5-сынып Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы Тараз – 2020



бет37/38
Дата11.10.2023
өлшемі0.65 Mb.
#480483
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
5 әдебиет

Жалпы балл



20




Қорытынды

Қазіргі заман мұғалімі жаңартылған білім беру мазмұнының тенденцияларын жүзеге асыруда білім алушының бойында конструктивтік, креативтілік, коммуникациялық, мәдениеттанымдық құзіреттіліктерінің жетілуіне үлкен мән береді. Оқушылардың қазақ әдебиеті туындыларын заманауи тұрғыда салыстыру, талдау, ұлттық құндылықтарға баға беру, жағдаяттарға сыни тұрғысынан талдау жасау сияқты біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру, интеграциялауға негізделген пәндік бағдарламаның мақсаттарын негізге ала отырып, құрастырылған «Қазақ әдебиеті» пәнінен 5-сынып білім алушыларына арналған «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» жиынтық бағалау үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге арналған көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр. Жинақ тапсырмалары мемлекеттік білім беру стандарты мен Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА 2019-2020 оқу жылына арналған оқу–әдістемелік нұсқау хатының негізгі талаптарына сәйкес жазылған. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудағы үш негізгі бағытты жүзеге асыруға бағытталған жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылардың түсіну, интерпретациялау, бағалау және салыстыру дағдыларын жетілдіруді қарастырады.


5 – сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша әзірленген жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы білім алушылардың қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сондай-ақ сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын ұрпақ тәрбиелеуге негізделеді, әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу жасауға мүмкіндік береді. Ойын еркін ауызша жеткізуде және жаза білуде қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, оқушылар көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қарулана отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білуге дағдыланады, ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, бағалай білуге үйренеді, өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын талдай отырып, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет