4580 болып тіркелді Екібастұз қаласы әкімдігінің



Дата11.07.2016
өлшемі139.91 Kb.
#192000


Екібастұз қаласы әкімдігіні 2015 жылғы 5 маусымдағы № 639/6 қаулысы

Павлодар облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 шілдедегі

4580 болып тіркелді




«Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары

бөлімі» мемлекеттік мекемесі

туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.



2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.



4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Екібастұз қаласының

әкімі А. Вербняк






Екібастұз қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «5» маусымдағы

№ 639/6 қаулысымен

бекітілген




«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын реттеу саласындағы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141206, Екібастұз қаласы, Строительная көшесі 70А.

10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата города Экибастуза».

11. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс. 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасында сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

12. Мемлекет Екібастұз қаласының әкімдігі тұлғасында «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

13. Осы Ереже «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

14. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

15. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


16. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және Екібастұз қаласында өз құзыреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

17. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

18. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні қалалық деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру болып табылады.

19. Міндеттері:

1) қаланың мемлекеттік тұрғын үй қорын және коммуникациясын сақтау;

2) заңнамаға сәйкес мемлекеттік тұрғын үйлердегі инженерлік коммуникациялардың қалыпты жағдайын және оларды пайдалануға, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету;

3) инженерлік инфрақұрылым мен коммуналдық тұрғын үй қорының объектілерін жөндеу;

4) қалаға қазіргі заманғы келбет беру, көгалдандыру және абаттандыру;

5) жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

6) автомобиль жолдарының жай-күйін сақтау, қолдау және жақсарту;

20. Функциялары:

1) заңнамаға сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру саласында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;

2) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қарастыруға қатысу;

3) мемлекеттік тұрғын үй қорын және коммуналдық меншіктегі қаланың инженерлік коммуникациясын сақтауды ұйымдастыру, оларды ұстауды (қолдануды, пайдалануды) бақылау;

4) жерлеу және туысы жоқтарды жерлеу орындарын ұстау;

5) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

6) қаланы абаттандыру және көгалдандыру;

7) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

8) автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

9) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау, тазалау, дренажды жүйелерді, кәріз, жылу және электр желілерінің объектілерін жөндеу;

10) қаладағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру;

11) конкурстарды жеңіп алған мердігер ұйымдармен жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау, орындалған жұмыстарды қабылдау;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте қалалық қоғамдық көлікте жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру, реттеу және оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;

13) тұрғын үй-коммуналдық және өндірістік саланы дамыту және реформалау жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында түсіндірме және ақпараттық жұмыстар жүргізу;

14) Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстарын ұйымдастыру;

15) заңнамаға сәйкес азаматтардың жекеленген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

16) мемлекеттік тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша берешекті сот тәртібінде өндіріп алу шараларын қолдану;

17) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруде мұқтаждар есебінің жеке тізімдерін жүргізу;

18) Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын тіркеу бойынша жұмыс жүргізу;

19) жергілікті атқарушы органның қарамағындағы тұрғын үйлерге өз еркімен қоныстанған тұлғаларды шығаруды ұйымдастыру;

20) қала әкімімен берілген сенімхат негізінде мемлекеттік тұрғын үйді сатып алу, иеліктен шығару (жекешелендіру) бойынша мәмілелер жасау;

21) ведомствоға қарасты заңды тұлғаларды басқаруға қатысты актілерді дайындау, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

22) ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен мемлекеттік қатысы бар ұйымдардың даму жоспарларын қарастыру, келісу, бекіту, олардың орындалуы жөніндегі есептерді бақылау және сараптама жүргізу;

23) ведомствоға қарасты ұйымдардың мүлкін пайдалануды және сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

24) ведомствоға қарасты ұйымдардың мүлкін қайтарып алу және қайта бөлуде коммуналдық меншікті басқару бойынша уәкілетті органға келісім беру;

25) мемлекеттік қатысу үлесі оған иелікке немесе пайдалануға берілген, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бақылау кеңесі құрамына ұсыныс енгізеді немесе өзінің өкілін тағайындайды;

26) оның басқаруында тұрған мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғалардың мәліметтерін, соның ішінде атаулы тізбесін, мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін мәлімет дайындау;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қымет көрсету;

28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

21. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға қажетті мәліметтерді, ақпараттарды, анықтамаларды, құжаттар мен хабарландыруларды кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден (келісім бойынша) сұратуға және алуға;

2) «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциясына қатысты істер бойынша талап ету арыздарын ұсыну және сотта дербес және өкіл арқылы талапкер, жауапкер немесе куәгер ретінде шығу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу;

5) өз міндеттемелері бойынша жауап беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері негізінде жауапты болу;

6) мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түсетін ұсыныстар мен өтініштерді қарау және оларға қатысты шешім қабылдау;

7) әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастыру;

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

23. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Екібастұз қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

24. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары-сектор меңгерушілері болады.

25. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарларының - сектор меңгерушілерінің, сектор меңгерушілерінің және басқа да қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады;

3) «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыру бойынша дербес жауап береді;

4) белгіленген заңнама тәртібінде қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

5) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

6) «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады, шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауап береді;


7) «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің секторларлы - құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

8) сенімхатсыз мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сонымен қатар сотта «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан шығады.

9) «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелермен азаматтарды қабылдайды, тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарастырады және оларға қатысты шешімдер қабылдайды;

10) үй-жай (пәтер) иелерінің жиналыстарында кондоминиумды басқарудың барлық түрлерін құруда тәжірибелік көмек көрсетуге және қатысуға құқылы;

11) «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекемесімен төлем өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдармен бірлесіп тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлкеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

26. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

27. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

28. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.


4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің мүлкі


29. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

30. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
32. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың тізбесі
1) Екібастұз қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2) Екібастұз қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Полигон»

шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

3) Екібастұз қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Екібастұзкоммунсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет