4 тілдік дағдыда indd


Дайындық Тақтаға шеңбер, шаршы және үшбұрыш сызыңыз. Геометриялық  фигуралар жанына атауларын жазыңыз.  Жүргізілу барысы



Pdf көрінісі
бет43/58
Дата15.02.2024
өлшемі2.59 Mb.
#491884
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
Дайындық
Тақтаға шеңбер, шаршы және үшбұрыш сызыңыз. Геометриялық 
фигуралар жанына атауларын жазыңыз. 
Жүргізілу барысы
1. Оқушыларды орындарынан тұруларын сұрап, оларға 26-кестедегі нұсқаулардың 
бірін беріңіз. Мысалы: Ауаға қолыңмен үлкен шеңбер сыз. Тапсырма мақсаты 
оқушыларға қимыл жаттығуларын орындата отырып, оларды сергіту және дене 
мүшелері атауларын қайталау. 
2. Олар жаттығу мақсатын түсінгенде, өзгелерге нұсқаулар беру үшін оқушылардың 
бірін сынып алдына шақырыңыз. Оқушы сыныпқа жаттығу орындатады, мысалы: 
Оң аяғыңмен кішкентай шаршы сыз.
3. Жаттығуларды орындатқан оқушы келесі оқушыны таңдайды.
26
-кесте. Фигураларды ауаға сызу
Оң қолыңмен
Сол қолыңмен
Кішкентай саусағыңмен
Бас бармағыңмен
Басыңмен
Мұрныңмен
Көздеріңмен
Құлағыңмен
Сол аяғыңмен
Оң аяғыңмен
Үлкен бармағыңмен
Тізеңмен 
Үлкен/кішкентай ...... 
сыз 
Шеңбер
Шаршы
Үшбұрыш
Қосымша
• Бұл тапсырманы түрлендірудің өзге бір жолы дене мүшелерін қолдана отырып
оқушыларға өз есімдерін ауаға жаздырту. 


39
6.3 Тазалық гигиенасы
Тілдік деңгейі 
*
Тілдік мақсат
Дене мүшелері, жеке бас тазалығы
Дағды 
Айту: ырғақ, екпін
Ойлау әрекеті
Құрастыру
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауды үйрету 
Қарым
-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы
Жүргізілу барысы
1. Оқушылардан мектепке таза болып келу үшін таңертең не істеу керектігін 
сұраңыз. Олар іс-әрекеттерді айтқан кезде негізгілеріне баса назар аударыңыз. 
Мысалы, денені таза ұстау, жуыну, тісті тазалап тұру, т.б. 
2. 27-кестедегі тақпақтарды пайдалана отырып, белгілі бір әуенмен орындатуға 
болады немесе әнді оқушылардың өздері таңдайды. Бұл тапсырмадағы мақсат 
оқушылардың назарын гигиена тақырыбындағы сөздерге аудару (3-баған). 
3. Оқушылар тақпақтағы кеңесті әндете отырып, қимылмен көрсете алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет