5-зертханалық жұмыс.
Жартылай ыдырау периодын анықтау
Жұмыстың мақсаты: графикалық тәсіл арқылы жартылай ыдырау
периодын анықтау.
Құрал-жабдықтар: “сосна” (Анри-01-02) дозиметрі, сүзгі, фен.
Жұмыстың теориясы. Қысқамерзімді өмір суретін радиоактивті изотоптың жартылай ыдырау периодын ыдырау қисығының көмегімен анықтайды. Оны алу үшін радиоактивті препаратты кюветаға салып, оның үстіне дозиметрді қояды. Құралдың таймері арқылы белгілі бір уақыт аралықтарында дозиметрдің көрсетулерін жазады. Санақ жылдамдығы екі еседен артық кемігенде өлшеуді тоқтатады және ыдырау қисығын тұрғызады. Тәжірибеге қажетті жартылай ыдырау периоды қысқа радиоактивті изотоптар аз мөлшерде болса да атмосфералық ауаның құрамында болады.
Табиғи радиоактивті элемент радий кез келген топырақта, жер
қыртысының құрамында кездеседі (1 г топырақта 10-12 г болады). Сондықтан орташа алғанда 1 мин тең уақытта топырақтың әр бір граммында радийдің екі ядросы а-бөлшекті шығарып, ыдырауға ұшырайды:
→ + , радон (инертті газ) пайда болады. Ол
біртіндеп топырақта жиналып, одан соң атмосфераға шығады. -ыдыраудың нәтижесінде радон атомдарының ядролары ядролық реакция процесінде полонийдің атомдарының ядроларына түрленеді:
𝛂 𝛂 𝛃
→ → →
Уақыттың өтуіне байланысты радиоактивті ядролар саны ыдыраудың нәтижесінде мына заң бойынша кемиді: = ∙ , мұндағы
— өлшеудің бастапқы кезеңіндегі (t = 0) радиоактивті ядролар саны;
— t уақыт мезетіндегі ыдырамаған радиоактивті ядролар саны;
Т — жартылай ыдырау периоды.
Бұл радиоактивті изотоптардың жартылай ыдырау периоды қысқа
болады. Жартылай ыдырау периодын анықтау үшін сүзгі дайындайды
(үлдірекпен оралған жұқа мақта қабаты), оның өлшемі дозиметрдің
кюветіне сәйкес болғаны жөн.
Жұмыс барысы:
1. Дозиметрдегі айырып қосқышты “т” жағдайына келтіріңдер, “қосу” тетігін басыңдар. 10 мин кейін “тоқта” тетігін басыңдар. Дисплейден (фон импульстерінің саны) көрсетуін жазып алыңдар және қондырғының фонын = анықтаңдар.
2. Қыздырғышы өшірілген феннің ауа кіретін қуысына қолдан жасалынған сүзгі орнатып, оны дөңгелек резеңкемен бекітіңдер. Фенді қосыңдар және 5 мин бойы ауаны үрлеңдер.
3. Феннен сүзгіні алып, кюветаға орналастырыңдар. Артқы қақпағы
ашылған дозиметрді кюветаға қойыңдар және құралдың көрсетулерін
әрбір 3 минут сайын жазыңдар. Өлшеу мен есептеу нәтижелерін 3-кес-
теге толтырыңдар.
3-кесте
Уақыт t,мин
|
0
|
3
|
6
|
9
|
12
|
Импульстер саны,
|
|
|
|
|
|
Санақ жылдамдығы,
=
|
|
|
|
|
|
4. Өлшеулердің нәтижесі бойынша ыдырау қисығын тұрғызың-
дар. Горизонталь ось бойынша уақытты, ал вертикаль оське санақ
жылдамдығын (фонның мәнін алып тастау керек) салыңдар. Изотоптың
активтілігі екі есе кемитін туақытты ыдырау қисығы бойынша
анықтаңдар.
5. Жазбаша түрде қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |