40
6.4 Тазалықты сақтау
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Тазалық тақырыбындағы сөздер
Дағды
Нұсқаулардың ретін тыңдау
Ойлау әрекеті
Еске сақтау
Оқыту әдісі
Тиянақтылықты ынталандыру – қателерді түзету
Қарым
-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы
Жүргізілу барысы
1. Оқушыларды орындарынан тұрғызасыз. 28-кестедегі бір нұсқауды оқып, оны
оқушылардың қимылмен көрсетулерін сұраңыз, мысалы:
Бетіңді жу.
2. Келесі жолы екі нұсқауды бірінен соң бірі оқыңыз. Оқушылар екі нұсқауды
тыңдайды да, қимылмен көрсетеді, мысалы:
Шашыңды тара және тісіңді тазала.
3. Әрдайым нұсқауларды тізімге бір-бірден қосып отырыңыз. Оқушылар біртіндеп
өскен тізімді толықтай тыңдайды.
Сіз оқуды тоқтатқан соң, өздіктерінен барлық
қимылды рет-ретімен көрсетеді. Оқушы тізімді есіне сақтай алмаса отырады.
Нұсқауды толық есіне сақтап қимылдарды ретімен орындаған бала жеңімпаз
атанады.
28
-кесте. Тазалықты сақтау
Бетіңді жу
Ыдысыңды жу
Шашыңды тара
Киімдеріңді жу
Тісіңді тазала
Киімдеріңді үтікте
Аяқ киіміңді тазала
Шұлықтарыңды жу
Шашыңды жу
Қолыңды жу
6.4 Аяқ іздері
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Аяқ сөзімен тіркесетін етістіктер
Дағды
Сөздік жұмысы
Ойлау әрекеті
Таңдау және зерттеу
Оқыту әдісі
Шығармашылықты ынталандыру – қателерді қабылдау
Қарым
-қатынас түрі
Шағын топтық жұмыс
Дайындық
Топтарға ақ парақтар, маркерлер, сөздіктер қажет болады.
Жүргізілу барысы
1. Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз. Әр топқа маркерлер, ақ
парақтар таратылады.
2. Әр топ қағаз бетіне аяқ ізінің суретін салады. Топ оқушылар аяқ
ізін иллюстрация ретінде қолдана отырып, айналасына сөздер
жазады.
3. Екі топ аяққа қатысты етістіктерді жазса,
екі топ аяққа киетін
заттардың атауларын жазады. Қажетіне қарай сөздіктерді де
қолдана алады. 29-кесте үлгі ретінде ұсынылған.
4. Әр топ жасаған жұмыстарын бір-біріне таныстырады, толықтырады.