№58 қазан педагог



Pdf көрінісі
бет29/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
мамырова пед

Баспалдақ 
Оқушылар баспалдақтың баспаларына оқу материалын қаншалықты меңгергенін белгілейді: төменгі 
саты-түсінбедім, ортаңғы саты- кішкене көмек пен түзету қажет, жоғарғы саты- жақсы меңгердім
өздігімнен орындай аламын. 
«Ғажайып сызғыш», «Блоб ағашы», «Температураны өлшеу», «Смайликтер» т.б
әдістер арқылы да 
оқушы өзін-өзі бағалай алады. 
Бағалау барысында баланы мақтап, мадақтап, көтермелеп отырудың маңызы зор. Өйткені бала 
қашанда мақтағанды қалап , сол мақтағанға лайық болуға тырысады. Мадақтау ықпалы оқушының 
ұнамды көңіл күйін тудырап, өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі. 
Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды үнемі 
назарда ұстаймын. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің 
жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау. 
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-
біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға 
мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, 
нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға 
бағытталады» 
Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға 
береді. Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің 
қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн. Яғни әр оқушы өзіне сын көзбен қарай 
бастайды. 
Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді. Оқушыны төмендегі жолмен өзін өзі бағалауға 
үйретемін: 
-Бұны білемін, ол қолымнан келеді. 
-Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. 
-Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: 
-егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет 
болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен мұғалім жанына өз бағасын 
қояды. Бұл-оқушы және мұғалімнің қойған бағалау көрсеткіші. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе 
оқушыларды өзін-өзі, өзара, топтық өзара бағалау әдістерін жүйелі қолдануды мақсат етемін. Өйткені 
оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды 
үйренеді. 
Қазіргі нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі білім беру сапасына ерекше мән береді. Өз кезегінде
білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлерін жасауды 
талап етеді. 
Бағалаудағы ерекше тәсіл-критерий арқылы бағалау болып табылады. Бұл бағалау барысында 
оқу үдерісі оқушылар өзін-өзі, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, өзінің әрекеттері мен 
мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасалатындай етіп ұйымдастырылады. 
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: 
*алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; 
*анық, айқындылығы; 
*бағаның әділдігі; 
*өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі 
Критерий арқылы бағалау: 
Мұғалімдерге: 
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге; 
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға; 
3. Білім беру сапасын арттыруға; 
4. Оқытудың сапасын жақсартуға; 
5.Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын 
құруға; 
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; 
35


7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді 
Оқушыларға: 
1.Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін 
қолдануға; 
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге; 
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға; 
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын 
тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді. 
Ата- аналарға: 
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы обьективті дәлелдер алуға; 
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға; 
3. Оқу үрдісінде оқушыға қолдау көрсетуге; 
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға; 
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді. 
Критерий арқылы бағалаудың артықшылықтары : 
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады; 
- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады; 
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- 
зерделенген материал бойынша ғана қойылады. 
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін 
оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі. 
- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады. 
Бағалау шынайы және барлығына көрінетіндей болуы үшін сабаққа негізделген бағалау критерийлерін 
құра бастадым. Ол критерий сабақты жақсы меңгергендігі, берілген тапсырмаларды орындауы сияқты 
меңгеру қажеттіліктеріне негізделеді. Оқушылар критериилерге сүйене отырып өздерін де өзгені де 
шынайы бағалауға тырысып жатады. 
Бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан 
тұратындығын көрсетті: 
1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету. 
2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы. 
3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту. 
4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін 
мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді. 
5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын 
түсіну қажеттілігі. /«Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012ж, ІІІ басылым, бет 60/ 
Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты-білім сапасын арттыру болып табылады. 
Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл 
– оқушының білімге деген ынтасының артуына, білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Бағалауға 
деген көзқарасымызды өзгертіп, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп біз 
оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттай аламыз. Менің аз уақыт 
тәжірибемде сыныптағы білім сапасының өткен тоқсанға қарағанда аз да болса көтерілгендігі. Белгілі 
ғалым А. Байтұрсынұлы айтқандай «Шеберліктің белгісі- әртүрлі әдісті біліп, сабақта орынды қолдана 
білу». Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге 
болады. 
Сөз соңында, қорыта айтарым, «Еңбексіз талант -тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің 
дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы 
борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімізді қосуға ат салысайық 
дегім келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет