Сабақтың мақсаттары
|
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ФРГ әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін талдау
|
Бағалау критерийлері
|
«Әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктерін анықтайды
Әлемнің жетекші елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін талдайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар не істеу біледі: әлеуметтік-нарықтық шаруашылық ерекшеліктерін анықтау үшін топтарда жұмыс істеу
Пәндік лексика және терминология:
Германия экономикалық кереметі, әлеуметтік-нарықтық шаруашылық
Диалог құруға/ жазуға арналған пайдалы сөздер:
"Германия экономикалық кереметінің" сәулетшісі ………..
Әлеуметтік-нарықтық шаруашылық дегеніміз…………
Әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың кемшіліктеріне қарағанда, артықшылықтары көбірек/ азырақ, өйткені ....................
|
Құндылықтарды меңгерту
|
Адам бостандықтары мен тұлғасын құрметтеу. Толеранттық пен ынтымақтастыққа баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Экономика пәнімен
|
Сабақтың концептісі
|
дәлелдемесі
|
АКТ пайдалану
дағдылары
|
Ақпарат іздеу мен іріктеуге байланысты өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту, фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстарды салыстыру және анықтау
|
|