасқан аралдар ұшырасады.

Трансформдық жарылымдар – мұхит алабындағы ОМЖ-

ның созылу бағытына перпендикуляр бағытта мұхит алабын

түгелге жуық «тілгілеп өтетін» жыртылыс құрылымдары.

Трансформдық жарылымдар ОМЖ аймағын көлденең бағытта

тілгілей отырып, осы аймақты бірнеше сегменттерге даралайды.

Бұл жарылымдардың пландағы көрінісі континенттердегі

байырғы ығыспаларға ұқсайды, алайда олардың көрініс беру

табиғаты ығыспаларға мүлдем ұқсамайды, себебі аталған

табиғат спрединг процесіне толықтай тəуелді (4.2-сурет).

Аталған сегменттердің қалыптасуы трансформдық жарықтар

бойымен көлбеу (горизонталь) бағытталған тектоникалық

қозғалыстардың (спрединг процесінің) үнемі жүріп жатуының

нəтижесі. Сөз болып отырған жарылымдармен тілгіленген

ОМЖ планда іркіс-тіркіс жалғасқан созылым түрінде көрініс

береді, бұл көрініс байырғы «баспалдақтарды» еске салады

(3.15-суретке қараңыз). Аталған іркіс-тіркістілік трансформдық

жарылымдар бойымен литосфералық тақта сегменттерінің

жылжу процесі бірқалыпты өтпейтіндігінен, яғни сегменттердің

кезек-кезек жылжуынан туындайды. Жекелеген трансформдық

жарылым бойымен сегменттердің бір-бірінен ажырау

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

114

амплитудасы жүздеген км-ге жетеді. Трансформдық жарықтар

бойында кейде жанартау əрекеттерінің белгілері ұшырасады,

гидротермалар мен серпентинит протрузияларының сығымдала

көтерілу процестері де нақ осы жарылымдар бойына тəн

құбылыс.

Трансформдық жарылымдар геоморфологиялық тұрғыдан

алғанда биіктігі (тереңдігі) кейде 1 км-ге дейін жететін

кертпештерді еске салады. Кейде бұл жарылымдарды бойлай

созылған өте енсіз шатқалдар ұшырасады, бұл шатқалдардың

тереңдігі ОМЖ-ның айдарлы белдемі ауқымында 1,5 км-ге, ал

жота баурайларының белдемінде 0,5 км-ге жетеді. Жоғарыда

аталған кертпештер мұхиттық қыртыс қимасының

базальттардан тұратын беткі бөлігін тым-тəуір

«жалаңаштайды», мұның өзі осы базальттарды драгалауға жəне

олармен суасты аппараттары көмегімен көзбе-көз беттесуге

мүмкіндік береді. ОМЖ ауқымындағы трансформдық

жарылымдар «тірі құрылымдар» болып табылады, яғни бұл

жарылымдар бойымен литосфералық тақта сегменттерінің

көлбеу (горизонталь) бағытта жылжу процесі күні бүгінге дейін

жалғасуда.

4.2-сурет. Континенттердегі ығыспалар (а) мен Мұхит алабы түбіндегі

трансформалық жарылымдардың (ə) сырт көрінісі ұқсас-ақ, алайда

олардың көрініс беруіндегі айырмашылық спрединг процесінің

табиғатымен анықталады

Геотектоника жəне геодинамика

115

Көп жағдайда трансформдық жарылымдар абиссальдық

жазықтар аймағында да жалғасады, алайда бұл аймақтағы

жарылымдар көбінесе «өлі құрылымдар» санатына жатады.

Екінші сөзбен айтқанда, абиссальдық жазықтарды жарып өтетін

трансформдық жарылымдар көне геологиялық кезеңдер мен

дəуірлерде көрініс берген қозғалыс (жылжу) орындары болып

табылады, қазіргі таңда олар негізінен «дəнекерленіп қалған».

Кейде мұхит алаптарының ауқымында ірі континенттердің

шағын-шағын «сынықтыры» ұшырасады, бұларды

«микроконтиненттер» деп атайды. Бұл микроконтиненттердің

мұхитқа тиесілі тектоникалық құрылымдардан басты

айырмашылығы – олардың көлденең қимасында «гранитті

қабаттың» ұшырасатындығы, яғни олардың континенттік

қыртыспен сипатталатындығы. Микроконтиненттер көп

жағдайда аралдар құрайды, кейде олардың аралдарға жапсарлас

өңірі су астына батып жатуы да мүмкін. Аталған

микроконтиненттер ретінде Атлант мұхитындағы Роккол

үстіртін (Британ аралдарына жақын маңда), Исландияның

солтүстігінде орналасқан Ян-Майен құрылымын, Үнді

мұхитындағы Мадагаскар жəне Сейшель аралдарын, Тынық

мұхиттағы Лорд-Хау жəне Норфолк көтерілімдерін

(Австралияның __________шығысында) мен Жаңа Зеландия аралын атауға

болады.

Мұхиттардың геологиялық көнелігі (жаралу уақыты) сол

мұхиттар түбіндегі «жолақты магнитті қалыпсыздықтар

(аномалиялар)» деп аталатын құрылымдарды зерттеу

нəтижесінде жəне тереңсулық бұрғылау жұмыстарының

нəтижесінде жап-жақсы анықталған. Атлант мұхиты мен

Тынық мұхит ауқымындағы ең көне таужыныстардың

геологиялық көнелігі ортаңғы-соңғы юра дəуірлерінің бат-

келловей ғасырларына (170 млн жыл бұрын), Үнді

мұхитындағы бұл көрсеткіш соңғы юра дəуірінің оксфорд

ғасырына (158 млн жыл бұрын) сəйкес келеді. Солтүстік мұзды

мұхиттың геологиялық көнелігі алғашқы бор дəуіріне сəйкеседі

(120 млн жыл). Келтірілген көрсеткіштер 3.4-тарауша

ауқымында сөз болған «Вегенер болжамының» («Континенттер

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

116

дрейфі болжамының») негізінен шындыққа сəйкес екендігін

дəлелдейді.

Мұхит түбінен табылған таужыныстардың геологиялық

көнелігі юра кезеңінен көнелеу болмай шығуы бүкіл

мұхиттардың жарылу уақыты мезозой эрасының юра кезеңінде

басталған деп мəлімдеуге толығымен негіз бола алмайды. Бұл

көрсеткіш Атлант мұхиты мен Үнді мұхиты үшін шындыққа

сəйкес келуі ешбір дау туғызбайды, себебі бұл мұхиттар

континенттер дрейфі нəтижесінде бірте-бірте «ашылып келе

жатқан» құрылымдар. Тынық мұхит тұрғысынан алғанда оның

жаралу уақыты əлдеқайда ертерек басталуы əбден мүмкін,

себебі бұл мұхит бірте-бірте «жабылып келе жатқан» құрылым.

Бұл мұхит жағалауларында юралық түзілімдерден көнелеу

таужыныстардың болмауы олардың субдукция процесі

нəтижесінде континенттердің (Азия мен Американың) астына

қарай сұғынып «жоғалуының» нəтижесі болуы жоққа

шығарылмайды.

Мұхиттардың геологиялық көнелігі жайлы сөз еткенде

бүгінгі континенттердің ішкі өңірлерінде офиолитті формация

деп аталатын тек қана мұхит түбінде түзілуі тиіс геологиялық

формация блоктарының біршама жиі ұшырасатындығын жəне

бұл формациялардың геологиялық көнелігі рифейден соңғы

палеозойға дейінгі аралыққа сəйкес келетіндігін атап көрсеткен

жөн. Мұндай мəліметтер мұхиттық қыртыспен сипатталатын

тектоникалық құрылымдардың жер шарында кем дегенде

соңғы протерозойдың рифей кезеңінен бері болғандығын

дəлелдейді. Алайда рифей-палезойлық мұхиттар қазіргі

(мезозой-кайнозойлық) мұхиттармен салыстырғанда аймақтық

сипатты иелену мүмкіндігі, сөйтіп шағын мұхиттар

(микромұхиттар) континенттердің ішкі өңірінде «ашылып-

жабылу» мүмкіндігі біздің зерттеулеріміздің негізгі идеясы

болып табылады. Біз бұл қағидамызды «рифей-палеозойлық

шағын тақталардың аймақтық тектоникасы» тұрғысынан

дəлелдеуге тырыса отырып, бұл идеямызды «шектеулі

мобилизм принциптері» деп атадық. Бірақ бұл бөлек əңгіме.

Геотектоника жəне геодинамика

117

Мұхиттардың жаралу механизміне келер болсақ, соңғы

онжылдықтардағы зерттеу нəтижелері мұхиттық құрылымның

тек қана спрединг процесі нəтижесінде жаралатындығын

біржақты дəлелдеді. Жер бетінде жаңа мұхит пайда болуының

сұлбасы 4.3-суретте, ал бүкіл Жер шары бойынша жаңа мұхит

ашылып, ескі мұхит жабылуының принциптік сұлбасы 4.4-

суретте келтірілген. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей,

мұхиттық қыртыстың спрединг процесі нəтижесінде жаралу

механизмі соңғы протерозойдың рифей кезеңінен басталған

құбылыс болса керек. Архей мен төменгі-ортаңғы протерозой

құрылымдарында офиолитті формация блоктарының

ұшыраспауы (сирек ұшырасуы) бұл эраларда мұхиттық

құрылымдар болмағандығын мегзейді.

4.3-сурет. Жер планетасының бетінде континенттердің жыртылуы,

осылайша бөлшектенген континент бөліктерінің қарама-қарсы жаққа

жылжып кетуі (дрейф) нəтижесінде жаңа мұхиттық литосфера

қалыптасуының принциптік сұлбасы

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

118

4.4-сурет. Жылжымалы континенттік литосфералар мен мұхиттық

литосфералардың Жер шары бетінде өзара əрекеттесу сұлбасы

4.2. Мұхиттар мен континенттердің бір-бірімен жапсарласу

өңірінің геологиялық құрылымдары

Мұхиттар мен континенттердің бір-бірімен жапсарласу

өңірі екі түрлі тектоникалық құрылыммен сипатталады,

олардың біріншісі «салғырт континенттік жағалау», екіншісі

«белсенді континенттік жағалау» деп аталады.

Салғырт континенттік жағалауларды кейде «Атлант

типті жағалау» деп те атайды, себебі мұндай жағалаулар сол

Атлант мұхитының жағалауларына түгелге жуық, ал Үнді жəне

Солтүстік Мұзды мұхит жағалауларына жарым-жартылай тəн

(3.15-суретке қараңыз). Мұндай жағалаулар мезозой эрасының

бас шенінде Пангея суперматеригінің «быт-шыт боп жарылып»,

осылайша дараланған континенттердің жан-жаққа көлбеу

(горизонталь) бағытта жылжып кетуі, сөйтіп бір-бірінен

қашықтаған континенттердің арасында мұхиттық құрылымның

қалыптасуы нəтижесінде пайда болған. Екінші сөзбен айтқанда,

мұндай жағалаулар көне материктің көне кезеңдердегі

«жыртылу орны». Бұл жағалауларда тектоникалық жəне

Геотектоника жəне геодинамика

119

магмалық белсенділік байқалмайды. Мұхит алабының əртүрлі

шөгінді түзілімдермен көмкерілген бұл салғырт жағалаулары

таза континенттік қыртыспен сипатталады, алайда бұл өңірдің

континенттік қыртысы рифт деп аталатын жыртылу құрылымы

қалыптасар сəтте əбден жұқарған (4.5-сурет).

4.5-сурет. Солтүстік Америкадағы Солтүстік Каролина ауқымындағы

атланттық салғырт жағалау арқылы тұрғызылған кескін. К.Хатчисон

ж.б. бойынша (1981). Жоғарыда – дербес ауадағы гравитациялық

қалыпсыздықтар (Г) жəне магниттік қалыпсыздықтар (М)

(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами

геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).

Шартты белгілер: 1 – континенттік қыртыс; 2 – сол

континенттік қыртыс, алайда ол рифтілік сатыда жұқарған жəне

интрузияларды көптеп кіріктірген; 3 – мұхиттық қыртыс (екінші жəне

үшінші қабаттар); 4,5 – рифтіге дейінгі жəне рифтілік сатыдағы

(триас–юра) формациялар, солардың ішінде ас тұзы (5); 6–8 – рифтілік

сатыдан кейінгі формациялар (юра–квартер): қайраңдық формация (6),

карбонатты қалбыр формациясы немесе кедертасты формация (7),

мұхиттық формация (8).

Н. Сейітов_______, Т.Н. Жарқынбеков

120

Салғырт жағалауларда үш түрлі геоморфологиялық

элемент дараланады, олар «қайраң» (шельф), «континенттік

баурай» (континентальный склон) жəне «континенттік етек»

(континентальное подножье) деп аталады. Мұндай атаулар

континенттердің ішкі өңірінде орналасқан теңіз жағалауларына

да тəн екендігі белгілі, яғни мұхиттың салғырт континенттік

жағалаулары өздерінің геоморфологиялық ерекшеліктері

тұрғысынан алғанда ішкі теңіз жағалауларынан ұқсас болып

келеді.

Қайраң континенттің жағалаулық жазығының су астында

қалған жалғасы болып табылады. Ол жағалау сызығынан

мұхиттың ішкі өңіріне қарай бірте-бірте еңістене беретін бет-

бедермен сипатталады, алайда қайраң ауқымында мұхит түбінің

еңістену бұрышы бірнеше градустан аспайды. Қайраңның ені

мұхит алаптарының əртүрлі аймақтарында түрліше

көрсеткіштермен сипатталады, бұл көрсеткіш ондаған км-мен

шектелуі де, жүздеген км-ге жетуі де мүмкін. Қайраңның бет-

бедері негізінен аккумуляциялық жазық түрінде көрініс береді,

сирегірек абразиялық жазықтар да ұшырасады. Қайраң

ауқымындағы судың тереңдігі орта есеппен 100 м-ден аспайды,

кейде 350 м-ге дейін жетуі мүмкін. Беткі жазықтығы жағалау

сызығынан мұхиттың ішкі өңіріне қарай еңістене беретін

болғандықтан қайраң өңірінің ең терең тұстары оның

континенттік баураймен жапсарласу аймақтарына сəйкес

келетіндігі түсінікті.

Континенттік баурай біршама енсіз жолақ түрінде

көрініс береді. Ол атырау мен континенттік етектің

аралығына орналасқан. Континенттік баурайдың ені əдетте 200

км-ден аспайды. Оның беткі жазықтығы мұхиттың ішкі өңіріне

қарай еңістену бұрышы атырау ауқымындағы еңістік

көрсеткішімен салыстырғанда құламалау болып келеді, алайда

бұл көрсеткіш те оншалықты жоғары емес – орта есеппен 4°

шамасында болып келеді. Кейде континенттік баурай бетінің

еңістену көрсеткіші тіпті 35-40°-қа дейін жетуі мүмкін.

Континенттік баурай ауқымында мұхит суының тереңдік

көрсеткіші 100–200 м-ден 1500-3500 м-ге дейін жетуі мүмкін.

Геотектоника жəне геодинамика

121

Континенттік баурай өңірінің бет-бедері де біршама тегіс

жазықтық құрайды, алайда бұл белдемнің атыраумен жəне

континенттік етекпен жапсарласу сызығын белгілейтін

өңірлерде «күрт құлайтын» кертпештер жиі ұшырасады.

Мұндай кертпештер əсіресе континенттік баурай мен

атыраудың жапсарласу өңіріне мейлінше тəн. Баурайдың __________беті

алуан түрлі шөгінділермен көмкерілген, бұл шөгінділер

арасында сынықты (терригендік) таужыныстар да, карбонаттар

да ұшырасады.

Континенттік етек – салғырт континенттік

жағалаулардың ең енді бөлігі, оның ені жүздеген км-мен

өлшенуі мүмкін. Үнді мұхитындағы континенттік етек

белдемінің ені тіпті мыңдаған км-ге жетеді. Бұл белдем де

мұхиттың ішкі өңіріне қарай (абиссальдық жазыққа қарай)

бірте-бірте еңістенеді, тек соңғы құрылыммен жапсарласу

аймағында ғана горизонталь жазыққа айналады. Континенттік

етектің абиссальдық жазықпен жапсарласу аймағындағы

мұхит суының тереңдігі 5 км-ге жетуі мүмкін. Континенттік

етек қимасының беткі бөлігі шөгінді таужыныстардың біршама

қалың қабатымен көмкеріліп жатыр. Бұл қабаттың қалыңдығы

əдетте мыңдаған м-мен өлшенеді. Мəселен, Атлант мұхитының

Солтүстік Америка континентімен жапсарласу өңіріндегі

континенттік етек бетін көмкеретін шөгінді таужыныс қат-

қабатының қалыңдығы 15 км-ге жетеді. Аталған таужыныстар

құрамында континенттік морылу өнімдерінен құралған

сынықты (терригендік) шөгінді таужыныстар да, мұхит суынан

тұнбаға түскен шөгінділер де ұшырасады. Кейде континенттік

етек бетін көмкеретін таужыныстар бір-бірімен шептесіп кеткен

ысырынды конустар құрайды, мұндай конустар континенттің

құрлықтарынан бастау алған, атырау мен континенттік баурай

белдемдерін «тілгілей отырып», континенттік етек ауқымына

«келіп жеткен» суасты өзендерінің аңғарлары болып табылады.

Салғырт континенттік жағалаулардың жоғарыда

сипатталған жағалаулық белдемдері ауқымында жүргізілген

тереңсулық бұрғылау жəне сейсмологиялық кескіндеу

жұмыстары бұл белдемдер қимасы біршама жақсы жетілген

Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков

122

континенттік қыртыспен сипатталатындығын анықтаған.

Алайда мұндағы аталған қыртыс қимасының қалыңдығы 25-30

км-ден аспайды жəне ол алуан түрлі терең жарылымдармен,

сол сияқты негізді құрамды сығылмалармен (дайкалармен)

«тілгіленген». Терең жарылымдардың кеңінен етек алуы

салғырт континенттік жағалау белдемдерінің мұхит

шөгінділері көмкеріп жатқан іргетасында сан түрлі горстлар

мен грабендер қалыптасуына жағдай жасаған. Көне

грабендердің қимасы континент жағдайында түзілген негізінен

сынықты шөгінді таужыныстардан тұрады, аракідік толеитті

базальт жамылғылары да ұшырасады. Бұл келтірілген деректер

болашақ салғырт континенттік жағалаулар тұтас

континенттік литосфераның алғаш «жыртыла бастау»

сəтінде, яғни болашақ тектоникалық құрылымдар дамуының

рифтогендік сатысы жағдайында қалыптаса бастағандығын

дəлелдейді.

Қазіргі таңда салғырт континенттік жағалаулар

тектоникалық жəне магмалық салғырттықпен сипатталады, яғни

бұл аймақта қарқынды тектоникалық қозғалыстар да,

магматизм белгілері де ұшыраспайды.

Салғырт континенттік жағалаулардың қалыптасуы

осыдан шамамен 200 млн. жылдай бұрын басталғандығы

дəлелденіп отыр.

Белсенді континенттік жағалауларды кейде

«Тынықмұхиттық типті жағалау» деп те атайды, себебі мұндай

жағалаулар негізінен осы Тынық мұхит жағалауларына тəн.

Мұндай жағалаулар салғырт континенттік жағалаулармен

салыстырғанда мейлінше күрделі құрылысымен ерекшеленеді,

бұлардың даму барысы да өте күрделі процестермен

сипатталады. Бұл жағалаулардың ауқымында бірнеше

тектоникалық құрылымдар бойлас бағытта созыла отырып,

көлденең бағытта бір-бірін алмастырып отырады, олар –

тереңсулы науалар, аралды доғалар жəне шеткі теңіздер (3.3-,

3.15-, 3.20-, 3.21-суреттерге қараңыз).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет