4 Медициналық және ветеринарлық биотехнология



бет1/9
Дата02.01.2022
өлшемі61.7 Kb.
#453183
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
IV-тарау Мет Вет


IV-тарау

4 Медициналық және ветеринарлық биотехнология

4.1 Ветеринарлық медицинадағы биотехнологияның қолданылуы және міндеттері

Қазіргі кезде биотехнология қндірісі саласын құрамына мал азықтық қоспалар мен малды емдейтін дәрі-дәпмектер кіретін ветеринариялық өнімдерді әлемде 11,0 млрд. Доллардан артық көлемде өндіреді екен.

Ветеринарлық медицинаның алдында ауыл шаруашылық кешендері мен шаруа кешендері мен шаруа қожалықтары малдарында ең көп таралатын қауіпті аурулармен күресу үшін қажетті әдістер мен дәрі- дәрмектерді жасау және адам үшін қауіпсіз мал шаруашылық өнімдерін өндіру қамтамасыз ету міндеттері тұрады.

Осындай міндеттерді атқару дәстүрлі ветеринариялық әдістер арқылы жүргізілуімен қатар,осы мәселеде биотехнологияның соңы жаңалықтары да енгізілуде. Қоғамдық қатынастардың өзгеріп,дербес мемлекет тұрғындары арасындағы қарым -қатынастың жеделдей түсуіне байланысты, қазіргі кездері мал шаруашылығы саласында эпизоотиялық жағдайдың жақсаруы үшін ветеринариялық бақыылауды күшейту, мал мен адамдарға ортақ аурулардан ел тұрғындарын қорғау,сапалы мал шаруашылық өнімдерін қндіріп тұтыну нарығын қанықтыру сияқты мәселелер күн тәртібінде тұр.

Соңғы кездердегі клиникалық іс-тәжірибелер нәтижелері көптеген аурулардың этилоиясы мен патогенезінде шарттыпатогенді микрофлоралар қатысуы себепті антибиотиктермен емдеу тиімділігінің төмендеу жағдайлары көп кездесе бастағандығын көрсетеді.Бұның мысалы ретінде коккалық инфекциямен ауыру жағдайларының адам және жануарлардың басқа кеселдермен ауруларының барлығы қосқан кездерден де көп кездесуін келтіруге болады. Клиникалық тәжірибелерде қте күшті деп танылатын антибиотиктердің де қайсыбір микроағзаларға ісер ете алмау жағдайлары кездесуі себепті,мал дәрігерлері үшін этиологиясы инфекциялық болып табылатын емдеуі күрделі ауруларға арналған дәрі-дәрмектерді таңдап алу да қиынға соғуда.

Вакциналау-инфекциялық аурулармен күресудегі ең көп таралған әдіс. Малдарды түгелдей вакциндеу арқылы қазіргі кезде табиғи қой шешегі мүлдем жойылса, аусыл сияқты көптеген аурулардың таралуы шектелген. Сондықтан вуыл шаруашылық жануарларды ауруларына қарсы вакциналар жасап шығару мен оларды қолдану арқылы кеселдердің алдын алу мәселесі-экономикалық тұрғыдан үлкен маіызға ие . Қолданыстағы вакциналар ауру тудырғыштарын әлсірету не болмаса белсенділігін жоюдағы (инактивация) бұрыннан қалыптасқан не жаңадан ойластырылған технологиялар бойынша жасалынады.

Қазіргі кездегі биотехнологиялық әдістер вакциналардың көптеген түрлерін түрлерін жасауды көздесе,соның ішіндегі рекомбинантты вакциналар мен вакцина-антигендерін дайындау үлкен қызуғышылықты оятады. Екі вакцина түрлері де генді-инженерия әдістерін қолдану арқылы жасалады. Рекомбинантты вакцинала алу үшін көбінесе жақсы мәлім сиыр шешегін пайдаланады. Оның ДНҚ-на әр түрлі аурулардың қоздырғыштары;тұмау вирусы гемоглютаминін;герпес вирусының гликопертеин D; сары ауру (гепатит) вирусының беткі антигені;малярия плазмодия антигенін коделейтін гендері орнықтырады. Генді- инженерлік әдіс арқылы дайындалған вакциналардың басты артықшылықтары қатарына шешек -вакцина вирусы ДНҚ- на бекітілген әр түрлі патогендер ДНҚ-сы негізінде көп ісерлі,яғни поливалентті дәрмектердің алыну мүмкіндігін айтуға болады. Соның арқасындап белгілі бір аймақта көп таралатын қауіпті инфекцияларға қарсы бір мезетте кешенді иммунизациялау мүмкіндігі пайда болады.



Вакциналар-ауру қоздырғыштар (патогендер) гендерін арнайы тірі ағзаларда (E.Coliбактериясы,ашытқыларда, жәндіктер мен сүтқоректілер жасушаларында) клондау нәтижесінде алынатын антигендер.

Қазіргі кезде сары аурудың (сарысулық ) HBS-вирусының беткі антигенінің гені ,аусыл вирусы ақуыз қабығының VPI-гені клондалған . Табиғатта аусыл вирусы көптеген сиротип түрінде кездеседі. Сондықтан, ақуыздық инженерия әдісі арқылы осындай әртүрлі сироиптердің иммундық құрамдарын (компоненттерін) бір вакцина-антигенге жинақтау мүмкін болды.

Осы мақсатқа жету үшін келесі бағыттарда ізденіс жұмыстары жүргізілуде:

  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет