4 тілдік дағдыда indd



Pdf көрінісі
бет48/58
Дата15.02.2024
өлшемі2.59 Mb.
#491884
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
7. Көңіл-күй 
7.1 Біздің көңіл-күйіміз
Тілдік деңгейі 
*
Тілдік мақсат
Көңіл сөзімен байланысты тіркестер
Дағды 
Айтылым, жазылым
Ойлау әрекеті
Мысалдар келтіру
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдау
Қарым
-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай топтық жұмыс
Дайындық
Көңіл сөзіне байланысты тіркестер тізімі 
Жүргізілу барысы 
1. Оқушылар көңілсіз, көңілді сияқты қарапайым сөздермен таныс болғандықтан, 
оларға бұл сөздердің өзге де қолданысын беруге болады. 
2. Сынып оқушылары алты-алтыдан бірнеше топқа не жұпқа бөлу қажет. 
3. Оқушыларға кестеде ұсынылған «көңіл» сөзіне байланысты тіркестер таратылады. 
Оқушылар сөздікті қолдана отырып бұл сөздің мағынасын табады, мысалдар 
келтіреді. 
4. Оқушылар сыныпқа өздеріне бөлінген сөздерді таныстырады, мысалдар келтіреді. 
5. Оқушылар осы ұғымдарға байланысты өздерінің ойларымен, өмірден алған 
мысалдарымен бөліседі. 


44
6. Жұпта осы сөздерге байланысты сұрақтар дайындап (кестедегідей), сауалнама 
жүргізеді.
33
-кесте. 
Тіркестер 
Сұрақ құрастыру
Сөйлем үлгілері
Көңілі қалу
Көңілі көтерілу 
Көңілін аулау
Көңіл бөлу
Көңілі шалқу
Біреуден көңілің қалған кез 
болды ма?
Ән салғанда көңілің көтеріле ме?
Ренжіген адамның көңілін қалай 
аулайсың?
Достарыңа көңіл бөліп жүрсің 
бе?
Көңілі шалқып қуанған адамды 
көрдің бе?
Досымнан көңілім қалды, уәдесіне тұрмайды.
Би билеген кезде көңілім көтеріледі. 
Біреу ренжіп жүрсе қызықты әңгіме айтып 
көңілін аулауға тырысамын.
Достарыма хабарласып тұрамын, сөйтіп үнемі 
көңіл бөліп тұрамын.
Ағам оқуға түскен кезде, көңілі шалқып 
қуанған.
Қосымша
• Оқушыларға «көңіл» сөзіне байланысты өзге де іздену жұмыстарын 
беруге болады. Мысалы, көңіл кірі, көңіл кешу, көңіл жүгі, көңіл ашу, 
көңіл көзі, көңіл рахаты, көңіл жұмбағы, көңілді тыю, көңілсіз құлақ, 
қара көңіл, ақ көңіл, қам көңіл, тоқ көңіл, жай көңіл, суынған көңіл, 
құс көңіл, қайғылы көңіл, есер көңіл, мазасыз көңіл, талапты көңіл, 
жаралы көңіл, т.б.сөздері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет