4 тілдік дағдыда indd


жазылым және процесті жазылым



Pdf көрінісі
бет10/62
Дата24.01.2024
өлшемі2.7 Mb.
#489683
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
1670569056244 (1)

жазылым және процесті жазылым.
 
Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым 
деп атаймыз. Яғни оқушыларды жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен 
жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым мәтіні, оның мазмұны, лексикасы, стилі және 
құрлымымен таныстырып, талдау жасату керек. Сонымен қатар үлгілер оқушыға қалай 
жазуы керек туралы идеяны да береді.
Ал егер де мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс 
жасауды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. Толығырақ айтқанда, 
оқушыларға тақырыпты талқылаудан бастап, жазылымды жоспарлау, алғашқы нұсқасын


10
жаздырту, түзету, тексеруге, соңғы нұсқасына дейін орындата отырып, белгілі бір мәтінді 
құрастырту. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерін кез келген уақытта жаза 
білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және 
ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті 
сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның 
ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалайды, яғни өз жұмысының 
артықшылығы мен осал тұстары туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Абзацты жазуға негізделген сабақ үлгісі
1. 
Оқушыларға төмендегі мәтін ұсынылады.
 
Сүт — адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі. Құрамындағы кальций 
сүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді. Магний, калий, фосфор және натрий 
мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының 
ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша безінің жұмысын жақсартып, 
иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі болып 
саналады. Себебі ол белоктар бай және аппетитті болдырмайтын қасиетке ие. Қорыта 
келе, сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір қажетті тағам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет